+40 бонус

ФАРМАЗОЛИН 0,1% 10 мл капли

800 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ксилометазолин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Украина
  • Өндіруші: Фармак ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір мл препараттың құрамында белсенді зат - 100 % затқа шаққанда ксилометазолин гидрохлориді – 0,5 мг немесе 1,0 мг, қосымша заттар: натрий гидрофосфат додекагидраты, натрий дигидрофосфат дигидраты, сорбит (Е 420), бензалконий хлориді, динатрий эдетаты, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
әр түрлі этиологиядағы тұмау мұрынның қосалқы қуыстарының қабынуы (секрецияның бөлінуін жеңілдету үшін) ортаңғы отит (мұрын-жұтқыншақтың шырышты қабығының ісінуін азайту үшін) науқасты мұрын жолдарында диагностикалық манипуляцияларға дайындау (риноскопия)
Қарсы көрсетілімдер
ксилометазолинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық атрофиялық ринит құрғақ ринит (rhinitis sicca) жабық бұрышты глаукома трансфеноидты гипофизэктомиядан кейінгі жағдай және ми қабығындағы басқа хирургиялық араласулар (анамнезінде) 1 жасқа дейінгі балалар (Фармазолин®, 0,05 %, мұрынға тамызатын дәрі үшін) 12 жасқа дейінгі балалар (Фармазолин®, 0,1 %, мұрынға тамызатын дәрі үшін)
Дозасы
Фармазолин®, мұрынға тамызатын дәрі, 0,05 %: 2-ден 11 жасқа дейінгі балаларға (ересектердің бақылауымен) әр мұрын жолына тәулігіне 2-3 рет 1-2 тамшыдан, бірақ тәулігіне 3 реттен көп емес қолданылады. Тәулігіне 3 реттен артық емес Фармазолин®, тамшыларын 1 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды. 1 жастан 2 жасқа дейінгі балаларға дәрігердің нұсқауы бойынша қолданылады. Емдеу ұзақтығы аурудың ағымына байланысты және егер дәрігер басқаша тағайындамаса, қатарынан 7 күннен аспауы тиіс. Фармазолин®, мұрынға тамызатын дәрі 0,1 %: ересектер мен 12 жастан асқан балаларға әр мұрын жолына тәулігіне 3 рет 2-3 тамшыдан қолданады. Тәулігіне 3 реттен артық емес Соңғы қолданылуын тікелей ұйықтар алдында жасаған жөн. Емдеу ұзақтығы аурудың ағымына байланысты және қатарынан 7 күннен аспауы керек, өйткені ұзақ уақыт қолдану дәрі-дәрмектік ринитке әкелуі мүмкін. Енгізу әдісі және жолы Мұрын ішіне. Препаратты енгізер алдында мұрын қуысын мұқият тазарту керек. Полиэтиленнен жасалған құтыны пайдаланғанда, алғаш қолданар алдында қалпақшасын барынша қатты бұрап бекітеді, сол кезде қалпақшасының ішкі жағындағы бүртігі арқылы тесік ойылады. Құтымен пломбасы бар қақпақпен тығындалған полиэтиленді (бірінші ашылуын бақылаумен) пайдаланған кезде пломбаны жыртып, қақпақты айналдыру керек. Препаратты қолданар алдында бөтелкені дене температурасына дейін қыздыру үшін алақанда ұстау керек. Тамшыларды қолдану әдісі: 1. Қалпақша/қақпақты бұраңыз, шешіп алыңыз. 2. Құтыны төңкеріп жіне құтының корпусын аздап басып, әр мұрын жолына қажетті тамшылардың санын тамызыңыз. 3. Қолданғаннан кейін құтыны қалпақша/қақпақпен жабыңыз. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы аурудың ағымына байланысты және 7 күннен аспауы тиіс.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.