+212 бонус

ФЕРРЕТАБ КОМП №30 капс

4250 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Железа фумарат в комбинации с фолиевой кислотой
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Австрия
  • Өндіруші: G.L. Pharma GmbH
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір капсуланың құрамында темір фумаратымен 3 мини-таблетка және фолий қышқылымен 1 мини-таблетка бар. Бір капсуланың құрамы: белсенді заттар: 152,1 мг темір фумараты 50,0 мг (II) темірге баламалы; 0,54 мг фолий қышқылының гидраты (0,50 мг сусыз затқа шаққанда). Темір фумараты бар бір мини-таблетканың құрамы: белсенді зат – 54,52 мг темір фумараты (100 % затқа шаққанда 50,70 мг), қосымша заттар: лактоза моногидраты, полиакрилат дисперсиясы 30 %, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты. Фолий қышқылы бар бір мини-таблетканың құрамы: белсенді зат – 0,54 мг фолий қышқылының  гидраты  (0,50 мг сусыз затқа шаққанда), қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты. Капсула қабығының құрамы: азорубин (Е122), хинолинді сары (Е104), титанның қостотығы (Е171), желатин.
Қолданылуы
Фолий қышқылының тапшылығымен жасырын темір тапшылығын және темір тапшылығы анемиясын, атап айтқанда, жүктілік кезінде емдеу.
Қарсы көрсетілімдер
Әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық. Темір жиналуының клиникалық көріністері: гемохроматоз, гемосидероз, созылмалы гемолиз. Темір жойылуының бұзылулары: сидероахрестикалық анемия, талассемия, қорғасынмен уланудан болатын анемия. Гемоглобинопатия, гемолиздік анемия, аплазиялық анемия, қатерлі анемия, темір немесе фолий қышқылы тапшылығымен байланыссыз анемия. Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар. Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер. Сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, лактаза жеткіліксіздігі немесе мальабсорбция кінәраттары бар пациенттер.
Дозасы
Дозалану режимі 18 жастан бастап ересектер. Фолий қышқылының тапшылығымен темір тапшылығы анемиясының жеңіл түрін және жасырын темір тапшылығын емдеу үшін немесе темір тапшылығының және фолий қышқылы тапшылығының профилактикасы үшін: тәулігіне бір капсула. Темір тапшылығының ауыр түрін және фолий қышқылының тапшылығы емдеу үшін: тәулігіне 2-3 рет бір капсула. Жүктілік кезінде ең жоғары ұсынылатын доза тәулігіне 2 капсуланы құрайды. Ұзақ мерзімді емдеу үшін өте жоғары дозасын тағайындауға болмайды. Енгізу әдісі мен жолы Капсуланы ас ішуден шамамен 30 минут бұрын жеткілікті су мөлшерімен іше отырып, тұтастай жұту керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.