ФАРМАТЕКС 20 мг №12 таб. ваг Бензалкония хлорид

2250 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Контрацептивы интравагинальные
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Франция
  • Өндіруші: Иннотера Шузи
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – миристалконий хлориді 20,0 мг, қосымша заттар: натрий гидрокарбонаты, сусыз лимон қышқылы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, макрогол 6000.
Қолданылуы
Жергілікті контрацепцияның бұл әдісін контрацепция қажет әйелдердің барлығы пайдалануына болады, атап айтқанда: • гормональді контрацептивтерді немесе жатырішілік спиральді (ЖІС) қолдануға уақытша немесе нақты қарсы көрсетілімдер болған жағдайда • босанғаннан кейінгі кезеңде, бала емізу кезінде, менопауза алдындағы кезеңде • кездейсоқ жүктіліктен сақтану қажет болған жағдайда • қынаптық тығынды (диафрагманы, цервикальді қалпақшаны) немесе ЖІС пайдаланғанда (әсіресе, ҚҚСП сияқты белгілі бір дәрілік заттармен ұзақ уақыт емдеу жағдайында) қосымша жергілікті контрацепция ретінде • пероральді контрацептивтерді тұрақты пайдалану кезінде таблетканы қабылдауды өткізіп алған немесе кешіктірген жағдайда қосымша жергілікті контрацепция ретінде. Ондай жағдайда контрацепцияның екі әдісін бүкіл цикл бойына біріктіріп пайдаланыңыз.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - кольпит, вагинит - қынап пен жатырдың шырышты қабығының ойық жаралануы және тітіркенуі - психика бұзылулары бар адамдарда немесе контрацептивті пайдалануға кедергі келтіретін, жыныс мүшелеріне жасалатын кез келген араласуларға жол бермейтін адамдарда Фарматексті дұрыс қолдану мүмкін болмағанда - контрацепцияның осы түрін түсінбейтін немесе онымен келіспейтін кез келген адамға.
Дозасы
Жыныстық қатынасқа дейін 10 минут бұрын шалқадан жатқан қалыпта, суға шыланған таблетканы қынапқа терең енгізеді. Енгізу әдісі және жолы Қынапқа енгізіледі.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.