+212 бонус

ФЕНОТЕРИКС 100мкг/доза аэрозоль для ингаляций 200 доз

9:00-ден кейін қолжетімді
4250 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Фенотерол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір ингаляциялық дозаның құрамында белсенді зат - 100 мкг фенотерол гидробромиді (микрондалған) қосымша заттар: сусыз лимон қышқылы, сусыз этанол, тазартылған су, гидрофторалкан (HFA) 134a.
Қолданылуы
– бронх демікпеcінің  жедел ұстамаларын симптоматикалық емдеу – дене жүктемесінен болатын бронх демікпесі ұстамаларының профилактикасы – аллергиялық және аллергиялық емес бронх демікпеcін және/немесе тыныс жолдарының қайтымды обструкциясымен қатар жүретін басқа ауруларды, мысалы, өкпе эмфиземасымен немесе онсыз созылмалы обструкциялық бронхитті симптоматикалық емдеу Ескертпе Ұзақ уақыт емдеу қажет болса, қабынуға қарсы қатарлас ем тағайындау керек.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - гипертрофиялық обструкциялық кардиомиопатия - тахиаритмия
Дозасы
Препаратты дозалау режимі аурудың түріне және ауырлығына байланысты. Егер басқаша көрсетілмесе, ересектер мен 6 жастан үлкен балалар үшін дәрілік затты дозалаудың келесі режимдері ұсынылады: • Бронх тегіс бұлшықеттерінің кенеттен туындаған түйілуін және ентігу ұстамасын басу үшін препараттың бір реттік ингаляциясын (100 мкг фенотерол гидробромиді) жасауға кеңес беріледі. Әдетте, жедел ентігу ұстамасында дем алуды тез жеңілдету үшін бір ингаляция жеткілікті. Бірінші ингаляциядан кейін 5 минут ішінде жай-күйдің елеулі жақсаруы болмаса, екінші ингаляцияны жасауға болады. Егер екінші ингаляциядан кейін ауыр ентігу ұстамасы басылмаса, қосымша ингаляциялар жасау қажеттілігі туындауы мүмкін. Осындай жағдайларда пациенттер кідіріссіз медициналық жәрдемге жүгінуі тиіс. • β2-симпатомиметиктермен ұзақ уақыт емдеу қажеттілігі туындаған жағдайларда препараттың ұсынылған дозасы тәулігіне 3-4 рет 1-2 ингаляция құрайды. Ингаляция жасау уақыты және препарат дозасы ентігу жиілігі мен ауырлығына сәйкес әркімге жеке таңдалуы дұрыс (симптомдық-бағдарлы ем). Атап айтқанда, бронх демікпесінде осылай емдеу қабынуға қарсы ұзаққа созылатын еммен қатар жүруі тиіс. Ингаляциялар арасындағы үзіліс 3 сағаттан кем болмауы тиіс. Препараттың жалпы тәуліктік дозасы 8 ингаляциядан аспауы тиіс, ал ең жоғары бір реттік доза 4 ингаляциядан аспауы тиіс, өйткені препаратты жоғарырақ дозаларда пайдаланғанда, әдетте, қосымша емдік әсері білінбейді, алайда, ауыр жағымсыз реакциялар дамуы мүмкін. • Дене жүктемесінен болатын бронх демікпесі ұстамаларының мақсатты профилактикасы үшін немесе аллергенмен болжамды жанасу кезінде көзделген дене жүктемесінен/аллергенмен жанасудан 10-15 минут бұрын 1-2 ингаляция жасауға кеңес беріледі. Балалар жасындағы пациенттер Егер басқаша көзделмесе, 4-6 жас аралығындағы балалар үшін дәрілік затты дозалаудың келесі режимдері ұсынылады: • Бронх тегіс бұлшықеттерінің кенеттен туындаған түйілуін және ентігу ұстамасын басу үшін препараттың бір реттік (100 мкг фенотерол гидробромиді) ингаляциясын жасауға кеңес беріледі. • Ұзақ емдеу қажеттілігі туындайтын жағдайларда немесе ұстамалар профилактикасында препараттың ұсынылған дозасы тәулігіне 4 рет 1 ингаляция (100 мкг фенотерол гидробромиді) құрайды. Ингаляция жасау уақыты және препарат дозасы ентігу жиілігі мен ауырлығына сәйкес әркімге жеке таңдалуы дұрыс (симптомдық-бағдарлы ем). Атап айтқанда, бронх демікпесінде осылай емдеу қабынуға қарсы ұзаққа созылатын еммен қатар жүруі тиіс. Ингаляциялар арасындағы үзіліс 3 сағаттан кем болмауы тиіс. Препараттың жалпы тәуліктік дозасы 4 ингаляциядан аспауы тиіс, ал ең жоғары бір реттік доза 2 ингаляциядан аспауы тиіс, өйткені препаратты жоғарырақ дозаларда пайдаланғанда, әдетте, қосымша емдік әсері білінбейді, алайда, ауыр жағымсыз реакциялар дамуы мүмкін. • Дене жүктемесінен болатын бронх демікпесі ұстамаларының мақсатты профилактикасы үшін немесе аллергенмен болжамды жанасу кезінде көзделген дене жүктемесінен/аллергенмен жанасудан 10-15 минут бұрын 1-2 ингаляция (100 мкг фенотерол гидробромиді) жасауға кеңес беріледі. Препарат 4 жасқа толмаған балаларда пайдалануға сай келмейді. Препаратпен емге қатысты