+91 бонус

ЭСМОМАК 40мг №1 фл

1830 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Эзомепразол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Маклеодс Фармасьютикалз Лимитед
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір құтының ішінде белсенді зат - 42.50 мг натрий эзомепразолы (40 мг эзомепразолға баламалы) қосымша заттар: натрий эдетаты, натрий гидроксиді.
Қолданылуы
Вена ішіне енгізуге арналған Эсмомак, егер пероральді қолдану мүмкін болмаса, ересектерге асқазан секрециясын бәсеңдету үшін мына жағдайда көрсетілген: - эзофагит және/немесе рефлюкс ауруының айқын симптомдары бар пациенттердегі гастроэзофагеальді рефлюкс ауруында (ГЭРА) - қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП) қабылдаумен байланысты асқазан және он екі елі ішек ойық жараларын емдеу және даму профилактикасында - асқазан немесе он екі елі ішектің ойық жарасынан жедел қан кетуді эндоскопиялық емдеуден кейінгі пациенттерде қайта қан кетудің даму профилактикасында
Қарсы көрсетілімдер
- эзомепразолға, орын басатын бензимидазолдарға немесе препараттын қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық - нелфинавирмен бірге қолдану - лактация кезені - балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Дозасы
Ересектер Егер пероральді қолдану мүмкін болмаса, асқазан секрециясын бәсеңдету Пероральді ем жүргізу мүмкін болмайтын пациенттерге Эсмомакты тәулігіне 1 рет 20-40 мг дозада парентеральді енгізуге болады. Рефлюкс-эзофагитпен пациенттерге Эсмомак тәулігіне 1 рет 40 мг дозада ұсынылады. ГЭРА симптомдарын емдеу үшін Эсмомак тәулігіне 1 рет 20 мг дозада қолданылады. ҚҚСП қабылдаумен байланысты асқазан және он екі елі ішек ойық жараларын емдеу және профилактикасы үшін Эсмомак тәулігіне 1 рет 20 мг дозада ұсынылады. Әдетте, вена ішіне қолдану ұзаққа созылмайды; мүмкіндігінше тезірек препаратты пероральді қабылдауға ауысу қажет. Асқазан немесе он екі елі ішектің ойық жарасынан жедел қан кетуді эндоскопиялық емдеуден кейінгі пациенттерде қайта қан кетудің даму профилактикасы Асқазан немесе он екі елі ішектің жедел қан ағып тұрған ойық жарасында емдік эндоскопиядан кейін 30 минут ішінде препараттың 80 мг болюсті инфузиясын жасап, кейіннен 3 күн (72 сағат) бойы 8 мг/сағат жылдамдықпен вена ішіне үздіксіз инфузия жасау керек. Парентеральді емдеу қышқылдық деңгейін төмендететін препараттармен пероральді емге ұласуы тиіс. Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек жеткіліксіздігі Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігі ауыр пациенттерді емдеудің шектеулі тәжірибесіне орай, осындай пациенттерді емдеуді абайлап жүргізген жөн. Бауыр жеткіліксіздігі ГЭРА: бауыр жеткіліксіздігі жеңіл немесе орташа пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес. Бауыр жеткіліксіздігі ауыр пациенттерде эзомепразолдың вена ішіне ең жоғары 20 мг тәуліктік дозасынан асыруға болмайды. Қан ағып тұрған ойық жаралар: бауыр жеткіліксіздігі жеңіл немесе орташа пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес. Бауыр жеткіліксіздігі ауыр пациенттер үшін инфузияға арналған 80 мг эзомепразолды болюсті енгізу, ал одан кейін 71,5 сағат ішінде 4 мг/сағат жылдамдықпен вена ішіне үздіксіз инфузия жасау жеткілікті. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы адамдар үшін дозаны түзету қажет емес. Енгізу әдісі және жолы Инъекциялар 40 мг доза 5 мл сұйылтылған ерітінді (8 мг/мл), кем дегенде, 3 минут ішінде вена ішіне инъекция түрінде енгізіледі. 20 мг доза Сұйылтылған ерітіндіні (8 мг/мл) 2,5 мл мөлшерінде немесе жартысын венаішілік инъекция түрінде, кем дегенде, 3 минут ішінде енгізеді. Қалған пайдаланылмаған ерітіндіні жою керек. Инфузиялар 40 мг доза Сұйылтылған ерітіндіні 10-30 минут бойы вена ішіне инфузия түрінде енгізеді. 20 мг доза Сұйылтылған ерітіндінің жартысын 10-30 минут бойы вена ішіне инфузия түрінде енгізеді. Қалған пайдаланылмаған ерітіндіні жою керек. 80 мг мөлшеріне тең болюсті доза Сұйылтылған ерітіндіні 30 минут бойы вена ішіне үздіксіз инфузия түрінде енгізеді. 