+75 бонус

ФАНИГАН ФАСТ 30 г гель

1505 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Кусум Хелткер Пвт. Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 грамм гельдің құрамында белсенді заттар: 11.60 мг диклофенак диэтиламині, 10.00 мг натрий диклофенагына баламалы 50.00 мг ментол 100.00 мг метилсалицилат ** 30.00 мг зығыр майы қосымша заттар: пропиленгликоль, карбомер 940, динатрий эдетаты, полисорбат 80, натрий гидроксиді, бензил спирті, тазартылған су. ** - зығыр майы – α-линол қышқылы бойынша стандартталған
Қолданылуы
- миозитте, фиброзитте - бұлшықеттер мен сіңірлердің созылуларында, тірек-қимыл аппаратының жарақаттарында - ауыр дене жүктемелерін жасағанда бұлшықеттер мен буындардың ауыруларында - жұмсақ тіндердің ревматизмдік зақымдануларында (бурсит, артрит, тендовагинит).
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - эпидермистің зақымдануы, қолданған аймақтағы ашық жарақаттар - ацетилсалицил қышқылын қабылдау аясындағы демікпелік статус - этиологиясы анықталмаған қан түзілудің бұзылуы - асқазан мен 12-елі ішектің өршу сатысындағы ойықжарасы
Дозасы
Ауыру аймағының ауданына байланысты 2 – 4 г гельді (4 – 8 см жолақты) тәулігіне 2-3 рет теріге жұқа қабатпен жағып, сәл ысқылайды. Орташа тәуліктік доза 10 г гельді құрайды, бұл 100 мг натрий диклофенагына сәйкес келеді. Емдеу курсының ұзақтығы дәрігердің кеңесінсіз 10 күннен аспауы тиіс. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Препаратты қолданудың жеткілікті тәжірибесінің болмауына байланысты 12 жасқа дейінгі балаларға препаратты тағайындау ұсынылмайды. Егде жастағы пациенттер Препараттың дозасын түзету қажет емес. Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер Препараттың дозасын түзету қажет емес. Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттер Препараттың дозасын түзету қажет емес. Енгізу әдісі мен жолы Сыртқа. Препаратты зақымданбаған теріге жаққан жөн, көзге және шырышты қабықтарға тиіп кетпеуі керек. Гельді ашық жарақаттарға жағуға болмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.