ФЕРРО ВИТАЛЕ 20 мг/мл 5 мл №5 амп

9:00-ден кейін қолжетімді
10850 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Сахарат оксида железа
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Gland Pharma Limited
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл препараттың құрамында белсенді зат – темір сахарозасы 20.0 мг темірге (ІІІ) баламалы; қосымша заттар: натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Ферро Витале препараты келесі жағдайларда темір тапшылығы анемиясын емдеу үшін қолданылады: - гемодиализде, диализ алдында немесе перитонеалды диализдегі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде анемияны емдеу үшін, темірді пероральді препараттармен емдеу жеткіліксіз болғанда немесе көтерімділігі жақсы болмаған кезде; - операция алдындағы жадайларда: аутологиялық қан донорлығы бағдарламасына қосылған пациенттерде эритропоэтинмен үйлесімде, оларда орташа анемия (Hb 9-дан 11 г /100 мл-ге дейін) және ферритиннің бастапқы деңгейі 150 мкг/л-ден аз болған жағдайда; - жуырдағы операциядан кейінгі кезеңде жедел анемияны емдеу үшін пероральді тамақтануды қабылдай алмайтын пациенттерде; - ішектің ауыр созылмалы қабыну ауруларымен байланысты темір тапшылығы гипосидеремиялық анемиясын (Hb < 10,5 г/100 мл) емдеу үшін, егер пероральді емдеу жарамсыз жағдайларда. Көрсетілімдер тиісті тесттермен расталған жағдайда ғана Ферро Витале тағайындалу керек.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші заттарға немесе «құрамы» бөлімінде берілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық темірдің басқа парентералды препараттарына белгілі күрделі аса жоғары сезімталдық реакциялары темір тапшылығымен байланысты емес анемия темірдің артық жүктемесінің симптомдары немесе темірдің сіңуінің тұқым қуалаған бұзылулары (мысалы, гемохроматоз, гемосидероз) декомпенсацияланған бауыр циррозы және гепатит
Дозасы
Ферро Витале препаратын әрбір қолдану кезінде және қолданудан кейін пациенттерде жоғары сезімталдық реакциясының симптомдары мен белгілерінің пайда болуын мұқият бақылау қажет. Анафилаксиялық реакцияларда баға беруге Ферро Витале препаратын реанимацияға арналған барлық заттары мен құрал-жабдықтары бар медициналық орталық жағдайында және жәрдем көрсетуге машықтанған медицина қызметкерінің қатысуымен ғана қолдану қажет. Ферро Витале препаратын әрбір енгізуден кейін ең кемінде 30 минут ішінде пациенттің жағдайын, кез келген жағымсыз әсерлердің пайда болуы тұрғысында, мұқият бақылау қажет Ересектердегі бір инъекцияға арналған дозалау 300 мг-дан аспауы тиіс. Жалпы енгізілетін доза мен инъекцияның жиілігі дене салмағына, гемоглобин деңгейіне, ферритиннің базалық деңгейіне және темірдің күтілетін жоғалуына байланысты. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі - темір қорының жеткіліксіз толтырылуының биологиялық белгілері байқалғаннан кейін (ферритинемия <100 мкг/л, трансферриннің қанығуы <20%) және темірдің пероральді тұзы жеткіліксіз немесе жағымдылығы нашар болуында; -  эритропоэтинмен ем жағдайында, оңтайлы эритропоэздық жауапты қамтамасыз ету үшін темір қорының жеткіліксіздігінде (ферритинемия < 200 мкг/л, трансферриннің қанығуы < 25%), ал темірдің пероральді тұзы жеткіліксіз немесе жағымдылығы нашар болуында; - ұсынылатын индукциялық доза аптасына 2–ден 4 мг дейінгі темір/кг құрайды, яғни 5-тен 10 мл дейінгі Ферро Витале (100 бастап 200 мг дейінгі) тапшылықтың орны толуы дәрежесіне қарай төрт-он екі апта бойына. - күніне 2-ден 5 мг-ға дейінді құрайтын темірдің жоғалуын өтеу үшін демеуші ем ретінде айына бір немесе екі рет 2 мг темір/кг дозасын енгізуге болады. - темір қорының эволюциясын ферритинемия мен трансферриннің қанығу жылдамдығын өлшеу арқылы үнемі бақылау қажет. Дозаны есептеу Темірдің жалпы тапшылығына (мг) баламалы Ферро Витале препаратының жалпы жиынтық дозасы гемоглобин деңгейінің (Hb) және дене салмағының (ДС) негізінде анықталады. Ферро Витале препаратының дозасын, төменде берілген Ганзони формуласы бойынша есептелген темірдің жалпы тапшылығына сәйкес, әрбір пациент үшін жекелей есептеу керек, мысалы: Темірдің жалпы