+365 бонус

ЕВРА №3 пластыри

7300 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Норэлгестромин и этинилэстрадиол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Венгрия
  • Өндіруші: Гедеон Рихтер
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір ТТЖ құрамында белсенді заттар: 6 мг норэлгестромин және 0,6 мг этинилэстрадиол (әрбір ТТЖ 24 сағат ішінде 203 мкг норэлгестромин және 33,9 мкг этинилэстрадиол бөліп шығарады), қосымша заттар: полиизобутилен мен полибутеннің адгезивті қоспасы, лауриллактат, кросповидон В типі, полиэстерден жасалған тоқыма емес материал, демеуші үлбір, алынатын қорғаныш үлбір.
Қолданылуы
- әйелдердегі контрацепция
Қарсы көрсетілімдер
Төменде аталған аурулардың қандай да біреулері бар болғанда Сіз Евра® ТТЖ пайдаланбауыңыз керек. Егер Сізде төменде аталған аурулардың қандай да біреуі бар болса, дәрігеріңізге хабарлауыңыз қажет. Дәрігеріңіз Сізге бұдан гөрі қолайлы басқа контрацепция түрлері туралы кеңес береді. аяқтағы қан тамырларында (терең веналардың тромбозы), өкпеде (өкпе эмболиясы) немесе басқа ағзаларда тромбтардың болуы немесе даму қаупі қанның ұюына әсер ететін бұзылыстар, мысалы, C протеин тапшылығы, S протеин тапшылығы, антитромбин III тапшылығы, V факторы генінің лейден мутациясы немесе фосфолипидтерге антиденелер ауқымды операция және/немесе ұзақ уақыт кезеңі бойы иммобилизация («Тромбтардың пайда болуы» бөлімін қараңыз) миокард инфарктісі немесе инсульт стенокардия (кеуде қуысының қатты ауыруын туындататын ауру және миокард инфарктісінің бірінші белгісі болуы мүмкін) немесе транзиторлы ишемиялық шабуыл (инсульттің өтпелі симптомдары) артерияларда тромбтың пайда болу қаупін арттыра алатын келесі аурулардың бірі: қантамырлардың зақымдануымен ауыр қант диабеті өте жоғары артериялық қысым қандағы холестерин немесе триглицеридтердің өте жоғары деңгейі гипергомоцистеинемия ретінде белгілі ауру «аурасы бар бас сақинасы» (немесе ол бұрын болған). норэлгестроминге, этинилэстрадиолға немесе осы препараттың кез келген басқа компонентіне аллергия (Дәрілік препараттың құрамы бөлімінде тізбеленген) сүт безі обырына немесе жатыр (эндометрий), жатыр мойны немесе қынап обырына күдіктену бауырдың ісіктері немесе бауыр функциясын төмендеткен бауыр аурулары себебі анықталмаған қынаптан қан кету С вирустық гепатиті және құрамында омбитасвир/паритапревир/ритонавир, дасабувир, глекапревир/ пибрентасвир немесе софосбувир/велпатасвир/воксилапревир бар дәрілік препараттарды қабылдау
Дозасы
Дозалану режимі Препаратты әрқашан Сізге дәрігер немесе фармацевт айтқанындай пайдаланыңыз. - егер дәрігердің тағайындауын сақтамасаңыз, жүкті болу қаупі артады - егер сенімді болмасаңыз, дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз - егер Сіз бұласырды пайдаланған кезде қателесіп кететіндей жағдайға орай, әрдайым гормондық емес контрацептивтерді (мысалы, мүшеқаптар, көбік немесе губка) өзіңізбен алып жүріңіз. Енгізу әдісі және жолы - 1, 2 және 3-апта: бір бұласырды жабыстырып, оны тура жеті күнге қалдырыңыз - 4-апта: бұл аптада бұласырды жабыстырмаңыз

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.