+224 бонус

ФЕРЛАТУМ ФОЛ 800 мг/15 мл №10 фл Железо 3

4495 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Железа протеин сукцинилат
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Испания
  • Өндіруші: Италфармако С.А.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
15 мл бір дозалы 1 құтының ішінде: белсенді заттар: 800 мг темір протеинсукцинилаты (40 мг Fe3+ баламалы), кальций фолинатының гидраты 0,235 мг (0,185 мг фолин қышқылына баламалы) қосымша заттар: сорбитол (E420), пропиленгликоль (Е-1520), натрий метилпарагидроксибензоаты (Е-219), натрий пропилпарагидроксибензоаты (Е-217), қарабүлдірген хош иістендіргіші (құрамында пропиленгликоль бар), натрий сахарині, натрий гидроксиді және тазартылған су. Резервуар қақпағында: маннитол (Е-421).
Қолданылуы
Темір мен фолат тапшылығы жағдайының профилактикасы және емі: - гипохромды немесе нормохромды анемия - темірдің жеткіліксіз түсуінен немесе тұтынылуынан, сондай-ақ фолаттардың жеткіліксіз түсуінен немесе синтезделуінен туындаған макроциттік немесе балалар мегалобластты анемияның кейбір түрлері; - жүктілік, босанғаннан кейінгі кезең немесе бала емізу кезіндегі анемия.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші заттарға немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - гемосидероз, гемохроматоз, - аплазиялық, гемолиздік немесе сидеробластты (темір утилизациясы бұзылған) анемия - В12 дәрумені тапшылығынан туындаған мегалобластты анемия (егер дәруменмен біріктіріп тағайындалмаса), - созылмалы панкреатит, - гемохроматозға байланысты бауыр циррозы.
Дозасы
Ересектер: дәрігердің ұсыныстарына сәйкес күніне 1-2 құты (40-80 мгFe3+ немесе 0,235-0,470 мг кальций фолинатының гидратына сәйкес келеді), екі рет қабылданады, дұрысы тамақтанар алдында. Балалар: күніне 1,5 мл/кг (күніне 4 мг/кг-ға Fe3+ баламалы) екі рет қабылданады, егер дәрігер басқаша тағайындамаса, дұрысы тамақтанар алдында пайдаланған жөн Енгізу әдісі мен жолы Бір реттік құтының ішіндегісін тікелей құтыдан қабылдауға немесе газдалмаған сумен сұйылтуға болады. Контейнерді ашу үшін қақпақты шешіп алу керек. Ұнтақ ерітіндіге түспегенге дейін резервуар қақпақты басып тұру керек. Ерітіндіні толық ерігенге дейін шайқау керек. Резервуардың қақпақты ашып, ерітіндіні тікелей бір дозалы контейнерден ішу немесе сумен сұйылту керек . Дайындағаннан кейін ерітіндіні 24 сағат ішінде қабылдау керек. Емдеу ұзақтығы Емдеу курсын организмдегі темір қалыпты деңгейге келгенге дейін жалғастыру керек (әдетте екі-үш ай).

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.