+139 бонус

ЭТОРИАКС 60 мг №14 таб

2780 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Эторикоксиб
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Словения
  • Өндіруші: КРКА, д.д., Ново место
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында белсенді зат – 30 мг, 60 мг, 90 мг немесе 120 мг эторикоксиб қосымша заттар: таблетканың ядросы: микрокристалды целлюлоза, кальций гидрофосфаты, натрий кроскармеллозасы, натрий стеарил фумараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы үлбірлі қабығы: поливинил спирті, титанның қостотығы (Е171), макрогол 3000, тальк, темірдің сары тотығы (Е 172) (60 мг дозасы үшін), темірдің қызыл тотығы (Е 172) (90 мг және 120 мг дозасы үшін)
Қолданылуы
Эториакс® ересектер мен 16 жастан асқан жасөспірімдерде остеоартриттің (ОА), ревматоидты артриттің (РА), шорбуынданған спондилиттің, жедел подагралық артритпен байланысты ауыру мен қабынудың симптоматикалық емі үшін қолдануға арналған. Эториакс® ересектер мен 16 жастан асқан жасөспірімдерде стоматологиялық операциялардан кейінгі орташа ауыруды қысқа мерзімде емдеу үшін қолдануға арналған. ЦОГ-2 селективті тежегішін қолдану туралы шешім әрбір нақты пациент үшін жалпы қауіптерді ескере отырып негізделуі тиіс.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық өршу сатысындағы пептидтік ойық жара немесе асқазан-ішектен белсенді қан кету ацетилсалицил қышқылын немесе циклооксигеназа-2 (ЦОГ-2) тежегіштерін қоса, ҚҚСП қолданғаннан кейін анамнезінде бронх түйілуі, жедел ринит, мұрын полиптері, ангионевроздық ісіну, есекжем немесе басқа да аллергиялық реакциялар дамыған пациенттер жүктілік және бала емізу кезеңі бауыр функциясының ауыр бұзылулары (сарысу альбумині <25 г/л немесе Чайлд–Пью шкаласы бойынша бағасы ≥10) анықталған бүйректік креатинин клиренсі <30 мл/мин балалар мен 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерге ішектің қабыну аурулары жүректің іркілісті жеткіліксіздігі (NYHA II-IV) бақыланбайтын тұрақты артериялық гипертензия 140/90 мм.сын.б. жоғары жүректің анықталған ишемиялық ауруы, шеткері артериялардың аурулары және/немесе цереброваскулярлық ауру
Дозасы
Эторикоксибтің дозасы мен қолданылу ұзақтығын арттырған кезде жүрек-қантамыр асқынуларының қаупі жоғарылауы мүмкін болғандықтан, препаратты барынша қысқа уақыт мерзімінде ең төмен тиімді дозаларында қолдану керек. Әсіресе, остеоартриті бар пациенттерде ауырудың симптоматикалық емінің қажеттілігі мен жүргізілген емге жауапты мезгіл-мезгіл қайта қарастырып отыру керек. Остеоартрит Ұсынылатын доза тәулігіне бір рет 30 мг құрайды. Кейбір пациенттерде әсері жеткілікті болмағанда дозаны күніне бір рет 60 мг-ге дейін арттыру мәселесі қарастырылуы мүмкін. Әсері болмаған жағдайда, емдеудің басқа ықтимал әдістері жөніндегі мәселені қарастыру керек. Ревматоидты артрит Ұсынылатын доза – тәулігіне бір рет 60 мг. Кейбір пациенттерде тәулігіне бір рет 90 мг дозаны қабылдау емдік әсерінің күшеюіне әкелуі мүмкін. Пациент клиникалық тұрақтанғаннан кейін дозаны тәулігіне бір рет 60 мг дейін төмендету қажет болуы мүмкін Әсері болмаған жағдайда, емдеудің басқа ықтимал әдістері жөніндегі мәселені қарастыру керек. Шорбуынданатын спондилит Ұсынылатын доза – тәулігіне бір рет 60 мг. Кейбір пациенттерде тәулігіне бір рет 90 мг дозаны қабылдау емдік әсерінің күшеюіне әкелуі мүмкін. Пациент клиникалық тұрақтанғаннан кейін дозаны тәулігіне бір рет 60 мг дейін төмендету қажет болуы мүмкін Әсері болмаған жағдайда, емдеудің басқа ықтимал әдістері жөніндегі мәселені қарастыру керек. Жедел ауыру синдромын емдеу Эторикоксибті тек жедел ауыру синдромы кезеңінде қолдану керек. Жедел подагралық артрит Ұсынылатын доза тәулігіне бір рет 120 мг құрайды. Жедел подагралық артрит үшін жүргізілген клиникалық зерттеулерде эторикоксиб 8 күн бойы тағайындалды. Хирургиялық стоматологиядағы операциядан кейінгі ауырсыну Ұсынылатын дозасы ең көп дегенде 3 күн бойы тәулігіне бір рет 90 мг құрайды. Қажет болған жағдайда, кейбір пациенттер үшін Эториакс® препаратына қосымша операциядан кейінгі ауыруды басудың басқа әдістері қарастырылуы мүмкін. Әрбір көрсетілім үшін ұсынылған дозасынан асатын дозаларының не қосымша тиімділігі жоқ, немесе зерттелмеген. Сәйкесінше: - ОА кезіндегі дозасы тәулігіне 60 мг-дан аспауы тиіс - РА және шорбуындаған спондилит кезіндегі дозасы тәулігіне 90 мг-ден аспауы тиіс - жедел подагра кезіндегі дозасы тәулігіне 120 мг-ден аспауы тиіс, ал емдеу ең көп дегенде 8 күн бойы жүргізіледі; - стоматологиялық операциядан кейін жедел ауыру кезіндегі доза тәулігіне 90 мг-ден аспауы тиіс, ал емдеу ең көп дегенде 3 күн бойы жүргізіледі. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Эторикоксибті балалар мен 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолдануға болмайды. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде дозасын түзету қажет емес. Басқа препараттарды қолданғандағыдай, егде жастағы пациенттерде сақтық таныту керек. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясы бұзылуының ауырлық дәрежесі жеңіл пациенттерде (Чайлд-Пью бойынша 5-6 балл) көрсетілімдеріне қарамастан, тәулігіне бір рет 60 мг дозадан аспауы керек. Бауыр функциясы бұзылуының ауырлық дәрежесі орташа пациенттерде (Чайлд-Пью бойынша 7-9 балл), көрсетілімдеріне қарамастан, тәулігіне бір рет 30 мг дозадан аспауы тиіс. Клиникалық қолдану тәжірибесі, әсіресе, бауыр функциясы орташа бұзылған пациенттерде шектеулі, сондықтан сақтық таныту ұсынылады. Бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерде клиникалық қолдану тәжірибесі жоқ (Чайлд-Пью бойынша ≥ 10 балл), сондықтан препаратты мұндай пациенттерде қолдануға болмайды. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Креатинин клиренсі ≥30 мл/мин пациенттерде препараттың дозасын түзету қажет емес. Креатинин клиренсі <30 мл/мин пациенттерде эторикоксибті қолдануға болмайды. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдауға арналған Эториакс® препаратын ас ішуге байланыссыз ішке қабылдайды. Егер Эториакс® препаратын ас ішер алдында қабылдаса, әсер етуі тезірек басталады. Симптомдарды тез азайту қажет болған жағдайда ескерген жөн.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.