ЭСЗОЛ 100 мг №10 таб

4840 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Кусум Хелткер Пвт. Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 100 мг итраконазол, қосымша заттар: сфералық қант, микрокристалды целлюлоза, гидроксипропилметилцеллюлоза, лактоза моногидраты, натрий крахмалгликоляты (А типі), натрий кроскармеллозасы, төмен орынбасқан гидроксипропилцеллюлоза, повидон К 30, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, тазартылған су, метиленхлорид, 2 – пропанол қабықтың құрамы: Opadry II қызғылт 85G54039*. * - титанның қостотығы (Е 171), темірдің (III) қызыл тотығы (Е172)
Қолданылуы
ЭСЗОЛ® мынадай зеңдік ауруларда қолданылады: Беткейлік микоздар: вульвоқынаптық кандидоз, кебек тәрізді теміреткі, дерматофитоз, ауыз қуысының шырышты қабығының кандидозы және зеңдік кератит. Дерматофиттерден және/немесе ашытқы тәрізді саңырауқұлақтардан туындаған онихомикоздар. Жүйелі микоздар: аспергиллез және кандидоз, криптококкоз (криптококктық менингитті қоса алғанда): иммун тапшылығы бар пациенттерде және орталық жүйке жүйесінің криптококкозы бар барлық пациенттерде ЭСЗОЛ®, егер емдеудің бірінші желі препараттары осы жағдайда қолданылмайтын немесе тиімді емес жағдайларда ғана тағайындалуы тиіс; гистоплазмоз, споротрихоз, паракокцидиоидомикоз, бластомикоз және басқа да сирек жүйелі микоздар.
Қарсы көрсетілімдер
- итраконазолға немесе аталған қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - CYP3A4 субстраттарын бір мезгілде қабылдау. Жоғарыда аталған препараттардың итраконазолмен бірге қолданылуына байланысты, олардың қан плазмасындағы концентрациясының жоғарылауы жағымсыз әсерлерді күшейтіп жіберуі және өмірге қауіп төндіруі ықтимал жағдайларды туындатуы мүмкін. Мысалы, жоғарыда аталған препараттардың қан плазмасындағы концентрациясының жоғарылығы QT аралығының ұзаруына, сондай-ақ, "пируэт" типті қарыншалық тахикардия немесе өлімге соқтыруы ықтимал аритмия жағдайларын қоса, қарыншалық тахиаритмияға алып келуі мүмкін. - ЭСЗОЛ® таблеткалары өмірге қауіп төндіретін немесе басқа күрделі инфекцияларды емдеу жағдайларын қоспағанда, қарыншалық дисфункция белгілері бар, мысалы, жүректің іркілісті жеткіліксіздігі бар (ЖІЖ) немесе анамнезінде ЖІЖ болған пациенттерге тағайындалмауы тиіс. - өмірге қауіп төндіретін жағдайларды қоспағанда, жүктілік кезеңі. - ЭСЗОЛ® таблеткаларын қабылдап жүрген, бала тууға қабілетті жастағы әйелдер контрацепцияның тиісті әдістерін пайдалануы тиіс. Тиімді контрацепция ЭСЗОЛ® таблеткаларымен емдеу аяқталғаннан кейінгі алғашқы етеккір кезеңінде де жалғастырылуы тиіс. - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер.
Дозасы
ЭСЗОЛ® таблеткалары оңтайлы сіңуі үшін оны тойып тамақ ішкеннен кейін бірден қабылдау керек. Таблеткаларды тұтастай жұту керек. Беткейлік зеңдік инфекцияларды емдеу

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.