+374 бонус

ФАМЦИКЛОВИР 250 мг №21 таб

7490 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Фамцикловир
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: Вива Фарм ТОО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 125 мг немесе 250 мг фамцикловир, қосымша заттар: лактоза моногидраты, натрий крахмалының гликоляты, гидроксипропилцеллюлоза, магний стеараты, қабықтың құрамы: гипромеллоза 5 mPas, гипромелоза 15 mPas, макрогол/ПЭГ 4000, макрогол/ПЭГ 6000, титанның қостотығы (Е171).
Қолданылуы
Varicella zoster вирусынан туындаған инфекциялар: иммундық статусы қалыпты ересек пациенттердегі офтальмогерпесті қоса, белдемелі теміреткіні емдеуде иммундық статусы төмендеген ересек пациенттердегі белдемелі теміреткіні емдеуде Herpes simplex вирусынан туындаған инфекциялар: иммундық статусы қалыпты ересек пациенттердегі генитальді герпестің бірінші білінулерін және қайталануларын емдеуде иммундық статусы төмендеген ересек пациенттердегі генитальді герпестің қайталануларын емдеуде иммундық статусы қалыпты ересек пациенттердегі және иммундық статусы төмендеген ересек пациенттердегі қайталанатын генитальді герпестің супрессиясында
Қарсы көрсетілімдер
фамцикловирге, пенцикловирге немесе препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге
Дозасы
Иммундық статусы қалыпты ересек пациенттердегі белдемелі теміреткі және офтальмогерпес Тәулігіне 3 рет 500 мг 7 күн бойы. Белдемелі теміреткі немесе офтальмогерпес диагнозы анықталғаннан кейін емді мүмкін болғанша тезірек бастаған жөн. Иммундық статусы төмен ересек пациенттердегі белдемелі теміреткі 10 күн бойы тәулігіне 3 рет 500 мг. Белдемелі теміреткі диагнозы анықталғаннан кейін емді мүмкін болғанша тезірек бастаған жөн. Иммундық статусы қалыпты ересек пациенттердегі генитальдік герпес Алғашқы генитальді герпесте ұсынылатын препарат дозасы 5 күн бойы тәулігіне 3 рет 250 мг құрайды. Генитальді герпес эпизодының диагнозы анықталғаннан кейін емді мүмкін болғанша тезірек бастаған жөн. Қайталанатын генитальді герпесте препаратты 5 күн бойы тәулігіне 2 рет 125 мг тағайындалады. Емдеуді қайталанудың алғашқы симптомдарында (шаншу, қышыну, ашыту, ауыру немесе бөрту) мүмкін болғанша тезірек бастаған жөн. Иммундық статусы төмедеген ересек пациенттердегі қайталанатын генитальді герпес Қайталанатын генитальді герпес кезінде препаратты 7 күн бойы тәулігіне 2 рет 500 мг дозасы ұсынылады. Емдеуді қайталанудың алғашқы симптомдарында (шаншу, қышыну, ашыту, ауыру немесе бөрту) мүмкін болғанша тезірек бастаған жөн. Иммундық статусы қалыпты ересек пациенттердегі қайталанатын генитальді герпесті супрессиялық емдеу 250 мг препараттан тәулігіне 2 рет. Қайталанулардың жиілігі мен ауырлығын анықтау үшін үздіксіз емнің ең көп дегенде 12 айы өткен соң супрессиялық емге бағалауды жүргізу ұсынылады. Ең аз баға беру мерзімі екі қайталануды қамтуы тиіс. Елеулі ауруы сақталған пациенттерде супрессиялық емді жаңартуға болады. Иммундық статусы төмендеген ересек пациенттердегі генитальді герпесті супрессиялық емдеу 500 мг препараттан тәулігіне 2 рет. