+91 бонус

ФЕБРОФИД 2.5% 50г гель д/нар прим

1820 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Кетопрофен
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Польша
  • Өндіруші: Фармацевтический завод «ПОЛЬФАРМА» АО Медана Фарма АО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
100 г гельдің құрамында белсенді зат - кетопрофен лизин тұзы 2,5 г қосымша заттар: полиэтиленгликоль 200, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, карбомер, триэтаноламин, тазартылған су.
Қолданылуы
Феброфид гелі тірек-қимыл аппаратының спорттық сипаттағы зақымданулар, шығып кетулер, созылулар, соғылулар сияқты жарақаттану салдарынан туындаған патологиялық жағдайларындағы ауыру синдромының қарқындылығын азайту үшін қолданылады. Феброфид гелі артриттің жеңіл дәрежесі кезіндегі ауыруды азайтады.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе препараттың кез келген қосымша заттарына жоғары сезімталдық анамнездегі фотосенсибилизация реакциялары бронх демікпесінің, аллергиялық риниттің симптомдары сияқты, анамнездегі кетопрофеннің, фенофибраттың, тиапрофен қышқылының, ацетилсалицил қышқылының немесе қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға (ҚҚСП) жататы басқа да дәрілік заттардың әсеріне аса жоғары сезімталдық реакциялары анамнездегі кетопрофенге, тиапрофен қышқылына, фенофибратқа, ультракүлгін сәуле блокаторларына немесе косметикалық заттарға терінің аллергиялық реакциялары емдеу барысында және  препаратты қолдану тоқтатылғаннан кейінгі 2 апта бойы, шашыраңқы күн сәулесі мен солярий сәулесінің әсерін қоса, тікелей түсетін күн сәулесінің астында болу (сондай-ақ «Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз) жүктіліктің үшінші триместрі тері жабындарының патологиялық өзгерістері (экзема немесе безеу), терінің инфекциялық-қабыну үдерісі, ашық жаралар бар кезде Феброфид гелін шырышты қабықтарға жағуға, шап аймағына қолдануға болмайды; гельдің көзге тиюін болдырмау қажет, сондай-ақ, гельді окклюзиялық таңғыштармен бірге пайдаланбау керек.
Дозасы
Ересектер Дененің ауырып тұрған немесе қабынған бөліктерінің терісіне гельдің аздаған мөлшерін (3-5 см) жағу керек. 7 күнге дейін, күн сайын, тәулігіне 2-4 рет қолдану керек. Абайлап жағу керек, бірақ сонымен қатар, гельдің құрамындағы дәрілік заттың терең орналасқан тіндерге сіңуін қамтамасыз ету үшін, терінің кінәратты бөлігін жақсылап уқалау керек. Әдеттегі ұсынылатын дозасы күніне 15 грамды құрайды (сығып шығарылған гельдің ұзындығы 14 см жолағы шамамен 7,5 г сәйкес келеді). Егде жастағы пациенттер Дозасын модификациялау қажет емес. Балалар Препаратты қолдану ұсынылмайды, өйткені, препаратты балаларда қолданудың қауіпсіздігі анықталмаған. Енгізу әдісі мен жолы Сыртқа қолдануға арналған.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.