+122 бонус

ЭСОМ 40 мг №14 таб

9:00-ден кейін қолжетімді
2450 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Эзомепразол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: АО Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
(20 мг доза үшін) Бір капсуланың ішінде белсенді зат - 101.70 мг эзомепразол магний дигидраты микропеллеттері (20 мг эзомепразолға баламалы); қосымша зат – капсула қабығының құрамы, миллиграмда:
Қолданылуы
Ересектер Эзомепразол капсулалары мыналарда қолданылады Гастроэзофагеальді рефлюкс ауруын (ГЭРА) емдеу үшін: - эрозиялық рефлюкс-эзофагитті емдеу үшін - емделген эзофагиті бар пациенттерді аурудың қайталануына жол бермеу үшін ұзақ емдеу - гастроэзофагеальді рефлюкс ауруын (ГЭРА) симптоматикалық емдеу Бактерияларға қарсы тиісті емдеу режимімен біріктірілімде Helicobacter pylori эрадикациясы: - он екі елі ішектің Helicobacter pylori-мен байланысты ойық жарасын жазу үшін - Helicobacter pylori-мен байланысты ойық жаралары бар пациенттерде ойық жара ауруының қайталануына профилактика жүргізу үшін ҚҚСП емдеуді жалғастыруды керек ететін пациенттер: - ҚҚСП емдеумен байланысты асқазанның ойық жарасын жазу үшін - қауіп тобындағы ересек пациенттерде ҚҚСП емдеумен байланысты асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасының профилактикасы үшін - Золлингер-Эллисон синдромын емдеу 12 жастан асқан жасөспірімдер Гастроэзофагеальді рефлюкс ауруын (ГЭРА) емдеу үшін: - эрозиялық рефлюкс-эзофагитті емдеу - емделген эзофагиті бар пациенттерді аурудың қайталануына жол бермеу үшін ұзақ емдеу - гастроэзофагеальді рефлюкс ауруын (ГЭРА) симптоматикалық емдеу - Helicobacter pylori -мен байланысты асқазан мен он екі елі ішектің ойық жараларын емдегенде антибиотиктермен біріктіріп
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа (заттарға) немесе 6.1. бөлімінде берілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - нелфинавирмен бір мезгілде қабылдау - 12 жасқа дейінгі балаларға.
Дозасы
Ересектер Гастро-эзофагеальді рефлюкс ауруы: - эрозиялық рефлюкс-эзофагитті емдеу: 4 апта бойы тәулігіне бір рет 40 мг-ден. Алғашқы емдеу курсынан кейін эзофагит жазыла бастамаған және симптомдары сақталған жағдайларда емдеудің қосымша 4 апталық курсы ұсынылады. - эрозиялық рефлюкс-эзофагит жазылғаннан кейін қайталануына жол бермеу үшін ұзақ уақыт демеуші ем жүргізу: тәулігіне бір рет 20 мг-ден. - гастроэзофагеальді рефлюкс ауруын симптоматикалық емдеу: тәулігіне бір рет 20 мг – эзофагитсіз пациенттерге. Егер 4 апталық емдеуден кейін симптомдар жоғалмаса, пациентке қосымша тексеру жүргізген жөн. Ауру симптомдары жойылғаннан кейін препаратты «қажеттілігіне қарай» режимімен қабылдауға көшуге болады, яғни симптомдар қайта басталған кезде тәулігіне бір рет ЭСОМ® препаратының 20 мг қабылдау керек. ҚҚСП қабылдап жүрген және асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасы даму қаупі бар тобына жататын пациенттерде емдеуді «қажеттілігіне қарай» режимінде ұзарту ұсынылмайды. Helicobacter pylori эрадикациясы үшін біріктірілген ем Helicobacter pylori-мен астасқан асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруында бактерияларға қарсы біріктірілген ем құрамында Helicobacter pylori-мен астасқан он екі елі ішектің ойық жара ауруын емдеу, Helicobacter pylori-мен астасқан асқазанның және он екі елі ішек ойық жарасының қайталануына жүргізілетін профилактика: 20 мг ЭСОМ®, 1 г амоксициллин және 500 мг кларитромицин біріктірілімі. Барлық препараттар 7 күн бойы тәулігіне екі рет