+300 бонус

ЭССЕНЦИАЛЕ Н 250 мг/мл 5 мл №5 амп

6000 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Фосфолипиды
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Испания
  • Өндіруші: Фамар Хелскейр сервисес Мадрид, С.А.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 ампуланың ішінде белсенді зат - эссенциальді фосфолипидтер (соя бұршақтарынан алынған фосфатидилхолин, құрамындағы құрғақ зат 93% (3-sn-фосфатидил) холин), 298,92 мг (250 мг) Қосымша заттар: бензил спирті, дезоксихолий қышқылы, натрий хлориді, натрий гидроксиді (түйіршіктер)**, рибофлавин, инъекцияға арналған су. ** рН түзету үшін пайдаланылатын натрий гидроксидін қоса алғанда
Қолданылуы
Эссенциале® Н, вена ішіне енгізуге арналған ерітінді ересектер мен 3 жастан асқан балаларда қолданылады Кешенді ем құрамында - бауырдың майлы дистрофиясы (стеатоз) - жедел және созылмалы гепатит - бауырдың алкогольді ауруы - бауырдың дәрілік зақымдануы - уытты гепатит - бауыр циррозы - бауыр энцефалопатиясы - холестаз және өт тастарының қайталап түзілуінің профилактикасы - жүкті әйелдер гестозында бауырдың функционалды сынамасының айқын өзгеруі
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа (заттарға) және/немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - 3 жасқа дейінгі балалар - бензил спирті болуы салдарынан, жаңа туған және шала туған нәрестелер - лактация кезеңі
Дозасы
Ересектер мен 12 жастан бастап балаларға вена ішіне тәулігіне 5-10 мл-ден, ауыр жағдайларда 10-20 мл баяу енгізеді. Ең жоғары бір реттік доза 10 мл, ең жоғары тәуліктік доза 20 мл. Енгізу жиілігі тәулігіне 1-2 рет. Балалар 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға тәулігіне 2 мл, 6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға тәулігіне 2-5 мл. Ауру ағымы ауыр болған жағдайда емді Эссенциале® Н препаратын вена ішіне енгізуден бастау, кейін капсула түріндегі Эссенциале® форте Н препаратын пероральді қабылдауға көшу ұсынылады. Енгізу әдісі мен жолы Эссенциале® Н препаратының бір шприцте басқа препараттармен араласуына жол бермеу керек! Эссенциале® Н вена ішіне енгізуге арналған ерітіндісін бұлшықет ішіне енгізуге болмайды, өйткені енгізілген орындағы тіндер тітіркенуі мүмкін. Эссенциале® Н ерітіндісін тері астына енгізуге болмайды. Эссенциале® Н инфузиясы кезінде 5% глюкоза ерітіндісімен ерітеді. Электролит ерітінділерінде (натрий хлоридінің физиологиялық ерітіндісінде, Рингер ерітіндісінде және т.б.) сұйылтуға болмайды. Вена ішіне енгізуге арналған Эссенциале® Н бар барлық ерітінділерде рН қоспасы 7,5-тен кем болмауы тиіс, инъекция жасау кезінде дайын ерітінді мөлдірлігін сақтауы тиіс. Емдеу ұзақтығы Емнің ұзақтығын дәрігер клиникалық-зертханалық көрсеткіштерді ескере отырып анықтайды және ол 5 күннен 10 күнге дейінді құрауы мүмкін. Қажет болған жағдайда ерітіндіні науқастың қанымен 1:1 арақатынаста сұйылтуға болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.