+321 бонус

ЭСПИРО 50 мг №30 таб Эплеренон

6430 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Эплеренон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Польша
  • Өндіруші: Польфарма АО фармацевтический завод
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
белсенді зат: тиісінше 25.0 мг немесе 50.0 мг эплеренон, қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, гипромеллоза, натрий лаурилсульфаты, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты қабық құрамы Опадрай сары 33G32578, оның ішінде: гипромеллоза, титанның қостотығы (E 171), лактоза моногидраты, макрогол, триацетин, темірдің (III) сары тотығы (E 172).
Қолданылуы
жүректің сол жақ қарыншасы қызметі бұзылған (LVEF [сол жақ қарыншаның лықсыту фракциясы] ≤40%), клиникалық жағдайы тұрақты, жақында миокард инфарктісінен кейінгі жүрек жеткіліксіздігінің клиникалық көріністері бар пациенттерде өлім-жітім және жүрек-қантамыр ауруларының қаупін төмендету мақсатында бета-адреноблокаторларды қолдана отырып жүргізілетін стандартты емге қосымша дәрі ретінде; созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар (NYHA жіктеуі бойынша II функционалдық класс (ФК)) және жүректің сол жақ қарыншасының дисфункциясы бар (LVEF ≤30%) ересек пациенттерде өлім-жітім мен жүрек-қантамыр ауруларының қаупін азайту мақсатында стандартты емнің компоненті ретінде.
Қарсы көрсетілімдер
эплеренонға немесе препараттың қандай да бір қосымша затына жоғары сезімталдық емдеу басталғанға дейін сарысудағы калий деңгейі > 5,0 ммоль/л бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) бауырдың ауыр жеткіліксіздігі (Чайлд-Пью шкаласы бойынша С класы) калий сақтайтын диуретиктерді, калий препараттарын немесе CYP3A4 күшті тежегіштерін (мысалы, итраконазол, кетоконазол, ритонавир, нелфинавир, кларитромицин, телитромицин және нефазодон) бір мезгілде қолдану ангиотензин-өзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштерімен және ангиотензин II рецепторларының антагонистерімен (АРАІІ) үштік біріктірілім 18 жасқа дейінгі балалар лактация кезеңі тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
Дозасы
Ең жоғары тәуліктік доза – 50 мг. Жақында болған миокард инфарктісінен кейін жүрек жеткіліксіздігінің клиникалық көріністеулері бар пациенттер Эплеренонның ұсынылатын демеуші дозасы - тәулігіне бір рет 50 мг. Емдеуді тәулігіне бір рет 25 мг дозадан бастау керек және қан сарысуындағы калий деңгейін бақылай отырып, тәулігіне бір рет 50 мг нысаналы дозаға жеткенге дейін дұрысы оны 4 апта ішінде біртіндеп арттыру керек (1-кестені қараңыз). Әдетте Эспиромен емдеуді миокард инфарктісі диагнозы анықталғаннан кейін 3-14 күн ішінде бастаған жөн. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттер (NYHA жіктеуі бойынша II функционалды класс (ФК)) Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде (II класс NYHA) емдеу тәулігіне бір рет 25 мг дозадан басталады және қан сарысуындағы калий деңгейін бақылай отырып (1-кестені қараңыз) оны біртіндеп, дұрысы 4 апта ішінде, тәулігіне бір рет 50 мг нысаналы дозаға жеткенге дейін арттырады. Қан сарысуындағы калий концентрациясы > 5,0 ммоль/л болатын пациенттерге Эспиромен емдеуді бастау ұсынылмайды. Қан сарысуындағы калий деңгейін препаратпен емдеу басталғанға дейін, бірінші аптада және дозаны қолдану немесе түзету басталғаннан кейін бір айдан кейін анықтау керек. Содан кейін қан сарысуындағы калий деңгейін қажет болған жағдайда мезгіл-мезгіл бақылау керек. Емдеу басталғаннан кейін дозаны кестеде көрсетілгендей қан сарысуындағы калий деңгейін ескере отырып түзету керек. 1-кесте

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.