+273 бонус

ФЕМОСТОН 1/5 №28 таб

5460 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Дидрогестерон и эстрогены
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Нидерланды
  • Өндіруші: Эбботт Байолоджикалз Б.В.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: 1.03 мг эстрадиол гемигидраты (1.00 мг эстрадиолға баламалы), 5 мг дидрогестерон қосымша заттар: лактоза моногидраты, гипромеллоза (HPMC 2910), жүгері крахмалы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты қабықтың құрамы: Қызғылт сары 1 (гипромеллоза (HPMC 2910), макрогол 400, титанның қостотығы Е171, темірдің (III) сары тотығы Е172, темірдің (III) қызыл тотығы Е172)
Қолданылуы
Фемостон® 1/5 препараты ересектерде қолдануға арналған: - менопаузадан кейінгі кезеңде әйелдерде эстрогендер тапшылығы симптомдарының гормондық орын басатын емі (соңғы етеккірден кейін кемінде 12 ай өткен соң) - - остеопорозды емдеуге арналған дәрілік заттарға жақпаушылығы немесе қолдануға болмайтын жағдайлар кезінде сыну қаупі жоғары менопаузадан кейінгі кезеңде әйелдерде остеопороздың алдын алу. 65 жастан асқан әйелдерді емдеу тәжірибесі шектеулі
Қарсы көрсетілімдер
белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық. бұрын диагноз қойылған немесе күдікті сүт безінің обыры диагноз қойылған немесе күдікті эстрогенге тәуелді қатерлі ісіктер (мысалы, эндометрий обыры) диагноз қойылған немесе күдікті прогестагенге тәуелді жаңа түзілімдер менингиома немесе анамнездегі менингиома жыныс жолдарынан этиологиясы белгісіз қан кетулер бақыланбайтын эндометрий гиперплазиясы қазіргі таңдағы немесе анамнездегі веналық тромбоэмболия (терең веналар тромбозы немесе өкпе қан тамырларының тромбоэмболиясы) диагноз қойылған тромбофилиялық бұзылыстар (С протеинінің, S протеинінің немесе антитромбиннің тапшылығы) қазіргі уақытта немесе жақында белсенді болған артериялық тромбоэмболия (мысалы, стенокардия, миокард инфарктісі) бауыр тестілері қалыпқа келгенге дейін бауырдың бұрыннан бар жедел немесе созылмалы белсенді аурулары (немесе анамнезінде) порфирия анықталған немесе болжанған жүктілік және бала емізу кезеңі 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
Фемостон® 1/5 препараты үздіксіз қабылдауға арналған эстроген мен прогестагеннің біріктірілімі болып табылады. Фемостон® 1/5 препараты ас қабылдауға байланыссыз, 28 күндік цикл бойы күніне 1 таблеткадан ішке қабылданады. Циклдар арасында үзіліс болмайды. Менопауза симптомдарын емдеу үшін емнің бас кезінде де, жалғастыру үшін де ең аз тиімді дозаны ең аз уақыт кезеңінде қолдану керек. Менопаузаның басталу уақытына және симптомдардың ауырлығына байланысты үздіксіз біріктірілген емдеу режимі Фемостон® 0.5/2.5 препаратынан немесе Фемостон® 1/5 препаратынан басталады. Табиғи менопаузадағы әйелдер Фемостон® 1/5 препаратымен емді соңғы табиғи етеккір қан кетуінен кейін 12 айдан ерте бастамауы керек. Хирургиялық индукцияланған менопауза кезінде емді дереу бастауға болады. Клиникалық жауапқа байланысты дозаны сәйкесінше түзетуге болады. Циклдік (немесе бірізді) қабылдау үшін басқа эстроген-прогестагенді препараттан ауысу кезінде, әйел пациенттер ағымдағы 28 күндік цикл үшін препараттарды қабылдауды аяқтауы тиіс, циклдардың арасында үзіліс жасамай, Фемостон® 1/5 препаратын қабылдауды бастау керек. Үздіксіз режимге арналған біріктірілген эстроген-прогестагенді препараттан ауысқан кезде, пациент әйелдер Фемостон® 1/5 препаратын қабылдауды кез келген күні бастай алады. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдауға арналған. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Фемостон® 1/5 препараты ас қабылдауға байланыссыз, 28 күндік цикл бойы күніне 1 таблеткадан ішке қабылданады. Циклдар арасында үзіліс болмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.