+47 бонус

ФАМОСАН 20 мг №20 таб

950 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Фамотидин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Чешская Республика
  • Өндіруші: ПРО.МЕД.ЦС Прага а.о.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында белсенді зат - 20 мг немесе 40 мг фамотидин, қосымша заттар - түйіршіктелген микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, магний стеараты, коллоидты кремнийдің қостотығы; қабығы - гипромеллоза 5, титанның қостотығы Е 171, макрогол 6000, темірдің (ІІІ) қызыл тотығы Е 172 (20 мг доза үшін), кремнийдің қостотығы бар диметикон эмульсиясы, темірдің (III) сары тотығы Е 172 (40 мг доза үшін).
Қолданылуы
он екі елі ішектің ойық жара ауруында асқазан және он екі елі ішектің ойық жараларын (ҚҚСП-гастропатия, стресстік, операциядан кейінгі ойық жаралар) симптоматикалық емдеуде ойық жараның қайталануының профилактикасында гастроэзофагеальді рефлюкс асқазан сөлінің гиперсекрециясымен бірге жүретін басқа аурулар (мысалы, Золингер-Эллисон синдромы) жалпы анестезия жүргізу кезінде асқазан ішіндегісімен аспирациялану профилактикасында (Мендельсон синдромы)
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа (фамотидинге) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық басқа H 2-гистаминдік рецепторлар блокаторларына аса жоғары сезімталдық галактозаның тұқым қуалайтын жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.
Дозасы
Он екі елі ішектің ойық жара ауыруы Он екі елі ішектің жедел ойық жарасын емдеу үшін ұсынылған доза ұйықтар алдында 40 мг тәулігіне 1 рет немесе 20 мг тәулігіне 2 рет құрайды (таңертең және кешке). Емдеу ұзақтығы 4-8 апта. Егер эндоскопиялық зерттеу ойық жараның ерте жазылуын көрсетсе, емдеу ұзақтығы қысқа болуы мүмкін. Көптеген жағдайларда жазылу шамамен 4 апта ішінде байқалады. 4 аптадан кейін ойық жара жазылмаған пациенттерде препаратты келесі 4 апта бойы қолдану ұсынылады. Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жараларын (ҚҚСП-гастропатия, стресстік, операциядан кейінгі ойық жаралар) симптоматикалық емдеу Ұсынылған доза ұйықтар алдында 40 мг тәулігіне 1 рет. Егер эндоскопия ойық жараның ерте жазылуын көрсетпесе, емдеу ұзақтығы 4-8 апта. Ойық жараның қайталануының профилактикасы Ойық жараның қайталануының профилактикасы мақсатында түнде тәулігіне 1 рет 20 мг қолданылады. Гастроэзофагеальді рефлюкс 6-12 апта бойы 20 мг тәулігіне 2 рет (таңертең және кешке бір таблетка). Гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы өңештің қабынуымен бірге жүретін жағдайларда Фамосан® ұсынылған дозасы 12 апта ішінде 20-40 мг құрайды. Золингер-Эллисон синдромы Бастапқы доза әдетте бұрын антисекрециялық ем қолданбаған пациенттерде әрбір 6 сағат сайын 20 мг құрайды. Содан кейін дозаны пациенттің жағдайына қарай түзету керек. Бұрын басқа H 2-гистаминдік рецепторлар блокаторын қабылдаған пациенттер Фамосан® қабылдауға әр 6 сағат сайын 20 мг-ге тең бастапқы дозамен салыстырғанда жоғары дозаларды қолдана отырып ауыса алады. Препаратты қолдану бұған клиникалық көрсеткіштер болғанға дейін жалғасуы тиіс. Жалпы анестезияны жүргізу кезінде асқазан ішіндегісімен аспирациялану профилактикасы Операция қарсаңында кешке немесе операция күні таңертең 40 мг. Балалар Балалардағы фамотидин қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Егде жастағы пациенттер Жасына байланысты дозаны түзету қажет етілмейді. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Фамотидин организмнен негізінен бүйрек арқылы шығарылатындықтан, оны бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда сақтықпен қолдану керек. Креатинин клиренсі < 30 мл/мин және сарысулық креатинин деңгейі > 3 мг/100 мл болған жағдайда күнделікті доза 20 мг-ге дейін төмендетілуі немесе дозаны қабылдау арасындағы аралық 36-48 сағатқа дейін ұзартылуы тиіс. Енгізу әдісі мен жолы Фамосан® таблеткасын шайнамай, жеткілікті мөлшердегі сумен тұтастай жұту керек. Таблеткаларды қабылдау тамақтануға байланысты емес.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.