+70 бонус

ЭВКАЛИПТ 50 г мазь Др Тайсса

1405 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Др.Тайсс Натурварен ГмбХ
Нұсқаулық
Құрамы
100 г препараттың құрамында белсенді заттар: 7,5 г эвкалипт майы, 7,5 г қарағай қылқаны майы, 5,0 г камфора (рацемиялық), қосымша заттар: тазартылған жүгері майы; қатты май; сары ара балауызы.
Қолданылуы
Бронхитті қоса, жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының бөлініп шығуы қиын қақырық түзілуімен және жөтелмен қатар жүретін қабыну ауруларын кешенді емдеу құрамында
Қарсы көрсетілімдер
 - белсенді компоненттеріне немесе кез келген басқа қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық - ауру тарихында құрысулар бар балалар (фебрильді немесе онсыз) - бронх демікпесімен, көкжөтелмен, жалған қыспақпен және тыныс алу жолдарының аса жоғары сезімталдығымен астасатын тыныс алу жолдарының басқа ауруларынан зардап шегетін пациенттер, өйткені тыныс алу бронх бұлшықеттерінің түйілуін туындатуы мүмкін - тыныс алу жолдарының инфекциялық қабыну ауруларының жедел сатыларында және жедел пневмонияда ингаляция жасауға - препаратты тері аурулары болғанда және бөртпемен (экзантема) бірге жүретін балалар ауруларында тағайындамайды - препаратты ашық жараларда немесе терінің зақымданған бөліктерінде, мысалы күйіктерде пайдалануға болмайды - препаратты тек терінің зақымданбаған бөлігіне ғана жағу керек - 4 жасқа дейінгі балаларға сыртқа - 6 жасқа дейінгі балаларға ингаляция жасауға
Дозасы
Сыртқа. Ересектер мен 4 жастан асқан балаларға жақпамайды жұқа қабатпен арқасы мен кеуде терісіне жеңіл уқалай отырып жағып, содан кейін жағылған жердің жылуын сақтау үшін жылы мақта-матадан тоқылған сүлгімен жауып қою керек. Емшараны күніне бірнеше рет, әсіресе түнге қарай қайталайды. Ингаляция түрінде. Ересектер мен 6 жастан асқан балаларға. Ыстық ерітіндіні (1 л ыстық суда, бірақ қайнап тұрған емес, 2 шай қасық препаратты ерітеді) дайындайды және 5-10 минут бойы ингаляция жүргізеді. Емдеу курсы – дәрігердің ұсынысы бойынша.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.