+260 бонус

ЭТАЦИД 0,05% 18 г 140 доз

5210 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Мометазон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Уорлд Медицин Илач Сан.ве Тидж А.Ш
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 г суспензияның құрамында белсенді зат - 0,5 мг мометазон фуроаты, қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза және натрий кроскармеллозасы, натрий цитраты, глицерин, лимон қышқылы моногидраты, полисорбат 80, бензалконий хлориді, тазартылған су.
Қолданылуы
- ересектер мен 3 жастан асқан балалардағы маусымдық аллергиялық ринит немесе жыл бойғы ринит симптомдарын емдеуде - 18 жастан асқан ересек пациенттердегі мұрын полиптерін емдеуде
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - мұрынның шырышты қабығының зақымдануы бар емделмеген жергілікті инфекциялардың болуы (мысалы, қарапайым герпес) - жуырда бастан өткерген хирургиялық операциялар немесе мұрын қуысының жарақаттары (кортикостероидтар жараның жазылуын баяулатады, сондықтан жара толық жазылғанға дейін жергілікті мұрын ішіне қолдануға арналған кортикостероидтарды тағайындауға болмайды)
Дозасы
Маусымдық аллергиялық ринит немесе жыл бойғы ринит 12 жастағы және одан асқан жасөспірімдерде және егде жастағы пациенттерді қоса ересектерде препараттың ұсынылатын дозасы тәулігіне 1 рет (жалпы тәуліктік дозасы 200 мкг препаратты құрайды) әр мұрын жолына 2 бүркуден (әрқайсысы 50 мкг) құрайды. Емдік әсерге қол жеткізгеннен кейін демеуші ем үшін дозаны әр мұрын жолына 1 бүркуге дейін (жалпы тәуліктік дозасы – 100 мкг) төмендеткен жөн. Егер препаратты қолдану кезінде ұсынылған емдік дозада қолданумен ауру симптомдарының айқындылығын төмендету мүмкін болмаған жағдайда препараттың тәуліктік дозасы тәулігіне 1 рет (жалпы тәуліктік доза – 400 мкг) әр мұрын жолына 4 бүркуге дейін арттырылуы мүмкін. Ауру симптомдарының айқындылығы азайғаннан кейін дозаны төмендету ұсынылады. 3-тен 11 жасқа дейінгі жастағы балаларда ұсынылған доза тәулігіне 1 рет (жалпы тәуліктік доза – 100 мкг) әр мұрын жолына 1 бүркуді (50 мкг) құрайды. Маусымдық аллергиялық риниті бар пациенттердің бір бөлігінде мометазон фуроаты мұрын спрейі бірінші қолданғаннан кейін 12 сағат бойы әсер етуінің басталуының клиникалық маңызы бар. Алайда емдеуден толық пайдаға алғашқы 48 сағаттың ішінде қол жетпеуі мүмкін, сондықтан пациентке толық емдік әсерге қол жеткізу үшін ұдайы қолдануды жалғастыру қажет. Анамнезде қалыпты және ауыр деңгейдегі маусымдық аллергиялық риниттің симптомдары бар пациенттерге гүлдену маусымының күтілетін басталуына дейін бірнеше күн бұрын Этацид мұрын спрейімен емдеуді бастау қажет болуы мүмкін. Мұрын полипозы Полипозды емдеу үшін ұсынылатын бастапқы доза тәулігіне 1 рет (жалпы тәуліктік дозасы – 200 мкг) әр мұрын жолына 2 бүркуді (әрқайсысы 50 мкг) құрайды. Егер 5-6 апта емнен кейін ауру симптомдарының айқындылығын төмендету мүмкін болмаған жағдайда дозасы тәулігіне 2 рет (жалпы тәуліктік дозасы – 400 мкг) әр мұрын жолына 2 бүркуге дейін арттырылуы мүмкін. Дозаны ауру симптомдары тиімді бақыланатын ең төмен дозаға дейін төмендеткен жөн. Егер препаратты тәулігіне 2 рет 5-6 апта бойы қолданғаннан ауру симптомдарының айқындылығын төмендету мүмкін болмаса, пациенттің жағдайын қайта бағалаған және емдеудің баламалы әдістерін қарастырған жөн. Енгізу әдісі мен жолы Препарат мұрын ішіне қолдануға арналған. Көзге түсіп кетуден сақтану керек. Мұрынға арналған спрейді алғаш қолданар алдында дозалағыш құрылғыны «калибрлеуді» 10 рет басу (біртекті спрейді алғанға дейін) арқылы жүргізу қажет. «Калибрлеуден» кейін дәрілік заттың стереотиптік берілуі белгіленеді, онда әр басу кезінде құрамында 50 мкг мометазон фуроаты бар препараттың шамамен 100 мг суспензиясы шығарылады. Егер препарат 14 күн бойы немесе одан көп қолданылмаса, онда кезекті қолданар алдында спрейді біртекті шашуды алғанға дейін дозалағыш құрылғыны екі рет басу арқылы қайта «калибрлеу» қажет. Әр қолданар алдында құтыны сілку қажет. Заттаңбада көрсетілген дозаның мөлшерін пайдаланғаннан кейін немесе алғашқы қолданғаннан кейін 2 айдан кейін құтыны тастау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.