ФЕБУРИК 80мг №30 таб

9:00-ден кейін қолжетімді
5180 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Фебуксостат
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Аджанта Фарма Лимитед
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 80.00 мг фебуксостат қосымша заттар: сусыз лактоза (Супертаб 21AN), микрокристалды целлюлоза (Авицел РН 102), орын алмастыру дәрежесі төмен гидроксипропилцеллюлоза (LH-21), натрий кроскармеллозасы (Ас-Ди-Соль), коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты үлбірлі жабын: Опадри OY-IN-58910 Ақ**, 2-пропанол, тазартылған су **Опадри OY-IN-58910 Ақ: гипромеллоза, титанның қостотығы E 171, полипропиленгликоль, пропиленгликоль және натрий лаурилсульфаты
Қолданылуы
Урат кристалдарының жиналуымен қатар жүретін аурулар кезінде ересектердегі созылмалы гиперурикемияны емдеуде (соның ішінде қазіргі уақытта немесе анамнезінде тофустар және/немесе подагралық артрит болғанда).
Қарсы көрсетілімдер
- фебуксостатқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - галактозаны көтере алмаушылықпен, туа біткен лактаза жеткіліксіздігімен немесе глюкоза/галактоза сіңуінің бұзылуымен байланысты сирек тұқым қуалайтын аурулар бар пациенттер - азатоприн және меркаптопурин қабылдайтын пациенттер
Дозасы
Ішке Фебурик 80 препаратының ұсынылған дозасы ас қабылдауға байланыссыз ішке, тәулігіне 1 рет 40 мг құрайды. Егер қан сарысуындағы несеп қышқылының концентрациясы 2-4 апта емдеуден кейін 6 мг/дл (357 мкмоль/л) жоғары болса, Фебурик 80 препаратының дозасын тәулігіне 1 рет 80 мг дейін жоғарылатуға болады. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Фебурик 80 ас ішуге байланыссыз ішке қабылданады. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде препарат дозасын өзгерту талап етілмейді. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде (Чайлд-Пью шкаласы бойынша С класы) фебуксостаттың тиімділігі мен қауіпсіздігіне зерттеу жүргізілген жоқ. Бауыр функциясының жеңіл дәрежедегі бұзылуында препараттың ұсынылған дозасы 80 мг құрайды. Орташа ауырлықтағы бауыр функциясының бұзылуында препаратты қолдану тәжірибесі шектеулі. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде (креатинин клиренсі <30 мл/мин) препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігі жеткіліксіз зерттелген. Бүйрек функциясының жеңіл немесе орташа дәрежедегі бұзылуы бар пациенттерде препарат дозасын түзету талап етілмейді. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдауға арналған. Фебурик 80 препаратын тамақ ішуге қарамастан қабылдайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.