+94 бонус

ЭТОДИН СР 600 мг №10 таб

1890 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: NOBEL
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – микрондалған этодолак 600 мг, қосымша заттар: метоцел К100 LVCR, лактоза моногидраты, натрий фосфаты дигидраты, этилцеллюлоза, тальк, магний стеараты, №13 үлбірлі жабын, №13 үлбірлі жабынның құрамы (OpadryYS-1-7003 ақ): гипрометил-целлюлоза НРМС 2910 (3 cP) және гипрометилцеллюлоза НРМС 2910 (6 cP), титанның қостотығы (Е 171), полиэтиленгликоль/макрогол (MW 400), полисорбат 80.
Қолданылуы
- остеоартрит, ревматоидты артрит кезіндегі ауырсыну синдромында
Қарсы көрсетілімдер
- этодолакқа және қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық - асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасы (оның ішінде анамнезінде) - асқазан-ішектен қан кетулер (оның ішінде анамнезінде) - аспиринді немесе қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды қолданғаннан кейін симптомдар триадасының (астма, ринит, аллергиялық бөртпе немесе Квинке ісінуі) дамуына анамнезде нұсқау - бүйрек, бауыр және жүрек жеткіліксіздігінің ауыр түрі - жүктіліктің үшінші триместрінде - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер - тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға қолдануға болмайды
Дозасы
Ересектер: тәулігіне 1 рет 1 таблеткадан (600 мг) ұсынылады. Пациенттердің ерекше топтары Балалар: Ұсынылмайды. Егде жастағы адамдар: Егде жастағы пациенттерге дозаны түзету қажет емес. Егде жастағы адамдар жағымсыз реакциялардың ауыр салдарының жоғары қаупіне бейім. Егер ҚҚСП қажет деп саналса, ең төмен тиімді доза ең қысқа ұзақтығы үшін де пайдаланылуы тиіс. ҚҚСП емі кезінде пациентті асқазан-ішектен қан кетулерге үнемі бақылау керек. Енгізу әдісі мен жолы Пероральді қолдануға арналған. Таблетканы шайнауға болмайды және тамақтан кейін толық бір стақан су ішіп, жұту керек. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Бұл препаратты әрдайым емдеуші дәрігердің ұсынымдарына сәйкес қабылдаңыз. Күмән туындаған кезде дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.