+238 бонус

ФАМОТЕЛ 20 мг/5 мл №5 амп

4770 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Фамотидин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Brawn Laboratories Limited
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір құтының ішінде белсенді зат - 20 мг фамотидин; қосымша заттар: маннитол (DC санаттары), динатрий гидрофосфаты дигидраты, L-аспаргин қышқылы, натрий дигидрофосфаты дигидраты, инъекцияға арналған су еріткіш - 0.9% натрий хлориді
Қолданылуы
- он екі елі ішектің ойық жарасы - малигнизациясыз асқазан ойық жарасы - гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы - гиперсекрециямен қатар жүретін басқа жағдайлар (мысалы, Золлингер-Эллисон синдромы) - жалпы анестезия жүргізу кезінде қышқылды асқазан ішіндегісінің (Мендельсон синдромы) аспирациясын болдырмау
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - жүктілік және лактация кезеңі (қолдану тәжірибесінің болмауына байланысты) - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер - анамнезінде Н2-рецепторлардың басқа антагонистеріне аса жоғары сезімталдығы бар пациенттер, айқаспалы сезімталдық байқалған
Дозасы
Асқазанның немесе он екі елі ішектің рефрактерлі белсенді ойық жарасы бар емдеуге жатқызылған пациенттерге немесе препаратты ішке қабылдай алмайтын асқазан-ішек жолының жоғарғы бөлімдерінің қан кететін ойық жарасы бар пациенттерге вена ішіне баяу енгізу (2 минут) немесе 15-30 минут ішінде тамшылатып инфузия арқылы 20 мг фамотидин енгізу ұсынылады. Бұл дозаны әр 12 сағат сайын енгізуге болады. Тәулігіне 40 мг-ден артық фамотидин енгізуге болмайды. Доза бөлінетін қышқылдың мөлшеріне және пациенттің жағдайына байланысты болуы тиіс. Жедел симптомдар жоғалғаннан кейін және вена ішіне емдеуді тоқтатқаннан кейін пероральді емдеуді қажетінше (1 жылға дейін) жалғастыруға болады. Бұрын Н2-рецепторлардың басқа антагонистін қабылдаған пациенттерге ем алмаған пациенттерге қарағанда фамотидиннің бастапқы дозасы неғұрлым жоғары болуы қажет болуы ықтимал. Золлингер-Эллисон синдромы: Бастапқыда препарат әр 6 сағат сайын 20 мг дозада енгізіледі; кейінгі дозалау бөлінетін қышқылды асқазан сөлінің мөлшеріне және пациенттің клиникалық жағдайына байланысты. Пациенттердің ерекше топтары Балаларда қолдану 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдануға болмайды. Егде жастағы пациенттер Жасына байланысты дозаны түзету қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Фамотидин негізінен бүйрекпен шығарылатындықтан, ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде сақтық шараларын сақтау қажет. Егер креатинин клиренсі 30 мл/мин аз болса, ал креатининнің сарысулық концентрациясы 3 мг/100 мл асса, онда тәуліктік дозаны 20 мг дейін төмендету немесе енгізулер арасындағы аралықты 36-48 сағатқа дейін арттыру қажет. Енгізу әдісі мен жолы Инъекцияға арналған қалпына келтірілген ФАМОТЕЛ ерітіндісі тек вена ішіне енгізуге арналған, препаратты ішке қабылдауға мүмкіндігі жоқ пациенттерде стационарлық жағдайда қолдануға ұсынылады. Препарат пероральді ем жүргізу мүмкін болғанға дейін қолданылуы мүмкін. Инъекцияға арналған ерітінділерді дайындау және енгізу ережелері Ерітінді тікелей енгізер алдында дайындалуы керек. Құтының ішіндегісін (20 мг фамотидин) 5-10 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде (еріткіші бар ампула) ерітіп, кемінде 2 минут вена ішіне баяу енгізу керек. Тамшылатып инфузия жүргізуге арналған ФАМОТЕЛ ерітіндісін дайындау Ерітінді тікелей енгізер алдында дайындалуы керек. Құтының ішіндегісін (20 мг фамотидин) 100 мл 5% глюкоза ерітіндісінде ерітіп, 15-30 минут ішінде тамшылатып инфузия түрінде енгізу керек. Препаратты қолданар алдында фамотидиннің дайындалған ерітіндісі мөлдір және түссіз екеніне көз жеткізіңіз. Дайындалған ерітінді бөлме температурасында 24 сағат тұрақты болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.