+82 бонус

ФАРМАДИПИН 25 мл капли

1650 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Нифедипин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Украина
  • Өндіруші: Фармак ОАО
Нұсқаулық
Құрамы
Бір мл препараттың құрамында белсенді зат - 100 % құрғақ затқа шаққанда 20 мг нифедипин, қосымша заттар: полиэтиленгликоль 400, этанол (96 %).
Қолданылуы
артериялық гипертензия (гипертензиялық криздерді емдеу мақсатында)
Қарсы көрсетілімдер
нифедипинге, басқа дигидропиридиндерге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық жедел миокард инфарктісі (алғашқы 4 апта ішінде) кардиогендік шок ауыр аорталық және митральді стеноз тұрақсыз стенокардия стенокардия ұстамаларын емдеу, миокард инфарктісінің салдарлық профилактикасы үшін пайдалануға болмайды жүрек функциясының декомпенсацияланған жеткіліксіздігі артериялық гипотензия (систолалық артериялық қысым (АҚ) 90 мм сын. бағ. төмен) қарыншалық тахикардиялар QRS кешенінің кеңеюімен синустық түйіннің әлсіздігі синдромы Вольф-Паркинсон-Уайт (WPW) синдромы, Лаун-Генонг-Левайн (LGL) синдромы II және III дәрежелі AV-блокада порфирия проктоколэктомиядан кейін анықталған илеостома рифампицинмен бір мезгілде қабылдауға болмайды жүктілік бала емізу кезеңі 18 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Фармадипин® препаратын гипертониялық кризді емдеу үшін шұғыл көмек беру препараты ретінде қолданады. Препараттың бұл дәрілік түрін курстық қабылдау үшін қолдану ұсынылмайды. Гипертензияға қарсы емдеу курсын жүргізу қажет болса, препарат пен дәрілік түрін дәрігер таңдайды. Артериялық қысым кенеттен және елеулі жоғарылағанда ересектерге арналған бастапқы бір реттік дозасы 3-5 тамшы (2-3,35 мг) құрайды, егде жастағы адамдар үшін – 3 тамшыдан асырмай (2 мг) тіл астына немесе кепкен нан немесе қант кесегіне тамызып, ауызда барынша ұзағырақ ұстау керек. Тиімділігі жеткіліксіз болса, дозасын біртіндеп клиникалық маңызды әсеріне дейін арттыруға болады. Ары қарай артериялық қысым жоғарылаған жағдайларда дәл осы дозасын бағдарға алу қажет. Қажет болса (АҚ 190/100 мм сын. бағ. – 220/110 мм сын. бағ. дейін жоғарылауы) бір реттік дозасын жекелеген жағдайларда біртіндеп 10-15 тамшыға дейін (6,7-10 мг) науқастағы АҚ көрсеткіштерінің жекелей өзгерістерін ескере отырып арттыруға болады. Жекелеген науқастардың Фармадипин® препаратына жеке сезімталдығын ескеру қажет. Мұндай жағдайларда дозасын, 3 тамшыдан бастап және клиникалық әсерге жеткенше біртіндеп 2-3 тамшыға (1,34-2 мг) арттыра отырып, жеке таңдайды. Препараттың бастапқы дозасын арттыру артериялық қысымның күрт төмендеуіне алып келуі мүмкін! Енгізу әдісі мен жолы Ішуге арналған тамшы түріндегі Фармадипин® препаратын ішке қабылдайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.