+94 бонус

ФЕБРОФИД ФОРТЕ 100 мг №20 таб

1890 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Кетопрофен
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: АО Химфарм
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 100.0 мг кетопрофен, қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, картоп крахмалы, тальк, повидон, натрий крахмал гликоляты, коллоидты кремнийдің қостотығы (аэросил), кальций стеараты қабығының құрамы: гипромеллоза (гидроксипропилметилцеллюлоза), титанның қостотығы (Е 171), триацетин, вазелин майы.
Қолданылуы
Кетопрофеннің емдік көрсетілімдері кетопрофеннің қабынуға қарсы және ауырсынуды басатын әсерімен, оған аса жоғары сезімталдық реакциясының туындау жиілігімен және осы топтың басқа препараттарымен салыстырғанда қолжетімділігімен шартталған. Препарат ересектер мен 15 жастан бастап балалардың қабылдауына арналған: Ұзақ симптоматикалық ем үшін: ревматоидты артритті, шорбуынданатын спондилитті немесе Фиссингер-Леруа-Рейтер синдромы сияқты тектес синдромдарды және псориаздық артритті қоса, ревматизмнің созылмалы қабыну ауруларында ауырсыну синдромы бар, мүгедектікке шалдықтыратын артроздарда Өршулерінің қысқа мерзімді симптоматикалық емі үшін: жауырын-иық периартриті, тендинит, бурсит сияқты абартикулярлық ревматизмдік синдромдарда микрокристалды артриттерде артроздарда бел ауыруында тірек-қимыл аппаратының жарақаттан кейінгі қатерсіз зақымдануларының радикулалгиясында
Қарсы көрсетілімдер
кетопрофенге, немесе басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға (ҚҚСП) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық анамнезде бронх түйілуі, демікпе, ринит, есекжем сияқты аса жоғары сезімталдық реакцияларының немесе кетопрофенге, ацетилсалицил қышқылына немесе қабынуға қарсы стероидты емес басқа препараттарға өзге аллергиялық реакциялардың болуы. Ондай пациенттерде сирек жағдайларда өлімге соқтыратын күрделі анафилаксиялық реакциялар байқалған. жүректің декомпенсацияланған жеткіліксіздігі; асқазан-ішек жолының өршу фазасындағы аурулары (гастрит, асқазан мен он екі елі ішектің ойықжаралы ауруы, анамнезде асқазан-ішектен қан кетудің болғаны көрсетілуі, ойықжаралардың түзілуі немесе тесілуі) асқазан-ішектен, цереброваскулярлық немесе басқа қан кетулер (немесе қан кетуге күдіктену); бауырдың ауыр жеткіліксіздігі; бүйректің ауыр жеткіліксіздігі; 24 аптадан асқан мерзімдегі жүктілік және бала емізу кезеңі; балалар мен 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер.
Дозасы
Симптомдарды жеңілдету үшін мүмкіндігінше қысқарақ уақыт кезеңі ішінде ең аз тиімді дозаны қолдану керек. Ересектер мен 15 жастан асқан жасөспірімдерге ФЕБРОФИД форте 100 мг: ересектерге тәулігіне 2 рет 1 таблеткадан тағайындайды. Ең жоғарғы тәуліктік дозасы 200 мг құрайды. Тәулігіне 200 мг кетопрофен дозасында емдеуді бастар алдында ықтимал қаупі мен пайдасының арасындағы теңгерімді мұқият талдау керек, ал одан жоғарырақ дозалар ұсынылмайды. Жағымсыз реакцияларын болдырмау үшін пациент ФЕБРОФИД фортемен бір мезгілде антацидтік дәрілерді қабылдауына болады. Ұзақ симптоматикалық емдеу: күніне 100 мг-ден 1–2 таблетка, немесе күніне 100–200 мг. Жедел криздерді қысқа мерзімді симптоматикалық емдеу: күніне 100 мг-ден 2 таблетка, немесе күніне 200 мг. Тәуліктік дозасы күніне 1–2 қабылдауға бөлінуі тиіс Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Креатинин клиренсі 20 мл/мин төмен болатын бүйректің ауыр емес жеткіліксіздігі және бауырдың созылмалы ауруы бар (қан сарысуындағы альбумин деңгейі төмендеген) пациенттерде кетопрофеннің дозасын азайту керек. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттер жағымсыз әсерлерінің күрделі салдарларының жоғары қаупіне бейім. Егер ҚҚСП-мен емдеу маңызды деп есептелсе, онда ең аз дозаларын қолданған дұрыс, және ҚҚСП қолданып емдеу басталғаннан кейін әр ретте пациент асқазан-ішектен қан кетуді анықтауға қатысты төрт апта бойы бақылауда болуы тиіс. Гиповолемиясы бар пациенттер: «Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдауға арналған. ФЕБРОФИД форте таблеткаларын тамақтану кезінде немесе тамақ ішкеннен кейін бірден, шайнамай, жеткілікті мөлшердегі сумен немесе сүтпен (кемінде 100 мл) ішіп қабылдайды. Ең аз тиімді доза симптомдарды жеңілдету үшін қажетті қысқа уақыт кезеңі ішінде қолданылуы тиіс. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығын дәрігер анықтайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.