+58 бонус

ЭТОВА 400 мг №10 таб

1170 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Этодолак
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Ипка Лабораториз Лимитед
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – этодолак, 400 мг, қосымша заттар - лактоза моногидраты, кросповидон, натрий лаурилсульфаты, повидон, тальк, коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, қабығының құрамы: опадрай қоңыр 03B86607 (гипромеллоза, титанның қостотығы (Е171), макрогол, темірдің қызыл тотығы (Е172), темірдің сары тотығы (Е172)).
Қолданылуы
Ересектерде остеоартроз, ревматоидтық артрит кезінде ауыру синдромын басу үшін көрсетілген.
Қарсы көрсетілімдер
- этодолакқа, қабынуға қарсы стероидты емес басқа препараттарға немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы (соның ішінде, анамнездегісі) - асқазан-ішектен қан кетулер (соның ішінде, анамнездегісі) - анамнезде аспиринді немесе қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды қолданғаннан кейін симптомдар триадасы (демікпе, ринит, аллергиялық бөртпе немесе Квинке ісінуі) дамығаны көрсетілсе - бүйрек, бауыр және жүрек жеткіліксіздігінің ауыр түрі - аортокоронарлық шунттау (АКШ) кезінде операциядан кейінгі ауыруды емдеу үшін - тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге. - жүктілік және бала емізу кезеңі - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге.
Дозасы
Жағымсыз әсерлердің туындау қаупін азайту үшін, препаратты барынша қысқа курспен және симптомдарын басу үшін қажетті ең аз тиімді дозасында қабылдау ұсынылады. Этова препаратының ұсынылатын тәуліктік дозасы 1 немесе 2 қабылданатын 1-2 таблетканы (400-800 мг) құрайды. Ең жоғарғы тәуліктік дозасы 800 мг құрайды. Этова препаратының бастапқы емінің әсерін бақылаудан кейін, дозасы мен қабылдау жиілігі емнің әсерін ескере отырып түзетілуі тиіс. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдануға болмайды. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерге дозасын түзету қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйректің әлсіз және орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерде Этова таблеткаларын дозалау, әдетте, түзетуді қажет етпейді. Ондай пациенттерде Этова препаратын сақ болып пайдалану керек, өйткені, басқа ҚҚСП қолдану, несеп шығару жүйесінің бұзылулары бар пациенттерде бүйрек функциясын қосымша төмендетуі мүмкін. Енгізу әдісі және жолы Ішке қолдануға арналған. Тамақпен немесе тамақтан кейін қабылдау ұсынылады. Таблетканы шайнамау және толық бір стақан сумен ішіп жіберу керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.