+189 бонус

ЭТОДИН ДУО 500/8 мг №14 таблеток

3780 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Противовоспалительных препаратов комбинации прочие
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Нобел Илач Санаи ве Тиджарет А.Ш.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 500 мг этодолак және 8мг тиколхикозид қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза PH 101, натрий кроскармеллозасы, повидон К30, микрокристалды целлюлоза PH 200, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты үлбірлі қабық материалы (Opadry II 85F20694 көк): поливинил спирті, полиэтиленгликоль(макрогол), тальк, титанның қостотығы, FD&C көк №2/ индигокармин негізіндегі алюминий лагі
Қолданылуы
ЭТОДИН® ДУО препараты ересектер мен 16 жастан асқан жасөспірімдерде остеоартрозды, омыртқа діңінің ауыру синдромдарын, буынмен байланыссыз ревматизмді, омыртқаның жедел патологиясы кезіндегі бұлшықеттің ауырып түйілулерін емдеу үшін және жарақаттар мен хирургиялық араласымдардан кейінгі ауырулар кезінде қолданылады.
Қарсы көрсетілімдер
этодолакқа және/немесе құрамында тиоколхикозид бар қосылыстарға, сондай-ақ, препарат құрамындағы заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдықта; болуы мүмкін айқаспалы дәрі-дәрмектік реакцияларға байланысты немесе анамнезінде жедел демікпе, ринит немесе есекжем болған пациенттерде аспиринмен немесе басқа да ҚҚСП препараттарымен емдеу кезінде дамыған аллергиялық реакция жағдайында; ҚҚСП препараттарымен алдыңғы емге байланысты анамнездегі асқазан-ішектен қан кетулер немесе тесілу жағдайында; Шунттаудың және кардиохирургияның алдындағы немесе одан кейінгі жүрек жеткіліксіздігінде; асқазанның белсенді ойық жарасы немесе анамнездегі асқазанның ойық жарасы жағдайында (басқа ҚҚСП препараттарынан туындаған, асқазан-ішектен қан кетулерді қоса); босаң салдануда; бұлшықет гипотониясы кезінде; Жүктілік және лактация кезеңінде; 16 жас шамасындағы және одан кіші педиатриялық пациенттер, сондай-ақ, Ұрпақ өрбіту жасындағы, контрацепцияның тиімді әдістерін пайдаланып жүрмеген әйелдер.
Дозасы
Басқа ҚҚСП жағдайындағы сияқты, әрбір пациент үшін ең аз дозаны табу қажет. Ересектерге 1 таблеткадан күніне ең көп дегенде 2 рет, әр 12 сағат сайын қабылдау керек. Емдеу ұзақтығы 7 күн. Енгізу әдісі және жолы Ішке, ас ішуге байланыссыз. Балалар: Қауіпсіздік мақсаттарында, ол 16 жасқа толмаған пациенттерде қолданылмайды. Егде жастағы пациенттер: Егде жаста, әдетте, дозаны түзету қажет емес. Егде жастағы пациенттерде жағымсыз реакциялардың туындау қаупі жоғары. Ең төмен тиімді дозаны, симптомдарды бақылау үшін қажетті ең қысқа уақытты пайдалана отырып, жағымсыз әсерлерді мүмкіндігінше көбірек азайтуға болады. Пациенттер ҚҚСП емі кезінде асқазан-ішектен қан кету қаупіне мұқият бақылануы тиіс. Бүйрек пен бауыр функциясының жасы үлкеюіне қарай төмендегенін ескеру керек. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер: Бауыр жеткіліксіздігі бар адамдарда этодолак фармакокинетикасы зерттелмеген. Этодолак препаратын енгізгеннен кейін плазмалық ақуыздың байланыстырылуы және толық және еркін этодолактың диспозициясы компенсацияланған бауыр циррозы болған кезде өзгерген жоқ. Бауырдың созылмалы аурулары бар пациенттерде дозаны түзету жиі талап етілмесе де, этодолак клиренсі бауыр функциясына байланысты және бауырдың ауыр жеткіліксіздігі пациенттерде төмендеуі мүмкін. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер: Бүйрек жеткіліксіздігі бар адамдарда этодолак фармакокинетикасы зерттелмеген. Этодолак клиренсі этодолакты қабылдағаннан кейін орташа бүйрек жеткіліксіздігі кезінде (креатинин клиренсі 37-88 мл/мин) өзгерген жоқ. Бүйрек элиминациясы этодолак метаболиттерін бөлудің маңызды жолы болып табылатынына қарамастан, бүйрек дисфункциясының жеңіл және орташа ауырлық дәрежесі бар пациенттерде, әдетте, дозаны түзетудің қажеті жоқ. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігімен пациенттерде Этодолак препаратының плазма ақуыздарымен байланысуы азаяды. Этодолак препаратын мұндай пациенттерде сақтықпен қолдану керек, өйткені басқа ҚҚСП сияқты кейбір пациенттерде ол бүйрек функциясының одан әрі төмендеуіне әкелуі мүмкін. Этодолак гемодиализден өтетін пациенттерде қаннан айтарлықтай жойылмайды. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде тиоколхикозид қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.