ФЕБРОФИД 50 мг №20 капс

1710 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Кетопрофен
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: АО Химфарм
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында белсенді зат – кетопрофен (100 % затқа шаққанда) 50.000 мг, қосымша заттар: лактоза моногидраты, натрий лаурилсульфаты, коповидон (Коллидон VA-64), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, кальций стеараты желатинді капсулалардың құрамы: желатин, натрий лаурилсульфаты, макрогол 6000, мұзды сірке қышқылы, титанның қостотығы (Е 171) Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Ақ түсті қатты желатинді № 2 капсулалар. Капсулалардың ішіндегісі – ақ немесе ақ дерлік түсті ұнтақ.
Қолданылуы
Кетопрофеннің емдік қолданылуы кетопрофеннің қабынуға қарсы және аналгезиялық әсеріне, оған болатын аса жоғары сезімталдық реакциясының жиілігіне және осы топтың басқа препараттарымен салыстырғанда қол жетімділігіне байланысты. Препарат ересектер мен 15 жастан асқан балаларға келесілерде қолдануға арналған: Ұзақ симптоматикалық емде: ревматоидты артрит, шорбуынданатын спондилит немесе Фиссингер-Леруа-Рейтер синдромы сияқты тектес синдромдар және псориаздық артритті қоса, созылмалы қабынбалы ревматизмдік аурулар ауырсыну синдромымен мүгедектікке әкелетін артроздар Мыналардың өршулерінің қысқа мерзімді симптоматикалық емінде: жауырын-иық периартриті, тендинит, бурсит сияқты абартикулярлық ревматизм синдромдары микрокристалды артриттер артроздар белдің ауырулары радикулалгия тірек-қимыл аппаратының жарақаттан кейінгі қатерсіз зақымдануы
Қарсы көрсетілімдер
кетопрофенге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық. анамнезде бронх түйілуі, демікпе, ринит, есекжем сияқты аса жоғары сезімталдық реакцияларының немесе кетопрофенге, ацетилсалицил қышқылына немесе қабынуға қарсы стероидты емес басқа препараттарға өзге аллергиялық реакциялардың болуы. Ондай пациенттерде күрделі, сирек жағдайларда өлімге соқтыратын анафилаксиялық реакциялар байқалған жүректің ауыр жеткіліксіздігі асқазан-ішек жолының өршу фазасындағы аурулары (гастрит, асқазанның ойық жара ауруы, анамнезде асқазан-ішектен қан кетудің болғаны көрсетілуі, ойық жаралардың түзілуі немесе тесілуі) қан кетулер (асқазан-ішектен, цереброваскулярлық немесе басқа белсенді қан кетулер) бауыр немесе бүйрек функцияларының айқын бұзылулары 24 аптадан асқан мерзімдегі жүктілік және бала емізу кезеңі 15 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы , глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға
Дозасы
Егер препаратты анағұрлым төмен, тиімді дозасында (50 мг) симптомдарды басу үшін қажетті ең қысқа уақыт мерзімі ішінде қабылдаса, жағымсыз реакцияларын барынша азайтуға болады. Ең жоғарғы тәуліктік дозасы 200 мг. Тәулігіне 200 мг дозадағы кетопрофенмен емдеуді бастар алдында болуы мүмкін қаупі мен пайдасы арасындағы теңгерімді мұқият талдау керек, ал жоғарырақ дозалары ұсынылмайды. Ұзақ симптоматикалық емдеу: әр 8 сағат сайын 50 мг 1 капсуладан немесе тәулігіне 150 мг Өршулерді қысқа мерзімді симптоматикалық емдеу: күніне 50 мг-ден 4 капсула немесе тәулігіне 200 мг. Қабылдау жиілігі Капсулаларды тамақтану кезінде қабылдау керек. Тәуліктік дозасы 2-3 қабылдауға бөлінуі тиіс. Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер және егде жастағы пациенттер Бастапқы және демеуші емдік дозаларын ең аз тиімдісіне дейін төмендету ұсынылады. Препараттың жағымдылығы жақсы болған жағдайда, дозасын әркімге жекелей тәртіппен түзетуді қарастыруға болады. Гиповолемиясы бар пациенттер: Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары бөлімін қараңыз. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдауға арналған. ФЕБРОФИД капсулаларын шайнамай, судың жеткілікті мөлшерімен ішіп қабылдайды. Ең аз тиімді дозасы симптомдарын жеңілдету үшін қажетті қысқа уақыт мерзімі ішінде қолданылуы тиіс. Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар Кетопрофеннің 2,5 г дейінгі дозаларында артық дозалану жағдайлары байқалды. Симптомдары: бас ауыруы, бас айналуы, сылбырлық, ұйқышылдық, жүрек айнуы, құсу, іш ауыруы, қан құсу, нәжістің қараюы, сананың бұзылуы, тыныстың тарылуы, құрысулар, бүйрек функциясының бұзылуы және бүйрек жеткіліксіздігі. Емі: симптоматикалық, спецификалық антидоты жоқ. Асқазанды шаю және белсендірілген көмірді қолдану көрсетілген. Бүйрек жеткіліксіздігі болған жағдайда айналымдағы кетопрофенді қаннан шығару үшін гемодиализ емшарасы ұсынылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.