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер Бүйрек функциясы бұзылуы бар пациенттерде фамцикловирдің белсенді метаболиті пенцикловир клиренсінің азаюы білінеді. Дозалау режимін креатинин клиренсіне (Cl) қарай түзету 1 кестеде берілген. 1 кесте Бүйрек жеткіліксіздігі бар ересек пациенттер үшін Көрсетілімдер және Креатинин Cl, мл/мин Түзетілген Иммунитеті қалыпты пациенттердегі белдемелі теміреткі 7 күн бойы тәулігіне 3 рет 500 мг ≥ 60 7 күн бойы тәулігіне 3 рет 500 мг 40–59 7 күн бойы тәулігіне 2 рет 500 мг 20–39 7 күн бойы тәулігіне 1 рет 500 мг <20 7 күн бойы тәулігіне 1 рет 250 мг Гемодиализде жүрген пациенттер 7 күн бойы диализдің әр сеансынан соң 250 мг Иммунитеті төмендеген ересек пациенттердегі белдемелі теміреткі 10 күн бойы тәулігіне 3 рет 500 мг ≥ 60 10 күн бойы тәулігіне 3 рет 500 мг 40–59 10 күн бойы тәулігіне 2 рет 500 мг 20–39 10 күн бойы тәулігіне 1 рет 500 мг < 20 10 күн бойы тәулігіне 1 рет 250 мг Гемодиализде жүрген пациенттер 10 күн бойы диализдің әр сеансынан соң 250 мг Иммунитеті қалыпты пациенттердегі алғашқы генитальді герпес 5 күн бойы тәулігіне 3 рет 250 мг ≥ 40 5 күн бойы тәулігіне 3 рет 250 мг 20–39 5 күн бойы тәулігіне 2 рет 250 мг <20 5 күн бойы тәулігіне 1 рет 250 мг Гемодиализде жүрген пациенттер 5 күн бойы диализдің әр сеансынан соң 250 мг Иммунитеті қалыпты пациенттердегі қайталанатын генитальді герпес 5 күн бойы тәулігіне 2 рет 125 мг ≥ 20 5 күн бойы тәулігіне 2 рет 125 мг <20 5 күн бойы тәулігіне 1 рет 125 мг Гемодиализде жүрген пациенттер 5 күн бойы диализдің әр сеансынан соң 125 мг Иммунитеті төмендеген пациенттердегі қайталанатын генитальді герпес 7 күн бойы тәулігіне 2 рет 500 мг ≥ 40 7 күн бойы тәулігіне 2 рет 500 мг 20–39 7 күн бойы тәулігіне 1 рет 500 мг <20 7 күн бойы тәулігіне 1 рет 250 мг Гемодиализде жүрген пациенттер 7 күн бойы диализдің әр сеансынан соң 250 мг Иммунитеті қалыпты пациенттердегі қайталанатын генитальді герпестің супрессиясы тәулігіне 2 рет 250 мг ≥ 40 тәулігіне 2 рет 250 мг 20–39 тәулігіне 2 рет 125 мг <20 тәулігіне 1 рет 125 мг Гемодиализде жүрген пациенттер диализдің әр сеансынан соң 125 мг Иммунитеті төмендеген ересек пациенттердегі қайталанатын генитальді герпес супрессиясы тәулігіне 2 рет 500 мг ≥ 40 тәулігіне 2 рет 500 мг 20–39 тәулігіне 1 рет 500 мг <20 тәулігіне 1 рет 250 мг Гемодиализде жүрген пациенттер диализдің әр сеансынан соң 250 мг Гемодиализдегі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер. Плазмадағы пенцикловир концентрациясы 4-сағаттық гемодиализ жүргізілген соң 75% төмендейтіндіктен, Фамцикловир Вива Фарм препаратын гемодиализ емшарасынан соң бірден қабылдау керек. Ұсынылған дозалар 1-кестеде келтірілген. Бауыр функциясы бұзылған пациенттер. Ауырлығы жеңіл және орташа дәрежеде бауыр функциясы бұзылған пациенттер үшін препарат дозасын түзету қажет емес. Егде жастағы пациенттер (≥65 жас) Егер бүйрек функциясының бұзылуы жоқ болса, дозаларын модификациялау талап етілмейді.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.