+164 бонус

ЭСПЕРАЛЬ 500 мг №20 таб

3280 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Дисульфирам
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Португалия
  • Өндіруші: Софаримекс-Индустрия Кимика и Фарм Лда
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – дисульфирам 500 мг, қосымша заттар: магний стеараты, повидон К 30, натрий-карбоксиметилцеллюлоза, микрокристалды целлюлоза.
Қолданылуы
- алкогольге тәуелділік қайталануының профилактикасында (қосымша дәрі ретінде).
Қарсы көрсетілімдер
Осы дәрілік препаратты қабылдау мынадай жағдайларда қарсы көрсетілімде: дисульфирамға немесе препараттың қандай да бір компоненттеріне жоғары сезімталдық бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бүйрек жеткіліксіздігі ауыр тыныс алу жеткіліксіздігі қант диабеті неврологиялық және психиатриялық бұзылыстар эпилепсия жүрек-қантамыр бұзылыстары спирттік ішімдіктерді немесе құрамында алкоголь бар дәрілік препараттарды алдыңғы 24 сағат аралығында ішу
Дозасы
Күніне 1 таблеткадан ішке қабылдау керек. Спирттік ішімдіктерді қабылдаудан 24 сағат бойы тартынғаннан кейін, таңғы ас кезінде таблетканы жарты стақан сумен іше отырып қабылдау керек. Емдеу ұзақтығы Емдеу курсының ұзақтығын дәрігер анықтайды. Артық дозаланған жағдайда қолданылуы қажет шаралар Симптомдары: тек бір дисульфираммен артық дозаланудың өзі күрделі неврологиялық бұзылулар: экстрапирамидалық симптомдар, құрысу ұстамалары, сананың бұзылуы, оның ішінде кома және сананың көмескіленуі, энцефалопатия дамуына түрткі болуы мүмкін. Алкогольмен үйлесімде дисульфирамның артық дозалануы кома, сандырақтау, кейде неврологиялық асқынулармен жүрек-қантамыр коллапсына түрткі болуы мүмкін. Емі: симптоматикалық. ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар (қажет болса) Өте жиі (≥ 1/10%) - бас ауыру - шаршау Жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін) - ұйқышылдық - дисгевзия Сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000 дейін) - полиневропатиялар Белгісіз - сананың шатасуы, жүйке-психикалық бұзылулар - әдетте, емдеуді тоқтатқаннан кейін тоқтатылатын көру жүйкесінің невриті, амнезия, құрысу ұстамалары, энцефалопатия - гипертензия - жүрек айнуы, құсу, асқазанның ауыруы, диарея - ауыздан жағымсыз иіс шығуы - нәжістің әдеттіден өзгеше иісі трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы - гепатит (негізінен цитолитикалық) - бауыр жеткіліксіздігімен гепатит немесе шұғыл түрдегі гепатит, бауыр трансплантациясы үшін негіздеме болуы немесе өлімге әкелуі мүмкін бірнеше жағдайлар - аллергиялық дерматит Эсперальді алкогольмен біріктіріп қабылдаумен байланысты Белгісіз - неврологиялық құбылыстар: сананың шатасуы, энцефалопатия және құрысу ұстамалары. - тахикардия, жүрек ырғағының бұзылуы, стенокардия ұстамалары көріністері, миокард инфарктісі, кенеттен болған өлім - бетке қан тебуі, гипотензия, жүрек-қантамырлық коллапс - тыныс алудың бәсеңдеуі - жүрек айнуы, құсу - эритема - дімкәстікті сезіну Күтілген дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.