+201 бонус

ЭЗОМЕПРАЗОЛ-ТЕВА 20 мг №14 таб

9:00-ден кейін қолжетімді
4020 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Эзомепразол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Болгария
  • Өндіруші: Балканфарма-Дупница АД
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат ⃰– эзомепразол магний дигидраты 21,75 мг немесе 43.5 мг, қосымша заттар: метакрил қышқылы – этилакрилат сополимері (1:1), тальк, триэтилцитрат, гипромеллоза (2910(3сPs)), қант сфералары NF (меш 60/80), магний стеараты NF, гидроксипропилцеллюлоза, глицерин моностеараты 40-55, полисорбат 80, микрокристалды целлюлоза, повидон К-29/32, макрогол 6000, кросповидон (А типі), натрий стеарил фумараты, Опадрай Қызғылт 03B34284 немесе Опадрай Қызғылт 03B34285 (гипромеллоза (2910(6сPs)), титанның қостотығы (Е171), макрогол (PEG 400), темірдің сары тотығы (Е172), темірдің қызыл тотығы (Е172). ⃰ - 20 мг және 40 мг эзомепразолға баламалы
Қолданылуы
Ересектер Гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы (ГЭРА) - эрозиялық рефлюкс-эзофагитті емдеу - қайталануды болдырмау үшін эрозиялық рефлюкс-эзофагит жазылғаннан кейін ұзаққа созылған демеуші ем - гастроэзофагеальді рефлюкс ауруын симптоматикалық емдеу Helicobacter pylori эрадикациясына арналған біріктірілген ем - Helicobacter pylori-мен астасқан асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы кезінде біріктірілген бактерияға қарсы ем құрамында - Helicobacter pylori-мен астасқан он екі елі ішектің ойық жарасын емдеу - Helicobacter pylori-мен астасқан асқазан және он екі елі ішек ойық жарасының қайталануының профилактикасы Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді (ҚҚСД) қабылдау - ҚҚСД қабылдаумен байланысты асқазанның ойық жарасының жазылуы - қауіп тобына жататын пациенттерде қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді қабылдаумен байланысты асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасының профилактикасы Эзомепразолды қолдануға арналған басқа да жағдайлар - қайта қан кетудің алдын алу мақсатында в/і препараттарын қолданғаннан кейін асқазанның немесе он екі елі ішектің ойық жарасынан қан кеткен пациенттерде ұзаққа созылған ем - Золлингер-Эллисон синдромы 12 жастан асқан балалар мен жасөспірімдер Гастро-эзофагеальді рефлюкс ауруы (ГЭРА) - эрозиялық рефлюкс-эзофагитті емдеу - қайталануды болдырмау үшін эрозиялық рефлюкс-эзофагит жазылғаннан кейін ұзаққа созылған демеуші ем - гастро-эзофагеальді рефлюкс ауруын симптоматикалық емдеу Helicobacter pylori эрадикациясына арналған біріктірілген ем - Helicobacter pylori-мен астасқан асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы кезінде біріктірілген бактерияға қарсы ем құрамында.