тапшылығы [мг] = дене салмағы [кг] × (Hb нысаналы деңгейі – Hb нақты деңгейі) [г/л] х 2.4* + депонирленген темір [мг] Дене салмағы 35 кг-ден азырақ: Hb нысаналы деңгейі = 13 г/дл, жинақталған темір мөлшері = 15 мг/кг дене салмағына Дене салмағы 35 кг және одан көбірек: Hb нысаналы деңгейі = 15 г/дл, жинақталған темір мөлшері = 500 мг * Коэффициент 2.4 = 0.0034 (Hb-дегі темір мөлшері = 0.34%) × 0.07 (қан көлемі = дене салмағының 7%-ы) × 1000 ([г]-ден [мг]-ге ауысу) × 10 Ферро Витале препаратының жалпы мөлшері, енгізілуі керек (мл) = Темірдің жалпы тапшылығы [мг] 20 мг темір/мл Эритропоэтинмен операция алдындағы аутологиялық қан донорлығы бағдарламасы - Темір қоспалары темірдің күтілетін жоғалуын өтеу үшін темір қоры жеткіліксіз болған жағдайда ғана көрсетіледі: сарысудағы ферритин < 150 мкг/л. - Эритропоэзге қажетті уақытты есептеу үшін темір препараттарымен емдеуді алғашқы қан алу алдында екі аптадан кешіктірмей бастаған жөн. - Ұсынылатын дозасы бес апта бойына аптасына 2-ден 3 мг/кг дейінді (ересектер үшін 200 мг) құрайды. Ең жоғары жиынтық доза15 мг/кг аспауы тиіс. Аутологиялық қан донорлығындағы демеуші дозаның есебі Темір тапшылығының орнын толтыруға қажетті Ферро Витале дозасын келесі формула бойынша есептеуге болады. Егер жоғалған қанның мөлшері белгілі болса: 200 мг темір енгізу (10 мл Ферро Витале) гемоглобиннің қанның бір бірлігін енгізуге баламалы артуына әкелуі тиіс (400 мл - Hb = 15 г/дл). Алмастыру үшін темір мөлшері [мг] = жоғалған қан мөлшерінің бірлігі × 200 мг немесе Ферро Витале қажетінің мөлшері [мл] = жоғалған қан мөлшерінің бірлігі × 10 мл Егер Hb деңгейі қажетті деңгейден төмен болса: формула темір қоры қалпына келтіруді қажет етпейді деп болжайды. Алмастыру үшін темір мөлшері [мг] = дене салмағы [кг] × 2,4 × (гемоглобиннің нысаналы деңгейі – гемоглобиннің қазіргі деңгейі) [г/дл]. Мысалы: дене салмағы үшін = 60 кг және гемоглобин тапшылығы 1 г/дл:  150 мг темір алмастыру үшін  7,5 мл Ферро Витале талап етіледі Пероральді тамақтану мүмкіндігі жоқ пациенттерде жуырдағы операциядан кейінгі кезеңдегі жедел анемия Гемоглобин деңгейі қатер шегінен төмен түскенде (қауіп тобындағы субъектілерде 9-10 г/дл, қалыпты субъектілерде 7-8 г/дл) инъекциялық түрде темір қосуды қарастыруға болады. Ересектерге ұсынылатын доза, әдетте, әр инъекция арасында 48 сағаттық аралықты сақтай отырып, аптасына 1-3 рет бір инъекцияға 100-ден 200 мг-ға дейін болады. Балаларда бұл әр инъекция арасындағы 48 сағаттық аралықты сақтай отырып, аптасына 1-3 рет бір инъекцияға 3 мг/кг дене салмағын құрайды. Енгізілетін доза келесі формула бойынша есептелген жалпы дозадан аспауы тиіс: Темірдің жалпы тапшылығы (мг) = дене салмағы (кг) x (гемоглобиннің нысаналы деңгейі – гемоглобиннің ағымдағы деңгейі) (г/100 мл) x 2,4. Ішектің созылмалы қабыну ауруларына байланысты анемия Ферро Витале қабылдауды гемоглобин деңгейі 10,5 г/100 мл-ден төмен түскенде қарастыруға болады. Ересектерге ұсынылатын доза, әдетте, әр инъекция арасында 48 сағаттық аралықты сақтай отырып, аптасына 1-3 рет инъекцияға 100-ден 200 мг-ға дейін болады. Жалпы қажетті дозаның есебі Жалпы темір тапшылығына (мг) баламалы жалпы жинақталған Ферро Витале дозасы гемоглобин деңгейімен (Hb) және дене салмағына (ДС) қарай анықталады. Ферро Витале дозасын төменде келтірілген Ганзони формуласы бойынша есептелген темірдің жалпы тапшылығына негіздеп әр пациент үшін жеке есептеу керек, мысалы: Темірдің жалпы тапшылығы [мг] = дене салмағы [кг] × (нысаналы деңгейі Hb – нақты деңгейі Hb) [г/дл] х 2.4* + жинақталған темір [мг] Дене салмағы 35 кг-ден аз болғанда: Нысаналы деңгей Hb = 13 г/дл, жинақталған темір мөлшері = 15 мг/кг дене салмағына Дене салмағы 35 кг және одан астам болғанда: Нысаналы деңгей Hb = 14 г/дл, жинақталған темір мөлшері = 500 мг * Коэффициент 2.4 = 0.0034 (темір мөлшері Hb = 0.34%) × 0.07 (қан көлемі =дене салмағына қарай 7%) × 1000 ( [г] -ден [мг]-ге ауысу) × 10 Енгізілуі керек Ферро Витале препаратының жалпы мөлшері = (мл) енгізу Темірдің жалпы тапшылығы[мг] 20 мг темір/мл

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.