+322 бонус

ЭЗИКЛЕН 176 мл №2 фл. концентрат Комплекс

6450 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Минеральные соли в комбинации
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Франция
  • Өндіруші: Бофур Ипсен Индастри
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір құтының ішінде белсенді заттар: сусыз натрий сульфаты - 17,510 г, магний сульфаты гептагидраты – 3,276 г, калий сульфаты – 3,130 г қосымша заттар: натрий бензоаты (Е211), сусыз лимон қышқылы, алма қышқылы, сукралоза, жемісті коктейль хош иістендіргіші* * хош иістендіргіштің құрамы: табиғи және синтетикалық хош иістендіргіштер, пропиленгликоль (Е1520), этил спирті, сірке қышқылы, бензой қышқылы (Е210)
Қолданылуы
- ішектің бос болуын қажет ететін кез келген медициналық емшараны жүргізудің алдында (мысалы, ішекті көретін эндоскопиялық және радиологиялық зерттеулер кезінде немесе хирургиялық араласулар алдында) ересек пациенттерде ішекті тазалауда.
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - асқазан-ішек обструкциясы немесе асқазан-ішек обструкциясына күдіктену - ішектің тесілуі - асқазанды босатудың бұзылуы (мысалы, гастропарез) - ішек бітелісі (илеус) - уытты колит немесе уытты мегаколон - профуздық құсу - ауыр дәрежедегі дегидратация - іркілісті жүрек жеткіліксіздігі - асцит - бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (ШС < 30 мл/мин/1,73 м2) - белсенді фазадағы ішек қабыну аурулары (мысалы, Крон ауруы, ойық жаралы колит) - жүктілік, емшекпен қоректендіру кезеңі - 18 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Қолдану жөніндегі нұсқаулар Ішке қабылдау керек. Ішекті тиісінше тазалау үшін Эзиклен препаратының екі құтысын қабылдау қажет болады. Қабылдар алдында әрбір құтының ішіндегісін қоса берілетін тостағанның көмегімен 0,5 л жуық тостағанның жалпы көлеміне дейін сумен сұйылтады. Құтыны ашқаннан және/немесе сумен сұйылтқаннан кейін препарат тез пайдаланылуы тиіс. Кейінгі екі сағат ішінде пациент алынған сұйылтылған ерітіндіні ішуі және шамамен 1 л (белгісіне дейін толтырылған 2 тостаған) су немесе мөлдір сұйықтықты қосымша ішуі тиіс. Рұқсат етілетін мөлдір сұйықтықтар: су, шай немесе кофе (сүт, кілегей қосылмаған немесе кілегейдің сүтті емес алмастырғыштары), газдалған немесе газдалмаған алкогольсіз сусындар, сүзілген жеміс жұмсағынсыз шырындар (қызыл немесе күлгін түсті шырындардан басқа), мөлдір сорпалар немесе қатты ингредиенттері сүзіліп алынған көжелер болып табылады. Жалпы алғанда, емшара жүргізу алдында ішекті тазалауға қажетті ішке қабылданған сұйықтық көлемі шамамен 3 литрді құрайды. Препаратты бөлшектеп қолдану режимінде (екі күнде қабылдау: бірінші құты емшара алдында кешке, ал екіншісі – келесі күні таңертең қабылданады), немесе бір реттік қолдану режимінде (бір күнде қабылдау) қабылдауға болады. Эзиклен препаратын дозалаудың қолайлы режимін дәрігер белгілейді. Тағайындалған емшара уақыты мүмкіндік берсе, бір күнде бір реттік қабылдау режиміне қарағанда, бөлшектеп қолдану режимі дұрыс болады. Бір күнде бір реттік қабылдау режимі препаратты қолданудың ықтималдығы зор баламалы режимі болып табылады. Қолдану әдісі Бөлшектеп қолдану режимі (екі күнде қабылдау) Емшара қарсаңындағы күн: Емшара алдында кешке (мысалы, 18.00) төмендегі нұсқаулықтарды ұстану қажет: • Эзиклен препараты бар бір құтының ішіндегісін қоса берілетін тостағанға құйып, белгісіне дейін сумен сұйылту керек (яғни 0,5 л жуық көлеміне дейін). • Пациент алынған ерітіндіні ішуі тиіс, содан соң кейінгі екі сағат ішінде белгісіне дейін толтырылған екі тостаған су немесе мөлдір сұйықтықты (яғни 1 л жуық) қосымша ішуі қажет. Емшара күні: Емшара күнінде таңертең (препаратты кешкі қабылдаудан кейін 10-12 сағаттан соң) кешкі дозаны қабылдаудың нұсқауларына сәйкес әрекеттер қажет: • Эзиклен препараты бар екінші құтының ішіндегісін қоса берілетін тостағанға құйып, белгісіне дейін сумен сұйылту керек (яғни 0,5 л жуық көлеміне дейін). • Пациент алынған ерітіндіні ішуі тиіс, содан соң