қабылданады. Қабынуға қарсы стероидты емес заттарды (ҚҚСЗ) қабылдау - ҚҚСД қабылдаумен байланысты асқазанның ойық жарасының жазыла бастауы: орташа доза әдетте тәулігіне бір рет 20 мг құрайды. Емдеу ұзақтығы 4-8 апта. - қауіп тобына жататын пациенттерде қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді қабылдаумен байланысты асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасына жүргізілетін профилактика: тәулігіне бір рет 20 мг. Эзомепразолды қолдану үшін басқа жағдайлар - препараттарды в/і қолданудан кейін асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасынан қан кетуді басынан кешкен пациенттерді ұзақ емдеу: асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасының қайталануына профилактика үшін в/і емдеуді аяқтағаннан кейін 4 апта бойы тәулігіне бір рет 40 мг-ден. - Золлингер-Эллисон синдромы немесе патологиялық гиперсекрециямен, соның ішінде идиопатиялық гиперсекрециямен сипатталатын басқа да жағдайлар: препараттың ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне екі рет 40 мг. Әрі қарай дозаны жекелей таңдау және емдеуді көрсетілімі бойынша жалғастыру керек. Қолда бар деректер бойынша, пациенттердің көбісі препаратты тәулігіне 80-нан 160 мг-ге дейінгі эзомепразол препаратын қолдануы мүмкін. Тәулігіне 80 мг-ден көбірек дозаларды бөліп, тәулігіне 2 рет қабылдау керек. 12 жастан үлкен балалар Гастро-эзофагеальді рефлюкс ауруы - эрозиялық рефлюкс-эзофагитті емдеу: 4 апта бойы тәулігіне бір рет 40 мг-ден. Алғашқы курстан кейін эзофагиттің жазылуы басталмаған немесе смптомдары сақталған жағдайларда емдеудің қосымша 4 апталық курсы ұсынылады. - эрозиялық рефлюкс-эзофагит жазылғаннан кейін қайталануына жол бермеу үшін ұзақ демеуші ем: тәулігіне бір рет 20 мг-ден. - гастроэзофагеальді рефлюкс ауруын симптоматикалық емдеу: тәулігіне бір рет 20 мг – эзофагитсіз пациенттерге. Егер 4 апталық емдеуден кейін симптомдар жоғалмаса, пациентке қосымша тексеру жүргізу керек. Ауру симптомдарын жойғаннан кейін кейінгі симптомдарды бақылау үшін тәулігіне бір рет ЭСОМ® препаратын 20 мг-ден қабылдау керек. Helicobacter pylori-мен астасқан асқазанның және он екі елі ішектің ойық жара ауруын емдеу Біріктірілген тиісті емді таңдағанда бактериялардың тұрақтылығы жөнінде ресми ұлттық, аумақтық және жергілікті нұсқауларды, емдеу курсының ұзақтығын (көбірек жиісі 7 күн, кейде 14 күн) және бактерияларға қарсы дәрілердің тиісінше қолданылуын ескеру керек. Емдеу дәрігердің бақылауымен жүргізілуі тиіс. Ұсынылатын доза: Дене салмағы Дозалануы 30-40 кг Біріктірілім: 20 мг ЭСОМ®, 750 мг амоксициллин және 7,5 мг кларитромицин кг дене салмағына шаққанда, 1 апта бойы тәулігіне екі рет бірге қабылдау. > 40 кг Біріктірілім: 20 мг ЭСОМ®, 1 г амоксициллин және 500 мг кларитромицин, 1 апта бойы тәулігіне екі рет біріктіріп. Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде дозаны түзетудің қажеті болмайды. Бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге эзомепразол қолдану тәжірибесі шектеулі болғандықтан, бүйрек функциясының ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігі бар пациенттерді емдегенде сақ болу керек. Бауыр функциясының жеткіліксіздігі Бауыр функциясының жеңіл және орташа жеткіліксіздігінде эзомепразолдың дозасын түзетудің қажеті жоқ. Бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде препараттың ең жоғары тәуліктік дозасын 20 мг-ден асырмау керек. Егде жастағы пациенттер Препарат дозасын түзетудің қажеті болмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.