+118 бонус

ЭСОПОЛ р-р/д/инф 40 мг №1 фл

9:00-ден кейін қолжетімді
2360 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Эзомепразол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: ASPIRO PHARMA LIMITED
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір құтының ішінде белсенді зат - 42,5 мг натрий эзомепразолы (40,0 мг эзомепразолға баламалы), қосымша заттар - динатрий эдетаты, натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Инфузияға арналған Эсопол ересектерде қолдануға көрсетілген: пероральді жолмен қабылдау мүмкін болмаған асқазан антисекреторлық емдеуінде, мына жағдайда: эзофагит және/немесе рефлюкстің ауыр симптомдарымен пациенттердегі гастроэзофагеалді рефлюкс ауруы (ГЭРА) қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер (ҚҚСД) емімен байланысты асқазан ойық жарасының жазылуы ҚҚСД емімен байланысты асқазан және он екі елі ішектің ойық жаралы ауруының профилактикасы, қауіп тобының пациенттерінде асқазан немесе он екі елі ішектің жедел қанталайтын ойық жараларында емдік эндоскопиядан кейін қайта қан кету профилактикасы. Инфузияға арналған Эсопол 1-18 аралығындағы балаларда пероральді ем баламасы ретінде оны жүргізу мүмкін болмағанда – эрозиялық рефлюкс-эзофагит және/немесе рефлюкс ауруының айқын симптомдары бар пациенттерде қолдану үшін көрсетілген (в/і енгізуге арналған).
Қарсы көрсетілімдер
- эзомепразолға, орын басушы бензимидазолдарға немесе препараттың басқа ингредиенттеріне белгілі жоғары сезімталдық - нелфинавирмен бірге қолдану - лактация кезеңі
Дозасы
Пероральді ем жүргізу мүмкін болмағанда пациенттерге Эсополды тәулігіне 1 рет парентеральді 20-40 мг дозада ұсынуға болады. Рефлюкс-эзофагит бар пациенттерге эзомепразол тәулігіне 1 рет 40 мг дозада ұсынылады. ГЭРА симптомдарын емдеу үшін Эсопол тәулігіне 1 рет 20 мг дозада қолданылады. ҚҚСП қабылдаумен байланысты пептидті ойық жараларды емдеу және профилактикасы үшін Эсопол тәулігіне 1 рет 20 мг дозада ұсынылады. Асқазан немесе он екі елі ішектің ойық жарасынан жедел қан кетуді эндоскопиялық емдеуден кейінгі пациенттердегі қайта қан кетудің даму профилактикасы Асқазан немесе он екі елі ішектің ойық жарасынан жедел қан кетуді эндоскопиялық емдеуден кейін перапарат дозасы 80 мг құрайды, ол 30 минут бойы болюсті инфузия түрінде енгізіледі, одан кейін 3 күн бойы (72 сағат) 8 мг/сағат дозада ұзақ уақыт венаішілік инфузия жүргізіледі. Қанталайтын ойық жаралар Бауыр функциясының ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі бұзылуы бар пациенттерге препарат дозасын түзету қажет емес. Бауыр функциясының бұзылуы ауыр пациенттерде болюсті инфузия түрінде енгізілген бастапқы 80 мг дозадан кейін 71,5 сағат бойы 4 мг/сағат вена ішіне ұзақ енгізілетін инфузиямен шектелу керек. Бүйрек функциясының бұзылуы Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде препарат дозасын түзету қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігі ауыр пациенттерде қолданудың шектеулі тәжірибесіне байланысты, осындай пациенттерді емдегенде сақ болу керек. Бауыр функциясының бұзылуы Бауыр функциясының ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі бұзылуы бар пациенттерде препарат дозасын түзету қажет емес. Бауыр функциясының бұзылуы ауыр пациенттерде ең жоғары тәуліктік доза 20 мг құрайды. