+35 бонус

ЭУФИЛЛИН 2,4%/5 мл №5 амп САНТО

9:00-ден кейін қолжетімді
700 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Аминофиллин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: Химфарм АО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
5 мл ерітіндінің құрамында белсенді зат - 120.0 мг аминофиллин (құрғақ затқа шаққанда), қосымша зат – инъекцияға арналған су
Қолданылуы
бронх демікпесі, бронхит, өкпе эмфиземасы, жүрек демікпесі кезіндегі бронхообструкциялық синдром (негізінен ұстамаларды басу үшін) демікпелік статус (қосымша ем)
Қарсы көрсетілімдер
эуфиллинге және теофиллинге немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық айқын артериялық гипотензия және гипертензия жедел жүрек жеткіліксіздігі миокард инфарктісінің жедел кезеңі, ауыр коронарлық жеткіліксіздік гипертрофиялық обструкциялық кардиомиопатия пароксизмдік тахикардия, экстрасистолия, тахиаритмия асқазанның және он екі елі ішектің өршу фазасындағы ойық жара ауруы бауырдың және/немесе бүйрек функциясының ауыр бұзылуы эпилепсия алкоголизм гипертиреоидизм, тиреотоксикоз, гипернатриемия өкпенің ісінуі лактация кезеңі геморрагиялық инсульт көздің тор қабығына қан құйылу 14 жасқа дейінгі балаларға
Дозасы
Ересектерге 120-240 мг (5-10 мл 2,4% ерітінді) бойынша вена ішіне баяу (4-6 минут ішінде) енгізеді, алдын ала 10-20 мл натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісінде сұйылтылады. Жүрек соғуы, бас айналу, жүректің айнуы пайда болғанда енгізу жылдамдығын төмендетеді немесе тамшылатып енгізуге көшеді, 100-150 мл натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісінде 10-20 мл 2,4% (240-480 мг) ерітіндісін сұйылтады; минутына 30-50 тамшы таматын жылдамдықпен енгізеді. Тәулігіне 3 ретке дейін, 14 күннен асырмай парентералды енгізеді. Ересектерге ең жоғары бір реттік доза– 250 мг; тәуліктік – 500 мг. Шұғыл жағдайларда ересектерге вена ішіне 6 мг/кг дозада енгізеді, 10-20 мл 0,9 % NaCl ерітіндісінде сұйылтады, кемінде 5 мин ішінде баяу енгізеді. Демікпелік статуста вена ішіне тамшылатып енгізу көрсетілген – 720-750 мг. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Препарат жағымсыз реакцияларға байланысты 14 жасқа дейінгі балаларға ұсынылмайды. Препаратты өмірлік көрсеткіштері бойынша енгізу қажет болғанда балаларға вена ішіне 2-3 мг/кг бір реттік дозада, тәуліктік – 250-500 мг енгізеді. Енгізу жолы және тәсілі Вена ішіне сорғалатып немесе вена ішіне тамшылатып. Емдеу ұзақтығы Емнің ұзақтығын дәрігер анықтайды

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.