+129 бонус

ФЕНИСТИЛ НЬЮ 1 мг/мл капли дл/приема внутрь 20 мл

2590 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Диметинден
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Швейцария
  • Өндіруші: Haleon CH SARL
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл препараттың құрамында белсенді зат - 1 мг диметинден малеаты, қосымша заттар: динатрий фосфат додекагидраты, лимон қышқылының моногидраты, бензой қышқылы, динатрий эдетаты, натрий сахарині, пропиленгликоль, тазартылған су.
Қолданылуы
- маусымдық (пішен қызбасы) және жыл бойғы аллергиялық ринитте - тағамдық және дәрілік аллергияда - шығу тегі әр түрлі тері қышынуында (экзема, қышытатын дерматоздарда, желшешек, есекжем), холестазбен байланысты қышынуды қоспағанда - жәндіктер шаққанда -десенсибилизациялайтын емде аллергиялық реакциялардың профилактикасында
Қарсы көрсетілімдер
- диметинденге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - 1 айға дейінгі нәрестелерге, әсіресе шала туылғандарға
Дозасы
Ересектер (егде жастағыларды қосқанда) және 12 жастағы және одан асқан балаларға: күніне 3 рет 20-40 тамшы. Тәуліктік доза 3-6 мг құрайды, 3 қабылдауға бөлінген. 1 айдан 12 жасқа дейінгі балалар: тәулігіне дене салмағының әр кг шаққанда 3 дозаға бөлінген 0,1 мг-ден (2 тамшы). Жасы/салмағы Бір реттік доза (мг) Бір реттік доза (тамшыда) 1-12 ай (4,5-15 кг) күніне 3 рет 0,15-0,5 мг күніне 3 рет 3-10 тамшы 1-3 жас (15-22,5 кг) күніне 3 рет 0,5-0,75 мг күніне 3 рет 10-15 тамшы 3-12 жас (22,5-30 кг) күніне 3 рет 0,75-1 мг күніне 3 рет 15-20 тамшы 1 мл құрамында 20 тамшы (1 мг диметинден малеаты) бар 1 тамшы – 0,05 мг диметинден малеаты Енгізу әдісі және жолы Ішке. Ұйқышылдыққа бейім пациенттерде, таңертеңгісін 20 тамшыдан және түнге қарай 40 тамшыдан қолдану ұсынылады. 1 айдан 1 жасқа дейінгі балаларда антигистаминді препараттарға арналған көрсетілімдер бойынша дәрігердің тағайындауы бойынша қолдану керек. Ұсынылған дозадан арттыруға болмайды. Фенистил Нью тамшысын қолданғанда 1 жасқа дейінгі балаларда абай болу керек: седативті әсер ұйықтаған кезде апноэ эпизодтарымен қатар жүруі мүмкін. Фенистил Нью препаратын қыздыруға болмайды. Препаратты баланы тамақтандыру алдында бөтелкеге (ыстық емес сусынға) қосып немесе балаға сұйытылмаған түрде қасықпен беруге болады. Дәрігердің кеңесінсіз 14 күннен артық қолдануға болмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.