+197 бонус

ФАНИГАН ДЭЙ 100 г гель

3940 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Кусум Хелткер Пвт. Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір грамм гельдің құрамында белсенді зат – 50 мг натрий диклофенагы, қосымша заттар: гипромеллоза, изопропил спирті, макрогол-7 глицеролкокоат, тазартылған су.
Қолданылуы
ауыру, қабыну және ісінулерді симптоматикалық емдеу, мыналарда: - жарақаттың салдарынан сіңірлердің, байламдардың, буындардың, бұлшықеттердің зақымдануында - буындардың дегенерациялық ауруларында (тізе немесе ұсақ буындарының артрозы) - ревматикалық аурудан туындаған жұмсақ тіндердің оқшауланған зақымдануларында
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затына (заттарына) немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - анамнезінде ацетилсалицил қышқылын немесе басқа да қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды қабылдауға жауап ретінде туындаған бронх демікпесі ұстамалары, есекжем немесе жедел риниттің болуы - жүктіліктің үшінші триместрі және лактация кезеңі - 14 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
Дозалану режимі ФАНИГАН® ДЭЙ гелін теріге жұқа қабатпен жағып жеңіл ысқылай отырып тәулігіне 2 рет қолданады. Препараттың қолданылатын мөлшері ауру аймағының көлеміне байланысты болады, мысалы 2-4 г ФАНИГАН® ДЭЙ гелі (ол салмағы бойынша диаметрі 2,0-2,5 см жуық) 400–800 см2 алаң көлеміне жағу үшін жеткілікті. Киім кимей тұрып гель кепкенше бірнеше минут күте тұрыңыз. Препаратты жаққаннан кейін, егер қол емдеуге жатпаған жағдайда оны жуып тастау керек. ФАНИГАН® ДЭЙ гельді окклюзиялық таңғыштың астына қолдануға болмайды. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер(≥65 жас) Препараттың дозасын түзету талап етілмейді. Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер Препараттың дозасын түзету талап етілмейді. Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттер Препараттың дозасын түзету талап етілмейді. Енгізу әдісі және жолы ФАНИГАН® ДЭЙ гель тек сыртқа қолдануға арналған. Ішке қабылдауға болмайды. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы көрсетілімдеріне және емнің тиімділігіне байланысты. 2 аптадан кейін емдеуді жалғастыру жөнінде көрсетілім қайта қарастырылу керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.