+45 бонус

ФАНИГАН №100 таб

900 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Диклофенак
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Kusum Healthcar
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат –50.0 мг натрий диклофенагы, қосымша заттар: лактоза моногидраты (Фарматоза 200 М), микрокристалды целлюлоза РН 101, жүгері крахмалы, натрий крахмал гликоляты (А түрі), повидон (PVPK-30), микрокристалды целлюлоза РН 102, магний стеараты, изопропил спирті (2-пропанол), метиленхлорид, тазартылған су, Үлбірлі қабық: Opadry clear (YS-1R-7006), Ішекте еритін қабық: Acryl Eze II 493Z180022 white. Қабықтың құрамы: Opadry clear (YS-1R-7006): гипромеллоза, полиэтиленгликоль; Acryl Eze II 493Z180022 white: метакрил қышқылының сополимері, тальк, титанның қостотығы (E171), полоксамер 407, кальций силикаты, натрий бикарбонаты және натрий лаурилсульфаты.
Қолданылуы
ревматизмдік аурулардың қабынумен жүретін және дегенеративтік түрлері: ревматоидтық артрит, ювенильді ревматоидтық артрит, остеоартрит, спондилоартрит, шорбуынданатын спондилит (Бехтерев ауруы) ауырсыну синдромымен және қабынумен қатар жүретін гинекологиялық аурулар (органикалық себепсіз дисменорея)
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - асқазанның және/немесе он екі елі ішектің ойықжаралы ауруы, қан кетулер немесе тесілу - ішектің қабыну аурулары (мысалы, Крон ауруы немесе ойықжаралы колит) - бауыр функциясының ауырлығы ауыр дәрежелі бұзылуы, бүйрек функциясының жеткіліксіздігі (ШСЖ <15 мл/мин /1.73м2) - жүректің созылмалы жеткіліксіздігі (NYHA жіктемесі бойынша III-IV функционалдық класс) - анамнезінде ацетилсалицил қышқылын немесе қабынуға қарсы стероидты емес басқа препараттарды қолданумен байланысты демікпе ұстамаларының, есекжемнің, жедел риниттің болуы - қан кету қаупімен қатар жүретін жағдай - коронарлық шунттау операциясынан немесе жасанды қанайналым аппаратын қолданғаннан кейін операциядан кейінгі ауыруды емдеу үшін - жүктіліктің III триместрі және лактация кезеңі - 14 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Препараттың дозасы әркімге жекелей таңдалуы тиіс, бұл ретте жағымсыз әсерлердің даму қаупін азайту мақсатында емдеу мақсатына және пациенттің жағдайына сәйкес мүмкіндігінше қысқа емдеу кезеңімен ең аз тиімді дозаны қолдану ұсынылады. Ревматизмдік аурулар Ересектер Ұсынылатын бастапқы дозасы – тәулігіне 75-150 мг. Аурудың жеңілдеу жағдайларында, сондай-ақ, ұзақ уақыт емдегенде тәуліктік 75-100 мг дозасы жеткілікті болады. Тәуліктік дозасын 2 – 3 қабылдауға бөлу керек. Органикалық себепсіз дисменорея кезінде тәуліктік дозасын әркімге жекелей таңдайды; әдетте ол 50-150 мг құрайды. Бастапқы дозасы 50-100 мг құрауы тиіс; қажет болған жағдайда, оны бірнеше етеккір оралымы бойына тәулігіне 150 мг дейін арттыруға болады. Препаратты қабылдауды алғашқы симптомдары пайда болғанда бастау керек. Клиникалық симптомдардың динамикасына байланысты, емдеуді бірнеше күн бойына жалғастыруға болады. 14 жастан асқан балалар 14 жастан асқан балалар мен жасөспірімдерге препаратты кг дене салмағына 0.5-2 мг есебінен алынған дозада (2-3 қабылдауға, аурудың ауырлығына байланысты) тағайындайды. Ювенильді ревматоидтық артритті емдеу үшін тәуліктік дозасын ең көбі күніне 3 мг/кг дейін (2-3 қабылдауға) арттыруға болады. Ең жоғарғы тәуліктік дозасы 150 мг аспауы тиіс. Гериатрия (>65 жастағы пациенттер) Егде жастағы пациенттер үшін бастапқы дозасын түзету қажет емес. Дегенмен, егде жастағы, әлсіз пациенттерде немесе егде жастағы, дене салмағы аз пациенттерде қолданған кезде сақтық таныту қажет. Жүрек-қантамырдың анықталған ауруы немесе жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан елеулі қауіп факторлары Әдетте, жүрек-қантамырдың анықталған ауруы немесе бақыланбайтын гипертониясы бар пациенттерге ФАНИГАН® GR препаратымен емдеу ұсынылмайды. Қажет болған жағдайда, ФАНИГАН® GR жүрек-қантамырдың анықталған ауруы немесе бақыланбайтын гипертониясы немесе жүрек-қантамыр ауруының елеулі қауіп бар факторлары пациенттерге тек мұқият бағалаудан кейін және 4 аптадан артық емделетін жағдайда тәуліктік ≤ 100мг дозалары шегінде ғана тағайындалады. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер ФАНИГАН® GR бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар (ШСЖ <15 мл/мин/1.73м2) пациенттерге қолдануға болмайды. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде арнайы зерттеулер жүргізілмегендіктен, дозасын арнайы түзету жөнінде нұсқау беру мүмкін емес. ФАНИГАН® GR препаратын бүйрек функциясының жеңіл және орташа бұзылуы бар пациенттерде қолданғанда сақтық таныту ұсынылады. Бауыр функциясы бұзылған пациенттер ФАНИГАН® GR препаратын бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдануға болмайды. Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде арнайы зерттеулер жүргізілмегендіктен, дозасын арнайы түзету жөнінде нұсқау беру мүмкін емес. ФАНИГАН® GR препаратын бауыр функциясының жеңіл және орташа бұзылуы бар пациенттерде қолданғанда сақтық таныту ұсынылады. Енгізу әдісі мен жолы Таблеткаларды тұтастай, сындырмай және шайнамай, дұрысы тамаққа дейін сұйықтықпен ішіп жұту керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.