+522 бонус

ЭТАЦИЗИН 50 мг №50 таб

10450 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Этацизин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Латвия
  • Өндіруші: Олайнфарм АО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат: этацизин, 50 мг, қосымша заттар: ядро: картоп крахмалы, сахароза, метилцеллюлоза, кальций стеараты, қабық: сахароза, повидон, хинолинді сары (Е 104) және «күн батар түстес» сары бояғыштары (Е 110), кальций карбонаты, негізгі магний карбонаты, титанның қостотығы (E 171), коллоидты кремнийдің қостотығы, карнауб балауызы.
Қолданылуы
қарыншалық және қарыншаүстілік экстрасистолия қарыншалық және қарыншаүстілік тахикардия жүрекшелердің жыпылықтауы және дірілдеуі Асқынуларды болдырмау үшін дәрігердің тағайындауымен қатаң түрде қолдану керек.
Қарсы көрсетілімдер
этацизинге немесе қосымша заттарға жоғары сезімталдық жүректің құрылымдық зақымдануы (оның ішінде жедел коронарлық синдром, жедел миокард инфарктісі және жедел миокард инфарктісінен кейін 3 ай бойы, сол жақ қарынша миокардінің айқын гипертрофиясы, жүрек қуыстарының айқын дилатациясы) өткізгіштіктің айқын бұзылулары (оның ішінде ІІ дәрежелі синоатриальді блокада немесе басқа sinus arrest жағдайлары, ырғақтың жасанды жүргізуші болмаған кезде ІІ және ІІІ дәрежелі атриовентрикулярлық блокада), қарыншаішілік өткізгіштіктің бұзылуы (Гис шоғыры тармақшаларының толық блокадасы) сол жақ қарынша миокардінің айқын гипертрофиясы инфаркттан кейінгі кардиосклероздың болуы кардиогенді шок айқын артериялық гипотензия NYHA жіктеуі бойынша III-IV сатыдағы жүрек жеткіліксіздігінің ауыр түрі, сол жақ қарыншаның лықсу фракциясының төмендеуі (эхокардиография деректері) бауыр және/немесе бүйрек функциясының ауыр бұзылулары жүктілік және бала емізу кезеңі 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер ІС класты басқа аритмияға қарсы дәрілерді бір мезгілде қолдану ІА класты аритмияға қарсы дәрілерді бір мезгілде қолдану моноаминоксидаза (МАО) тежегіштерін бір мезгілде қолдану Гис жүйесі-Пуркинье талшықтары арқылы өтетін блокадалармен біріккен, жүрек ырғағының бұзылуының кез-келген түрлері. Ерекше сақтықпен – синус түйінінің әлсіздігі синдромында, брадикардияда, I дәрежелі АV блокадасында, жүректің ишемиялық ауруы, шеткері қан айналымының ауыр бұзылуында, I функционалдық кластың созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде, глаукоманың жабық бұрышты түрінде, қуықасты безінің қатерсіз гипертрофиясында, кардиомегалияда (аритмогендік әсердің даму қаупі артатындықтан), электролиттік теңгерімнің бұзылуында (гипокалиемия, гиперкалиемия, гипомагниемия), бауыр/бүйрек жеткіліксіздігінде.
Дозасы
Әдетте доза күніне 2-3 рет 50 мг құрайды. Клиникалық әсері жеткіліксіз болған кезде дозаны (электрокардиограмманы – ЭКГ міндетті түрде бақылай отырып) тәулігіне 4 рет 50 мг-ға (200 мг) немесе тәулігіне 3 рет 100 мг-ге (300 мг) дейін арттырады. Тұрақты аритмияға қарсы әсерге қол жеткізгеннен кейін демеуші ем жеке таңдалған ең аз тиімді дозаларда жүргізіледі. Ең жоғары бір реттік доза - 100 мг. Ең жоғары тәуліктік доза - 300 мг. Емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды. Кейбір пациенттерге тұрақты аритмияға қарсы әсерге қол жеткізу үшін бета-адреноблокатормен біріктірілген ем құрамында Этацизин ұсынылады. Пациенттердің ерекше топтары Балалар 18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды, өйткені қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы жеткілікті мәліметтер жоқ. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерге сақтық таныту керек, бастапқы дозаны төмендету және дозаны абайлап арттыру қажет. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Ұзақ емдеген кезде бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерге сақ болу керек, өйткені гепатоуытты әсер болуы мүмкін (бауыр функциясының ауыр бұзылуы кезінде қолдануға болмайды). Енгізу әдісі мен жолы Ішке, тамақ ішуге қарамастан.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.