Қарсы көрсетілімдер
- эзомепразолға, орын басқан бензимидазолдарға немесе басқа ингредиенттерге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылық - глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі - нелфинавирмен бір мезгілде қабылдау - ГЭРА кезіндегі 12 жасқа дейінгі балалар - гастроэзофагеальді рефлюкс ауруынан өзге, басқа көрсетілімдер бойынша балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер Сақтықпен - бүйректің ауыр жеткіліксіздігі
Дозасы
Ересектер Гастро- эзофагеальді рефлюкс ауруы - эрозиялық рефлюкс-эзофагитті емдеу: 4 апта бойы тәулігіне бір рет 40 мг. Бірінші курстан кейін эзофагиттің жазылуы орын алмаған жағдайда немесе симптомдар сақталған жағдайда, қосымша 4 апталық емдеу курсы ұсынылады. - қайталануды болдырмау үшін эрозиялық рефлюкс-эзофагит жазылғаннан кейін ұзаққа созылған демеуші ем: тәулігіне бір рет 20 мг. - гастро-эзофагеальді рефлюкс ауруын симптоматикалық емдеу: тәулігіне бір рет 20 мг – эзофагиті жоқ пациенттерге. Егер 4 апталық емделуден кейін симптомдар жойылмаса, пациентті қосымша тексеру керек. Ауру симптомдары жойылғаннан кейін препаратты қабылдауды «қажет болған жағдайда» режиміне көшуге болады, яғни симптомдар қайта басталған кезде Эзомепразол-Тева препаратын тәулігіне бір рет 20 мг-ден қабылдауға болады. ҚҚСП қабылдайтын және асқазанның немесе он екі елі ішек ойық жарасының даму қаупі тобына жататын пациенттер үшін емдеуді «қажет болған жағдай» режимінде ұзарту ұсынылмайды. Helicobacter pylori эрадикациясына арналған біріктірілген ем Helicobacter pylori-мен астасқан асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы кезінде біріктірілген бактерияға қарсы ем құрамында Helicobacter pylori-мен астасқан он екі елі ішектің ойық жарасын емдеу, Helicobacter pylori-мен астасқан асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасының қайталануын болдырмау: Эзомепразол-Тева препараттарының 20 мг, амоксициллин 1 г және кларитромицин 500 мг біріктірілімі. Барлық препараттар күніне екі рет 7 күн ішінде қабылданады. Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді (ҚҚСД) қабылдау - ҚҚСД қабылдаумен байланысты асқазан ойық жарасының жазылуы: орташа доза әдетте тәулігіне бір рет 20 мг құрайды. Емдеу ұзақтығы 4-8 апта. - қауіп тобына жататын пациенттерде қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді қабылдаумен байланысты асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасының профилактикасы: тәулігіне бір рет 20 мг. Эзомепразолды қолдануға арналған басқа да жағдайлар - асқазанның немесе он екі елі ішектің ойық жарасы в/і препараттарын қолданғаннан кейін қан кеткен пациенттердегі ұзаққа созылған ем: асқазанның немесе он екі елі ішектің ойық жарасының қайталану профилактикасы үшін в/і емін аяқтағаннан кейін 4 апта ішінде тәулігіне бір рет 40 мг. - Золлингер-Эллисон синдромы: препараттың ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне екі рет 40 мг. Одан әрі дозаны жеке таңдап, көрсетілімдер бойынша емдеуді жалғастыру керек. Қолда бар деректер бойынша пациенттердің көпшілігі препаратты тәулігіне 80-ден 160 мг эзомепразол дозаларында қолдана алады. Тәулігіне 80 мг артық дозаларды бөліп, тәулігіне 2 рет қабылдау керек. 