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде препарат дозасын түзету қажет емес. Балалар Егер препаратты пероральді қабылдау мүмкін болмаған жағдайда асқазан секрециясын бәсеңдетуге арналған дәрі ретінде ГЭРА толық емделіп жазылатын кезең шеңберінде препаратты пероральді қабылдай алмайтын пациенттерге препаратты тәулігіне 1 рет парентеральді енгізуге болады (дозалар төмендегі кестеде көрсетілген). Вена ішіне енгізуге арналған препарат көмегімен емдеу, әдетте, ұзақ жалғаспауы тиіс пациенттерді мүмкіндігінше тезірек дәрілік затты пероральді қабылдауға ауыстыру керек. Вена ішіне енгізуге арналған эзомепразолдың ұсынылатын дозалары жас тобы Эрозиялық рефлюксті эзофагитті емдеу ГЭРА симптоматикалық емдеу 1-11 жас Дене салмағы < 20 кг: 10 мг тәулігіне 1 рет Дене салмағы ≥ 20 кг: 10 немесе 20 мг тәулігіне 1 рет 10 мг тәулігіне 1 рет 12-18 жас 40 мг тәулігіне 1 рет 20 мг тәулігіне 1 рет Енгізу әдісі және жолы Инъекциялар 40 мг доза Дайындалған 5 мл ерітінді (8 мг/мл) кемінде 3 минут ішінде венаішілік инъекция түрінде енгізіледі. 20 мг доза 2,5 мл (дайындалған 8 мг/мл ерітіндінің ½ бөлігі) кемінде 3 минут ішінде венаішілік инъекция түрінде енгізіледі. Ерітіндінің пайдаланылмаған қалдықтары жойылуы тиіс. Инфузиялар 40 мг доза Дайындалған эзомепразол ерітіндісі 10-30 минут ішінде венаішілік инфузия түрінде енгізіледі. 20 мг доза Дайындалған эзомепразол ерітіндісінің ½ бөлігі венаішілік инфузия түрінде 10-30 минут ішінде енгізіледі. Ерітіндінің пайдаланылмаған қалдықтары жойылуы тиіс. 80 мг мөлшеріне тең болюсті дозалау. Дайындалған эзомепразол ерітіндісі 30 минут ішінде ұзақ венаішілік инфузия түрінде енгізіледі. 8 мг/сағат дозалау Дайындалған эзомепразол ерітіндісі 71,5 сағат ішінде ұзақ венаішілік инфузия түрінде енгізіледі (инфузияның есептік жылдамдығы - 8 мг/сағат). Ерітіндіні дайындау Инъекциялар Инъекцияға арналған ерітінді Эсопол бар құтыға вена ішіне енгізуге арналған натрий хлоридінің 5 мл 0,9% ерітіндісін қосу арқылы дайындалады. Дайындалған ерітінді мөлдір болуы тиіс, түс гаммасы түссізден бозғылт-сары түске дейін түрленеді. Эзомепразол 20 мг тағайындалғанда дайындалған ерітіндінің жартысы енгізіледі. Ерітіндінің пайдаланылмаған қалдықтары жойылуы тиіс. Инфузиялар Инфузиялық ерітінді вена ішіне енгізуге арналған 100 мл натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісінде Эсополмен бір құтының ішіндегісін еріту арқылы дайындалады. Эзомепразол 20 мг тағайындалғанда дайындалған ерітіндінің жартысы енгізіледі. 80 мг инфузиялар Инфузиялық ерітінді вена ішіне енгізуге арналған 100 мл натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісінде 40 мг Эсопол препараты құйылған екі құтының ішіндегісін еріту арқылы дайындалады. Препараттың сұйылтылған ерітіндісі түссізден бозғылт-сары түске дейінгі мөлдір сұйықтық түрінде болады. Дайындалған ерітінді (инъекция үшін және инфузия үшін) басқа дәрілік заттармен бірге араластырылмауы немесе енгізілмеуі тиіс. Қолданар алдында ерітіндінің көрінетін механикалық қоспаларының және түс өзгерісінің бар-жоғын көзбен қарап бағалау керек. Тек мөлдір ерітіндіні пайдалануға болады. Дайындалған ерітіндіні дайындаудан кейін (микробиологиялық тұрғыдан) бірден енгізу керек. Дайындалған ерітіндіні 12 сағат ішінде пайдалану керек. 30 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек. Ерітіндінің пайдаланылмаған қалдықтары жойылуы тиіс.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.