+96 бонус

ЭВКАЗОЛИН АКВА 10 мл спрей

1925 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ксилометазолин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Украина
  • Өндіруші: Фармак ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір грамм спрейдің құрамында белсенді зат - 100 % затқа шаққанда ксилометазолин гидрохлориді – 1 мг, қосымша заттар: бензалконий хлориді; эвкалипт майы; динатрий эдетаты; пропиленгликоль; макрогол 1500; повидон 15; гипромелоза; полисорбат 20; натрий гидрофосфаты, додекагидрат; калий дигидрофосфаты; тазартылған су.
Қолданылуы
- әр түрлі этиологиядағы тұмау - мұрынның қосалқы қуыстарының қабынуы (секрецияның бөлінуін жеңілдету үшін) - ортаңғы отит (мұрын-жұтқыншақтың шырышты қабығының ісінуін азайту үшін) - науқасты мұрын жолдарында диагностикалық манипуляцияларға дайындау (риноскопия)
Қарсы көрсетілімдер
ксилометазолинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық трансфеноидальді гипофизэктомия, анамнезінде трансфеноидальді гипофизэктомияның немесе қатты ми қабығын ашумен хирургиялық араласымдардың болуы глаукоманың жабық бұрышты формасы құрғақ ринит (rhinitis sicca) немесе атрофиялық ринит 12 жасқа дейінгі балалар феохромоцитома қуық асты безінің гипертрофиясы МАО тежегіштерімен қатар емдеу және оларды қолдануды тоқтатқаннан кейін 2 апта ішінде
Дозасы
Ересектерге және 12 жастан бастап балаларға Әр мұрын жолына тәулігіне 3 реттен 1 бүркуден тағайындау керек. Ең жоғары тәуліктік доза - 3 бүрку. Эвказолин® Аква препаратын 10 күннен артық қолдануға болмайды, өйткені ұзақ уақыт қолдану дәрілік ринит тудыруы мүмкін. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Эвказолин® Аква, мұрынға арналған спрейді 12 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды. Енгізу әдісі мен жолы Интраназальді. Дозаланған спрей ерітіндінің дозалану дәлдігін және мұрынның шырышты қабығы беткейіне тиісінше таралуын қамтамасыз етеді. Пайдаланар алдында спрей ауаға бөліне бастағанға дейін бірнеше бүрку қимылын жасап, дозалағыш құрылғыны дайындау қажет. Әрі қарай қолданған кезде дозалағыш құрылғы дереу қолдану үшін дайын тұрады. Спрейді келесі жолмен қолдану керек: препаратты қолданар алдында мұрынды мұқият тазалаңыз; құтыны тігінен ұстап, түбін бас бармағыңызбен демеп тұрыңыз және ұштығын екі саусағыңыздың арасында ұстаңыз; құтыны аздап еңкейтіңіз және ұштығын танауға салыңыз; бүркуді жүзеге асырыңыз және сонымен қатар, мұрын арқылы жеңіл дем алыңыз; қолданғаннан кейін, ұштығының қалпақшасын жабар алдында, ұштығын тазарту және құрғату керек; инфекция жұқтырылуын болдырмау мақсатында, препарат құйылған әрбір құтыны тек бір адамның ғана пайдалануына болады. Соңғы қолданылуын тікелей ұйықтар алдында жүзеге асыру ұсынылады. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы қатарынан 7 күннен аспауы тиіс.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.