+125 бонус

Феброфид 100мг/2мл №5 р-р д/инъекций

2500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Кетопрофен
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: АО Химфарм
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір ампуланың ішінде белсенді зат - 100.0 мг кетопрофен (100 % затқа шаққанда) қосымша заттар: пропиленгликоль, этанол, бензил спирті, натрий метабисульфиті, натрий гидроксиді, натрий гидроксиді 1 М ерітіндісі, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Кетопрофенді емдеу үшін қолдану кетопрофеннің қабынуға қарсы және ауырғанды басатын әсері, оған аса жоғары сезімталдық реакциясының туындау жиілігі және осы топтың басқа препараттарымен салыстырғанда қолжетімділігіне байланысты. Препарат ересектерге және 15 жастан асқан балаларға қабылдауға арналған: қысқа мерзімді симптоматикалық ем үшін: ревматизм ауруларында қабыну үдерісінің өршуінде белдің жедел ауырсынуында радикулалгияда онкологиялық аурулар кезіндегі ауырсыну синдромының ем үшін бүйрек шаншуының ұстамаларының ем үшін
Қарсы көрсетілімдер
кетопрофенге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық. анамнезде бронх түйілуі, демікпе, ринит, есекжем сияқты аса жоғары сезімталдық реакцияларының немесе кетопрофенге, ацетилсалицил қышқылына немесе қабынуға қарсы стероидты емес басқа препараттарға басқа аллергиялық реакциялардың болуы. Ондай пациенттерде, сирек жағдайларда өлімге соқтыратын күрделі анафилаксиялық реакциялар байқалған. жүктілік және бала емізу кезеңі анамнездегі белсенді пептидтік ойық жара немесе кез келген асқазан-ішек қан кетулері, ойық жаралану немесе тесілу белсенді қан кетулері (асқазан-ішек,, цереброваскулярлық немесе басқа қан кетулер) жүректің ауыр жеткіліксіздігі бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бауырдың ауыр жеткіліксіздігі гемостаз бұзылулары немесе ағымдағы антикоагуляциялық ем (бұлшықет ішіне енгізілуіне байланысты қарсы көрсетілген) эпилепсия алкоголизммен зардап шегетін адамдар бензил спиртінің болуына байланысты бұл препарат шала туған және күні жетіп туған нәрестелерге қарсы көрсетілімде 15 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілімде
Дозасы
Симптомдарды азайту үшін ең қысқа уақыт кезінде және ең төмен тиімді дозаны қабылдау қажет («Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз.). Пайда/қауіп арақатынасы 200 мг тәуліктік дозаны қабылдау басталғанға дейін мұқият бағалануы тиіс, ал бүйрек шаншуы жағдайында дозаны арттыру қатаң түрде емдеудің ең ұзақ мерзімін сақтай отырып жүргізілуі мүмкін (сондай-ақ «Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз.). Ревматологияда және ісік текті аурулар үшін ұсынылатын доза - 100 мг (1 ампула) ФЕБРОФИД бұлшықет ішіне күніне 1-2 рет. Бүйрек шаншуында күніне 100-300 мг. Қолдану жиілігі Күнделікті дозасы 2-3 инъекцияға бөлінеді. Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бастапқы дозаны азайту ұсынылады, содан кейін қажет болған жағдайда оны бүйрек төзімділігіне сәйкес бейімдеу керек. Егде жастағы пациенттер Бастапқы дозаны азайту ұсынылады, содан кейін қажет болған жағдайда оны бүйрек төзімділігіне сәйкес бейімдеу керек. Гиповолемиялық шокпен пациенттер: «Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз. Балалар 15 жастан асқан балалар үшін дозалау режимі ересектерге арналған дозалау режимінен ерекшеленбейді. Енгізу әдісі және жолы Инъекциялар қатаң түрде стерильді жағдайларда, бөксенің сыртқы жоғарғы квадрантының сыртқы бөлігіне, терең және баяу енгізілуі тиіс. Әр инъекция үшін екі бөксені кезектестіріп отыру ұсынылады. Иненің ұшы тамырға түспегеніне көз жеткізу үшін енгізер алдында аспирация жүргізу маңызды. Инъекция кезінде қатты ауырған жағдайда, препаратты енгізуді дереу тоқтатыңыз. Ұршық буынын ауыстырған жағдайда, инъекцияны келесі бөксеге жасалуы тиіс. Үйлесімділігіне қатысты зерттеулердің болмауына байланысты бұл препаратты басқа дәрілік заттармен араластыруға болмайды

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.