ЭСТЕЗИФИН 1% р-р д. наруж. прим-я 25 мл

9:00-ден кейін қолжетімді
4780 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Нафтифин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Украина
  • Өндіруші: АО Фармак
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір мл ерітіндінің құрамында белсенді зат - нафтифин гидрохлориді 100 % құрғақ затқа шаққанда – 10 мг, қосымша заттар: пропиленгликоль, этанол 96 %, тазартылған су.
Қолданылуы
Эстезифин® ересектерде табан микозын (Tinea pedis) жергілікті емдеу үшін пайдаланылады.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық жара беткейінің ашық болуы
Дозасы
Эстезифин®, сыртқа қолдануға арналған ерітіндіні алдында тазалануы және мұқият құрғатылуы тиіс терінің зақымданған бөліктеріне күніне 1 рет жағады. Пациенттердің ерекше топтары Балалар 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде нафтифин гидрохлоридін қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Балалар популяциясында дәрілік препаратты қолдану туралы деректер жоқ. Егде жастағы пациенттер Дозаны түзету қажет емес. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Дозаны түзету қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Дозаны түзету қажет емес. Енгізу әдісі және жолы Эстезифин® препараты жергілікті сыртқа қолдануға арналған. Клиникалық әсері білінгеннен кейін, атап айтқанда қышыну мен ашыту сезімі жойылғаннан кейін, қайта инфекция жұқтырудың алдын алу үшін емдеуді кем дегенде 2 апта бойы жалғастыру керек. Егер 4 апта ішінде клиникалық жақсару байқалмаса, емдеуші дәрігермен байланысып, емдеу жолдарын қайта қарастыру қажет. Ерітіндіні тек зақымданған жерлеріне ғана емес, инфекцияның таралуын болдырмас үшін шектелетін бөліктеріне де жағу керек. Нафтифин ерітіндісін көзге немесе шырышты қабаттарға тигізбеу керек. Пациенттерге инфекцияның таралуын немесе қайта жұқтыруын болдырмау үшін стандартты гигиеналық талаптар туралы хабарлау қажет.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.