12 жастан асқан балалар Гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы - эрозиялық рефлюкс-эзофагитті емдеу: 4 апта бойы тәулігіне бір рет 40 мг. Бірінші курстан кейін эзофагиттің жазылуы орын алмаған жағдайда немесе симптомдар сақталған жағдайда, қосымша 4 апталық емдеу курсы ұсынылады. - қайталануды болдырмау үшін эрозиялық рефлюкс-эзофагит жазылғаннан кейін ұзаққа созылған демеуші ем: тәулігіне бір рет 20 мг. - гастроэзофагеальді рефлюкс ауруын симптоматикалық емдеу: тәулігіне бір рет 20 мг – эзофагиті жоқ пациенттерге. Егер 4 апталық емделуден кейін симптомдар жойылмаса, пациентті қосымша тексеру керек. Ауру симптомдары жойылғаннан кейін келесі симптомдарды бақылау үшін тәулігіне бір рет 20 мг Эзомепразол-Тева препаратын қабылдауға болады. Helicobacter pylori-мен астасқан асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасын емдеу Тиісті біріктірілген емді таңдау кезінде бактериялардың төзімділігі, емдеу курсының ұзақтығы (анағұрлым жиі кездесетіні 7 күн, кейде 14 күн) және бактерияға қарсы дәрілерді тиісінше қолдану бойынша ресми ұлттық, өңірлік және жергілікті ұсынымдарды ескеру қажет. Емдеу дәрігердің бақылауымен жүргізілуі керек. Ұсынылатын доза: Дене салмағы Дозалау 30-40 кг Біріктірілім: Эзомепразол-Тева 20 мг, амоксициллин 750 мг және кларитромицин кг дене салмағына 7,5 мг, тәулігіне екі рет 1 апта бойы бірге қабылдау. > 40 кг Біріктірілім: Эзомепразол-Тева 20 мг, амоксициллин 1 г және кларитромицин 500 мг бірге тәулігіне екі рет 1 апта бойы. Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек функциясының бұзылуы Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге дозаны түзету талап етілмейді. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде Эзомепразол-Тева препаратын қолдану тәжірибесі шектеулі болғандықтан, бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр дәрежесі бар пациенттерді емдеу кезінде сақ болу керек. Бауыр функциясының бұзылуы Жеңіл және орташа бауыр жеткіліксіздігінде эзомепразол дозасын түзету қажет емес. Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде препараттың ең жоғары тәуліктік дозасын 20 мг-ден асырмау керек. Егде жастағы пациенттер Препараттың дозасын түзету қажет емес. Енгізу әдісі мен жолы Ішке. Таблетканы сумен іше отырып, тұтастай жұту керек. Таблеткаларды шайнауға немесе ұсақтауға болмайды. Жұтыну қиындығы бар пациенттер үшін таблеткаларды ерігенше араластыра отырып, жарты стақан газдалмаған суда ерітуге болады (басқа сұйықтықтарды қолданбаған жөн, өйткені олар микротүйіршіктердің қорғаныш қабығын зақымдауы мүмкін), содан кейін микротүйіршіктердің жүзіндісін бірден немесе 30 минут ішінде ішу керек, содан кейін стақанды қайтадан жартысын сумен толтыру, қалдықты араластыру және ішу керек. Микротүйіршіктерді шайнауға немесе ұсақтауға болмайды. Жұтына алмайтын пациенттерге таблеткаларды газдалмаған суда ерітіп, асқазан зондымен енгізу керек. Препаратты назогастральді зонд арқылы енгізу 1. Таблетканы шприцке салыңыз да, шприцті 25 мл су мен шамамен 5 мл ауамен толтырыңыз. Кейбір зондтар үшін зондтың таблетка түйіршіктерімен бітелуіне жол бермеу үшін препаратты 50 мл ауыз суымен сұйылту қажет болуы мүмкін. 2. Таблеткаларды еріту үшін шприцтің ішіндегісін шамамен екі минут бойы шайқаңыз. 3. Шприцті ұшымен жоғары қаратып ұстаңыз және ұшы бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз. 4. Шприцтің ұштығын зондқа енгізіп, оны жоғары қарай бағыттап ұстауды жалғастырыңыз. 5. Шприцті сілкіп, оның ұштығын төмен қарата бұрыңыз. 5-10 мл ерітілген препаратты зондқа дереу енгізіңіз. Енгізгеннен кейін шприцті бұрынғы қалпына қайтарыңыз және шайқаңыз (ұштықтың бітеліп қалуын болдырмау үшін шприц ұштығымен жоғары ұсталуы тиіс). 6. Шприцті ұштығын төмен қаратып, зондқа тағы 5-10 мл препаратты енгізіңіз. Шприц босап қалғанша осы әрекетті қайталаңыз. 7. Препараттың бір бөлігі шприцте тұнба түрінде қалған жағдайда шприцті 25 мл су мен 5 мл ауамен толтырыңыз және 5-тармақта сипатталған операцияларды қайталаңыз.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.