+194 бонус

ЭТОГЕТ 60 мг №30 таблеток

3890 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Эторикоксиб
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Пакистан
  • Өндіруші: Getz Pharma (Pvt.) Limited
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - эторикоксиб 60 мг, 90 мг, 120 мг қосымша заттар: Авицел РН-101 (микрокристалды целлюлоза), сусыз дикальций фосфаты (DiCafos), натрий кроскармеллозасы, магний стеараты қабықтың құрамы: Опадри II ақ 85F18422, Опадри II қоңыр 85F265035
Қолданылуы
Ересектерге және 16 жастан асқан жасөспірімдерге - остеоартритті, ревматоидтық артритті, шорбуынданған спондилитті, жедел подагралық артритпен байланысты ауыру мен қабынуларды симптоматикалық емдеу үшін. - стоматологиялық операциялардан кейінгі орташа ауыруды қысқа мерзімдік емдеу үшін. ЦОГ-2 іріктелген тежегішін тағайындау туралы шешім әрбір нақты пациент үшін жалпы қауіптерді ескере отырып негізделуге тиіс.
Қарсы көрсетілімдер
эторикоксибке немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық өршу сатысындағы пептикалық ойық жара немесе асқазан-ішектік жедел қан кету циклооксигеназа-2 (ЦОГ-2) тежегіштерін қоса, ацетилсалицил қышқылы немесе қабынуға қарсы стериодты емес препараттарды (ҚҚСП) қолданғаннан кейін анамнезінде бронхтың түйілуі, жедел ринит, мұрын полиптері, ангионевроздық ісіну, есекжем немесе басқа да аллергиялық реакциялар дамыған пациенттер бауыр функциясының ауыр бұзылулары (қан сарысуының альбумині <25 г/л немесе Чайлд–Пью шкаласы бойынша ≥10 балл) анықталған бүйректік креатинин клиренсі минутына <30 мл ішектің қабыну аурулары жүректің іркілген жеткіліксіздігі (NYHA II-IV) бақыланбайтын тұрақты артериялық гипертензия 140/90 мм.с.б. жоғары анықталған жүректің ишемиялық ауруы, шеткері артерия аурулары және/немесе цереброваскулярлық ауру жүктілік және бала емізу кезеңі 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
Эторикоксибті қолданған кезде жүрек-қантамыр асқынуларының туындау қаупі дозаны арттырғанда және ұзақ қолданғанда жоғарылауы мүмкін болғандықтан, барынша қысқа уақыт кезеңінде тиімді ең төмен дозаларды пайдалану керек. Әсіресе остеоартриті бар пациенттерде симптомдарды жеңілдету қажеттілігіне және жүргізілген емге жауапқа мезгіл-мезгіл баға беруді қайталап отыру керек. Остеоартрит Ұсынылатын доза тәулігіне бір рет 30 мг құрайды. Кейбір пациенттерде әсері жеткілікті болмағанда дозаны күніне бір рет 60 мг-ге дейін арттыру мәселесі қарастырылуы мүмкін. Әсері болмағанда басқа да ықтималды емдеу әдістерін қарастыру керек. Ревматоидты артрит Ұсынылатын доза – тәулігіне бір рет 60 мг. Кейбір пациенттерде әсері жеткілікті болмағанда дозаны тәулігіне бір рет 90 мг дейін ұлғайту туралы мәселені қарастыру керек. Пациенттің жай-күйі тұрақтанғаннан кейін, дозаны тәулігіне 60 мг дейін төмендету жеткілікті. Әсері болмағанда басқа да ықтималды емдеу әдістерін қарастыру керек. Шорбуынданатын спондилит Ұсынылатын доза тәулігіне бір рет 60 мг құрайды. Кейбір пациенттерде жеткілікті әсері жоқ болғанда дозаны тәулігіне бір рет 90 мг дейін арттыру туралы мәселені қарастыру керек. Пациенттің жай-күйі тұрақтанғаннан кейін, дозаны тәулігіне 60 мг дейін төмендету жеткілікті. Әсері болмағанда басқа да ықтимал емдеу әдістерін қарастыру керек. Жедел ауыру жай-күйі Эторикоксибті тек қатты ауыру симптомдары кезеңінде қолдану керек. Жедел подагралық артрит Ұсынылатын доза тәулігіне бір рет 120 мг құрайды. Жедел подагралық артритті емдеуде эторикоксибты 8 күн бойы қолданғаны туралы клиникалық тәжірибе бар. Хирургиялық стоматологияда операциядан кейінгі ауыру Ұсынылатын доза ең көбі 3 күн бойы тәулігіне бір рет 90 мг құрайды. Кейбір пациенттер үшін қажет болғанда Этогет препаратына қосымша операциядан кейінгі ауыруды басу үшін басқа да әдістер қарастыру қажет болуы мүмкін. Әр көрсетілім үшін ұсынылғаннан жоғары дозалардың не қосымша тиімділігі жоқ, не болмаса зерттелмеген. Сондықтан: - остеоартритте доза тәулігіне 60 мг-ден аспауға тиіс - ревматоидты артритте және шорбуынданатын спондилитте доза тәулігіне 90 мг-ден аспауға тиіс - жедел подаграда доза тәулігіне 120 мг-ден аспауға тиіс, ал емдеу ең көп дегенде 8 күн бойы жүргізіледі - стоматологиялық операциядан кейінгі қатты ауыру кезіндегі доза тәулігіне 90 мг-ден аспауға тиіс, ал емдеу ең көп дегенде 3 күн бойы жүргізіледі. Балалар Эторикоксиб 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қарсы көрсетілімде. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттер үшін дозаны түзетудің қажеті жоқ. Басқа препараттарды қолданғандағыдай егде жастағы пациенттерде сақтық таныту керек. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Көрсеткіштерге тәуелсіз, ауырлығы жеңіл дәрежелі (Чайлд–Пью бойынша 5-6 балл) бауыр функциясы бұзылған пациенттерде дозаны тәулігіне бір рет 60 мг-ден асыруға болмайды. Ауырлығы орташа дәрежелі (Чайлд–Пью бойынша 7-9 балл) бауыр функциясы бұзылған пациенттерде, көрсетіліміне қарамай, дозаны күніне бір рет 30 мг-ден асырмау керек. Препаратты қолданудың, атап айтқанда, бауыр функциясы ауырлығы орташа бұзылуы бар пациенттерде клиникалық тәжірибесі шектеулі, сондықтан сақтық таныту ұсынылады. Бауыр функциясы ауыр түрде бұзылған (Чайлд–Пью шкаласы бойынша ≥10 балл) пациенттерде препаратты қолданудың клиникалық тәжірибесі жоқ, сондықтан препаратты мұндай пациенттерге қолдануға болмайды. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Креатинин клиренсі минутына ≥30 мл пациенттерде препарат дозасын түзетудің қажеттілігі жоқ. Креатинин клиренсі <30 мл/мин пациенттерде эторикоксибты қолдануға болмайды. Енгізу әдісі және жолы Препаратты ас ішуге байланыссыз ішке қабылдайды. Егер препаратты ас ішудің алдында қабылдаса, әсері тез басталады, мұны симптомдарын тез басу қажет болғанда ескеру керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.