кейінгі екі сағат ішінде белгісіне дейін толтырылған екі тостаған су немесе мөлдір сұйықтықты (яғни 1 л жуық) қосымша ішуі қажет. Эзиклен препараты сұйылтылған ерітіндісін толық көлемде және су мен мөлдір сұйықтықтың қосымша мөлшерін қабылдау: анестезия болмаған жағдайда, емшараға дейін кем дегенде 1 сағат бұрын; анестезия жүргізген жағдайда, анестезиолог нұсқауларына сәйкес әдетте, емшараға дейін кем дегенде 2 сағат бұрын аяқталуы тиіс. Бір реттік қолдану режимі (бір күнде қабылдау) (пациенттің жекелей клиникалық қажеттілігіне байланысты пайдалануға арналған баламалы режим) Емшара қарсаңындағы кеш: Емшара алдында кешке (мысалы, 18.00): • Эзиклен препараты бар бір құтының ішіндегісін қоса берілетін тостағанға құйып, белгісіне дейін сумен сұйылту керек (яғни 0,5 л жуық көлеміне дейін). • Пациент алынған ерітіндіні ішуі тиіс, содан соң кейінгі екі сағат ішінде белгісіне дейін толтырылған екі тостаған су немесе мөлдір сұйықтықты (яғни 1 л жуық) қосымша ішуі қажет. Бірінші дозасын қабылдау басталғаннан кейін шамамен 2 сағаттан кейін (мысалы, 20.00): • Эзиклен препараты бар екінші құтының ішіндегісін қоса берілетін тостағанға құйып, белгісіне дейін сумен сұйылту керек (яғни 0,5 л жуық көлеміне дейін). • Пациент алынған ерітіндіні ішуі тиіс, содан соң кейінгі екі сағат ішінде белгісіне дейін толтырылған екі тостаған су немесе мөлдір сұйықтықты (яғни 1 л жуық) қосымша ішуі қажет. Эзиклен препараты сұйылтылған ерітіндісін толық көлемде және су мен мөлдір сұйықтықтың қосымша мөлшерін қабылдау: анестезия болмаған жағдайда, емшараға дейін кем дегенде 1 сағат бұрын; анестезия жүргізген жағдайда, анестезиолог нұсқауларына сәйкес әдетте, емшараға дейін кем дегенде 2 сағат бұрын аяқталуы тиіс. Препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулық Қақпағын басып және оны сағат тіліне қарсы бұра отырып, құтыны ашыңыз. Бір құтының ішіндегісін қоса берілетін тостағанға құйыңыз. Тостағанға белгісіне дейін суды толтырыңыз. Тостағандағы бүкіл сұйықтықты баяу, 30-60 минут бойы ішіңіз МАҢЫЗДЫ: тағы да екі (2) шыныаяқ су немесе мөлдір сұйықтық ішіңіз. Әрқайсысында тостағанда белгісіне дейін толтырыңыз Әрбір тостағандағы бүкіл сұйықтықты баяу, 30 минут бойы ішіңіз 1-6 кезеңдерін орындауға 2 сағат кетеді. Эзиклен препаратының екінші құтысымен барлық кезеңдерді қайталау керек. Емшарадан кейін Емшараға даярлық кезінде жоғалтқан сұйықтықтың орнын толтыруда пациенттер тиісті гидратация деңгейін ұстап тұру үшін сұйықтықтың жеткілікті мөлшерін ішулері тиіс. Диеталық шектеу Емшараны жүргізуден бір күн бұрын таңертеңгі жеңіл асты ішуге болады. Содан соң түскі асқа, кешкі асқа және басқа да тамақтанулар кезінде емшараны жүргізу сәтіне дейін тек қана мөлдір сұйықтықты ішу керек. Қызыл және күлгін түсті сұйықтықтарды, сүт пен ішімдік сусындарын қабылдаудан тартына тұрған жөн. Айрықша топ пациенттері Егде пациенттер Препаратты клиникалық әзірлеу барысында егде пациенттерде және басқа жас тобының пациенттерінде Эзиклен препаратының тиімділігі мен қауіпсіздігінде айырмашылық анықталмаған. Егде пациенттер үшін дозаны түзету қажет етілмейді, алайда мұндай пациенттер үшін жоғары қауіп тобындағы сияқты айрықша сақтандыру шараларын қолданған жөн. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Пациенттердің осы тобы бойынша шектеулі деректер бар. Ауырлығы жеңілден орташа дәрежеге дейінгі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін дозаны түзету қажет етілмейді, алайда жоғары қауіп тобындағы сияқты бұл пациенттерге сақтанудың айрықша шараларын қолданған жөн. Эзиклен препараты ауыр дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолданылмауы тиіс. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Пациенттердің осы тобы бойынша шектеулі деректер бар. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін дозаны түзету қажет етілмейді, алайда жоғары қауіп тобындағы сияқты бұл пациенттерге сақтанудың айрықша шараларын қолданған жөн.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.