+308 бонус

ФЕМОСТОН 2/10 №28 таб

6160 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Дидрогестерон и эстрогены
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Нидерланды
  • Өндіруші: Abbott Biologicals B.V.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Үлбірлі қабықпен қапталған кірпіш тәрізді қызыл түсті бір таблетканың құрамында белсенді зат – 2.06 мг микрондалған эстрадиол гемигидраты (2.00 мг эстрадиолға баламалы), қосымша заттар: лактоза моногидраты, гипромеллоза (HPMC 2910), жүгері крахмалы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, қабық құрамы mix Pink I үлбірлі қабығы: гипромеллоза (HPMC 2910), тальк, титанның қостотығы (E171), макрогол 400, темірдің (III) қызыл тотығы (Е 172), темірдің (III) қара тотығы (Е 172), темірдің (III) сары тотығы (Е 172). Сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында белсенді заттар: 2.06 мг микрондалған эстрадиол гемигидраты (2.00 мг эстрадиолға баламалы), 10 мг микрондалған дидрогестерон, қосымша заттар: лактоза моногидраты, гипромеллоза (HPMC 2910), жүгері крахмалы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, қабық құрамы mix Yellow II үлбірлі қабығы: гипромеллоза (HPMC 2910), тальк, титанның қостотығы (E171), макрогол 400, темірдің (III) сары тотығы (Е172).
Қолданылуы
Фемостон® 2/10 препараты ересектерде қолдануға арналған: - менопаузадан кейінгі әйелдерде эстроген тапшылығынан туындаған бұзылыстардың гормондық орын басатын емі (ГОЕ) (соңғы етеккірден кейін кемінде 6 ай) - остеопороздың профилактикасы үшін мақұлданған дәрілік препараттарды қолданудың жақпаушылығы немесе қолдануға болмайтын жағдайлар кезінде сыну қаупі жоғары әйелдерде менопаузадан кейінгі остеопороздың профилактикасы. 65 жастан асқан әйелдерді емдеу тәжірибесі шектеулі.
Қарсы көрсетілімдер
белсенді заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық бұрын диагноз қойылған немесе күдікті сүт безінің обыры диагноз қойылған немесе күдікті эстрогенге тәуелді қатерлі ісіктер (мысалы, эндометрий обыры) диагноз қойылған немесе күдікті прогестагенге тәуелді жаңа түзілімдер менингиома немесе анамнездегі менингиома жыныс жолдарынан этиологиясы белгісіз қан кетулер бақыланбайтын эндометрий гиперплазиясы қазіргі таңдағы немесе анамнездегі веналық тромбоэмболия (терең веналар тромбозы немесе өкпе қан тамырларының тромбоэмболиясы) диагноз қойылған тромбофилиялық бұзылыстар (С протеинінің, S протеинінің немесе антитромбиннің тапшылығы) қазіргі уақытта немесе жақында белсенді болған артериялық тромбоэмболия (мысалы, стенокардия, миокард инфарктісі) бауыр тестілері қалыпқа келгенге дейін бауырдың бұрыннан бар жедел немесе созылмалы белсенді аурулары (немесе анамнезінде) порфирия анықталған немесе болжанған жүктілік және бала емізу кезеңі 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
Эстроген үздіксіз қабылдау үшін дозаланған. Прогестаген бірізді қолдану үшін әрбір 28 күндік циклдың соңғы 14 күнінде қосылады. Менопауза симптомдарын емдеу үшін емнің бас кезінде де, жалғастыру үшін де ең аз тиімді дозаны ең аз уақыт кезеңінде қолданыңыз. Емдеу циклдың алғашқы 14 күні ішінде күн сайын бір кірпіш тәрізді қызғылт түсті таблетканы қабылдаудан басталады, содан кейін 28 күнтізбелік күн ішінде қабылдауға есептелген қаптамадағы нұсқауларға сәйкес келесі 14 күн ішінде күн сайын бір сары таблетканы қабылдаумен жалғасады. Фемостон® 2/10 препаратын қаптамалардың арасында үзіліс жасамай, үздіксіз қабылдау керек. Болашақта гормондардың дозасын емдеудің клиникалық нәтижелеріне сәйкес жекелей өзгертуге болады. Егер әйел таблетканы уақытында қабылдауды ұмытып кетсе, онда оны тиісінше қабылдаған сәттен бастап 12 сағат ішінде қабылдау керек. Егер 12 сағаттан астам уақыт өтсе, онда «ұмытылған» таблетканы қабылдаудың қажеті жоқ және келесі таблетканы әдеттегі уақытта қабылдау керек. Таблетканы қабылдаудың уақытын өткізіп алу лақылдап қан кету немесе қан жағындыларының ықтималдығын арттыруы мүмкін. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдауға арналған. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Фемостон® 2/10 препараты ас қабылдауға байланыссыз, 28 күндік цикл бойы күніне 1 таблеткадан ішке қабылданады. Циклдар арасында үзіліс болмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.