айрықша нұсқаулар Бронх демікпесін емдеуді, аурудың ауырлық дәрежесіне қарай, сатылы жүргізу қажет. Жүйелі медициналық тексерулер өткізу кезінде емге берілетін жауапты бақылап отыру керек. Пациент үшін β2-симпатомиметик, оның ішінде Фенотерикс дозасын дәрігермен кеңесусіз өз бетінше арттыру өміріне қауіпті болуы мүмкін. Дәрігердің ауру ағымын, сондай-ақ тағайындалған бронходилатилатациялық және қабынуға қарсы емнің тиімділігін бағалауы үшін пациентке дәрігер нұсқауларына сәйкес өзінің жай-күйін күнделікті өз бетінше бақылау маңызды. Оны пикфлоуметр көмегімен жеделдетілген дем шығару көлемін анықтай отырып, жүргізуге болады. Енгізу әдісі және жолы Препараттың дұрыс қолданылмауына жол бермеу үшін пациентке ингаляторды дұрыс пайдалану туралы толық нұсқау берілуі тиіс. Ингаляторды пайдалану қағидалары Ингаляторды дұрыс пайдаланудың тиімді емделу үшін шешуші маңызы бар. Ингаляция жасалғанда пациент денесінің қандай қалыпта болғанына қарамастан, ішке дем алғанда баллон түбі жоғары қарай тігінен, ал мүштік төмен бағытталған болуы тиіс. Ингаляторды отырған немесе тұрған күйде пайдалануға кеңес беріледі. Препаратты алғаш қолданар алдында баллон түбіне екі рет басыңыз. Препаратты әр жолы қолданғанда келесі әрекеттерді орындау қажет: 1. Қорғағыш қалпақшасын шешіңіз (1 сурет). 2. Терең дем шығарыңыз. 3. Баллонды ұстап тұрып, 2 суретте көрсетілгендей, мүштікті ерінмен тығыз көмкеріңіз. Осы орайда, баллон түбі жоғары қарай тік бағытталуы тиіс. 4. Бір ингаляция жасау үшін терең дем алыңыз және бір мезгілде баллон түбін күш салып басыңыз. Бірнеше секунд деміңізді іркіңіз, артынан мүштікті ауыздан шығарыңыз және баяу дем шығарыңыз. Егер айқын тыныс алу жеткіліксіздігі салдарынан терең дем алуға мүмкіндік болмаса, тыныс алуды жеңілдету мақсатында және келесі жолы препаратты дұрыс пайдалану мүмкін болу үшін ауыз қуысына алдын ала ингаляция жасауға болады. Егер екінші ингаляция жасау қажеттілігі туындаса, 2-4 әрекетті қайталаңыз. 5. Ингаляторды пайдаланудан кейін қорғағыш қалпақшасын қайта кигізіңіз. Фенотерикс дайындалу («өкпені ашу») және кортикостероидтар, тұз ерітіндісі және кромоглиций қышқылының динатрий тұзы аэрозольдарымен демеуші ем жүргізу үшін алдын ала пайдаланылу керек. Емдеу ұзақтығы аурудың түріне, ауырлығына және ағымына байланысты және оны емдеуші дәрігер әр жағдайда әркімге жеке белгілейді. Егер ингалятор 3 күннен артық пайдаланылмаса, препаратты келесі қолданар алдында баллон түбіне бір рет басу қажет. Мүштікті аптасына бір реттен сиретпей тазалау керек. Дәрілік зат жинақталып қалмау және аэрозоль үшін кедергі туындамау үшін мүштіктің таза болуы маңызды. Тазалау үшін алдымен қорғағыш қалпақшасын шешіп, баллонды мүштіктен ажырату, ал артынан дәрілік зат және/немесе ластанудың көрініп тұрған қалдықтары әбден кеткенше мүштікті жылы сумен жуып-шаю керек (3 сурет). Тазалаудан кейін мүштікті сілкіңіз және оның жылыту жүйелерін пайдаланусыз құрғатылуына жағдай жасаңыз. Құрғатылған соң мүштік баллонмен жалғанады және қорғағыш қалпақшасы кигізіледі (4 сурет). Мүштік Фенотериксті пайдалану үшін арнайы жасалған. Мүштікті ингаляцияларға арналған басқа дозаланған аэрозольдермен пайдаланбаңыз. Фенотериксті тек жиынтыққа кіретін мүштікпен ғана пайдалану қажет. Ингаляцияға арналған ерітінді қысымдағы баллонда болады, сондықтан да оны күш салып ашуға болмайды. Дәрілік заты бар баллон мөлдір емес, сондықтан оның қашан бос болатынын айту мүмкін болмайды. Баллон 200 ингаляциялық дозаға есептелген. Тіпті бүкіл дозасын пайдаланудан кейін де баллон ішінде әлі біршама сұйықтық мөлшері болуы мүмкін. Алайда, бұл жағдайда пациент препараттың қажетті мөлшерін ала алмауы мүмкін екендіктен, ингалятор ауыстырылуы тиіс. Баллонда қалған препараттың жуық мөлшерін келесі үлгіде тексеруге болады: баллонды мүштіктен шығарып алыңыз және оны суы бар ыдысқа салыңыз. Препарат мөлшері баллонның суы бар ыдыста орналасуына қарай айқындалады (5 сурет). 3/4- толтырылған 3/4- толтырылған Суреттегі сөздер: пустой – бос; наполненный на – (сан) бөлігіне толтырылған Баллонның суы бар ыдыстағы қалпы қалған препарат мөлшерін шамамен көрсетеді.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.