+212 бонус

ЭСТРИНОРМ 0,5 мг №15 супп. ваг Эстрадиол

4240 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Эстриол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Республика Молдова
  • Өндіруші: ФАРМАПРИМ, ООО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір суппозиторийдің құрамында белсенді зат - эстриол 0,5 мг, қосымша зат: қатты май.
Қолданылуы
Препарат ересек әйелдерде және егде жастағы әйелдерде вульваның және қынап ауруларын емдеу үшін қолдануға арналған: эстрогеннің жеткіліксіздігіне байланысты несеп шығару жолдарының төменгі бөліктерінің атрофиясын емдеуге арналған орын басатын гормондық емде (ОБГЕ), менопаузадан кейін әйелдерде қынап арқылы хирургиялық араласуларда оларды операцияға дейін және операциядан кейін емдеуде атрофиялық өзгерістер аясында жатыр мойнының цитологиялық зерттеулерінің түсініксіз нәтижесінде (ісік үдерісіне күдік болғанда) диагноз анықтау үшін.
Қарсы көрсетілімдер
эстриолға немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық диагноз қойылған, анамнезде болған немесе күмәнді сүт безі обыры диагноз қойылған немесе күмәнді эстрогенге тәуелді қатерлі ісіктер (мысалы, эндометрий обыры) шығу тегі белгісіз қынаптық қан кетулер емделмеген эндометрий гиперплазиясы қазіргі таңда және анамнездегі веналық тромбоэмболиясы (ВТЭ) (терең вена тромбозы, өкпе эмболиясы) расталған тромбофилиялық бұзылулар (мысалы, С ақуызының, S ақуызының немесе антитромбиннің тапшылығы) белсенді немесе жуық арада өткерген тромбоэмболиялық артерия аурулары (мысалы, стенокардия, миокард инфарктісі) жедел сатыдағы бауыр ауруы немесе анамнездегі бауыр ауруы, осыдан кейін бауыр функциясы көрсеткіштері қалыпқа келмеген порфирия
Дозасы
Ересектер және егде жастағы әйелдер Менопаузадан кейінгі кезеңде әйелдегі эстроген тапшылығына байланысты несеп-жыныс жолының төменгі бөлімдерінің шырышты қабығының атрофиясын емдеген кезде: алғашқы апта ішінде күніне 1 суппозиторий (4 аптадан асырмай), кейін демеуші дозаға (аптасына 2 рет 1 суппозиторийден асырмай) жеткенше симптом айқындығының азаю дәрежесіне қарай дозаны біртіндеп төмендетеді. Менопаузадан кейінгі кезеңде әйелде қынап арқылы хирургиялық араласу кезінде оларды операцияға дейін- және операциядан кейін емдеу үшін: операция алдында 2 апта бойы күніне 1 суппозиторийден; операциядан кейінгі 2 апта ішінде аптасына 2 рет 1 суппозиторийден. Жатыр мойнынан алынған жағындының түсініксіз нәтижелерінде диагноз қою үшін: келесі жағындыны алғанға дейін 1 апта бойы күнара 1 суппозиторийден. ОБГЕ қабылдамаған немесе ОБГЕ үшін біріктірілген препаратты тұрақты қолдану режимінен ауыстырылған әйелдер препаратты қолдануды кез келген күні бастауына болады. ОБГЕ циклдік немесе үздіксіз бірізді режимінен ауысқан кезде Эстринорм препаратын қолдануды алдыңғы ОБГЕ циклі аяқталғаннан кейін бастау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.