8 мг/сағат доза Сұйылтылған ерітіндіні вена ішіне үздіксіз инфузия түрінде 71,5 сағат бойы енгізеді (есептік инфузия жылдамдығы 8 мг/сағат). Дәрілік препаратты енгізер алдында сұйылту жөніндегі нұсқаулық. Инъекция, 40 мг Инъекцияға арналған ерітінді (8 мг/мл) вена ішіне енгізуге арналған натрий хлоридінің 5 мл 0.9% ерітіндісін 40 мг эомепразол бар құтыға қосу жолымен дайындалады. Дайындалған ерітінді түссізден бозғылт-сары түске дейін мөлдір болуы тиіс. Эзомепразол 20 мг тағайындалғанда дайындалған ерітіндінің жартысы енгізіледі. Пайдаланылмаған ерітінді қалдықтары жойылуы тиіс. Инфузия, 40 мг Инфузиялық ерітінді вена ішіне енгізуге арналған натрий хлоридінің 100 мл 0.9% ерітіндісін 40 мг Эсмомак препараты бар бір құтының ішіндегісін еріту жолымен дайындалады. Эзомепразол 20 мг тағайындалғанда дайындалған ерітіндінің жартысы енгізіледі. Инфузия, 80 мг Инфузиялық ерітінді вена ішіне енгізуге арналған натрий хлоридінің 100 мл 0.9% ерітіндісін 40 мг Эсмомак препараты бар екі құтының ішіндегісін еріту жолымен дайындалады. Пайдаланылмаған ерітінді қалдықтары жойылуы тиіс. Эзомепразолдың сұйылтылған ерітіндісі көрінетін механикалық қоспаларсыз түссізден бозғылт-сары түске дейін мөлдір сұйықтық түрінде болады. Дайындалған ерітінді (инъекциялар мен инфузиялар үшін) басқа дәрілік заттармен араластырылмауы немесе енгізілмеуі тиіс. Дайындалған ерітіндіні әзірлеуден кейін бірден енгізуге кеңес беріледі. Дайындалған ерітіндіні 12 сағат ішінде пайдалану керек. 30(С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Артық дозалану жағдайында қолдану қажет болатын шаралар Бүгінгі таңда әдейі көзделген артық дозалануға қатысты өте шектеулі мәліметтер бар. Пероральді 280 мг қабылдауға байланысты сипатталған симптомдарға асқазан-ішек жолы тарапынан болатын симптомдар және әлсіздік жатады. Эзомепразолдың 80 мг бір реттік пероральді дозалары және эзомепразолдың 308 мг венаішілік дозалары 24 сағат ішінде қандай да бір асқынулар тудырмады. Арнайы антидот жоқ. Эзомепразол плазма ақуыздарымен кеңінен байланысады, ал демек диализге берілмейді. Кез келген артық дозалану жағдайындағы сияқты, емдеу жалпы демеу шараларын пайдаланумен симптоматикалық сипатта болады. Дәрілік препаратты қолданбас бұрын қолдану тәсілін түсініп алу үшін дәрігерге хабарласыңыз. ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар Жиі - бас ауыру - іштің ауыруы, іш қату, диарея, метеоризм, жүрек айну, құсу, асқазан түбінің безді полиптері (қатерсіз) - препаратты енгізген жердегі реакциялар (препараттың жоғары дозаларын енгізу кезінде) Жиі емес - шеткері ісінулер - ұйқысыздық - дерматит, қышыну, есекжем, бөртпе - бас айналу, парестезия, ұйқышылдық - ауыз кеберсуі - бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы - сан, білезік немесе омыртқаның сынуы - анық көрмеу - вертиго Сирек - лейкопения, тромбоцитопения - аса жоғары сезімталдық реакциялары: қызба, ангионевроздық ісіну, анафилаксиялық реакция - гипонатриемия - қозу/мазасыздық, депрессия, сананың шатасуы - дәм сезудің бұзылуы - бронх түйілуі - стоматит және асқазан-ішек кандидозы - сарғаюмен (немесе онсыз) гепатит - фотосенсибилизация, алопеция - артралгиялар, миалгиялар - дімкәстану, тершеңдік Өте сирек - агранулоцитоз, панцитопения - озбырлық, елестеулер - бауыр жеткіліксіздігі, бауыр аурулары бар пациенттердегі энцефалопатия - Стивенс-Джонсон синдромы, полиморфты эритема, уытты эпидермалық некролиз (УЭН) - бұлшықет әлсіздігі - интерстициальді нефрит, бүйрек жеткіліксіздігі - гинекомастия Белгісіз - гипомагниемия, ауыр гипомагниемия гипокальциемияға әкелуі мүмкін, гипомагниемия гипокалиемиямен де байланысты болуы мүмкін - микроскопиялық колит - жеделге жуық терінің қызыл жегісі Жай-күйі қатер шегіндегі пациенттерге омепразолды (рацемат) вена ішіне енгізгенде, әсіресе, жоғары дозаларды енгізу кезінде көрудің қайтымсыз бұзылуының жекелеген жағдайлары хабарланды, препаратты қабылдаумен себептік байланыс анықталмады. Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттар тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ұлттық сараптау орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.