ЭСЛОТИН 2,5 мг/5 мл 60 мл сироп

2970 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Дезлоратадин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Уорлд Медицин Илач Сан.ве Тидж А.Ш
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
5 мл шәрбаттың құрамында белсенді зат – 2,5 мг дезлоратадин, қосымша заттар: сахароза, пропиленгликоль, глицерин, лимон қышқылының моногидраты, натрий бензоаты, апельсин хош иістендіргіші, оранж G, тазартылған су.
Қолданылуы
Эслотин препараты ересектерге, жасөспірімдерге және 1 жастан асқан балаларға аллергиялық ринит пен есекжемнің симптомдарын жеңілдету үшін көрсетілген.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі сияқты сирек тұқым қуалайтын проблемалары бар пациенттер
Дозасы
Ересектер мен жасөспірімдер (12 жас және одан жоғары) Препараттың ұсынылатын дозасы тәулігіне 1 рет 10 мл шәрбатты (5 мг) Балалар 2 жасқа дейінгі балалардағы ринит жағдайларының көпшілігі инфекциялық екенін және инфекциялық ринитті ішуге арналған ерітінді түріндегі дезлоратадинмен емдеуді растайтын мәліметтер жоқ екенін есте ұстаған жөн. 1-5 жас аралығындағы балалар: тәулігіне 1 рет 2,5 мл шәрбат (1,25 мг). 6-11 жас аралығындағы балалар: тәулігіне 1 рет 5 мл шәрбат (2,5 мг). Интермиттирлеуші аллергиялық ринитті емдеу (ұзақтығы аптасына 4 күннен кем немесе 4 аптадан кем симптомдардың болуы) пациенттің ауру тарихына сәйкес жүргізілуі тиіс. Симптомдар жойылған кезде препаратты қабылдауды тоқтатып, олар қайта пайда болғаннан кейін қайта бастау керек. Персистирлеуші аллергиялық ринит жағдайында (ұзақтығы аптасына 4 күннен артық немесе 4 аптадан артық симптомдардың болуы) пациенттің аллергенмен жанасуының барлық кезеңі ішінде препаратпен үздіксіз ем жүргізу ұсынылады. Пациенттердің ерекше топтары Балалар 1 жасқа дейінгі балалардағы дезлоратадиннің ішуге арналған ерітінді түріндегі формасының қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Клиникалық зерттеулерде 1-11 жастағы балаларда және 12-17 жастағы жасөспірімдерде дезлоратадинді қолдану тәжірибесі шектеулі. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Препаратты бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде дезлоратадинді қолдану туралы деректер жоқ. Егде жастағы пациенттер Препаратты қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Енгізу әдісі және жолы Эслотин препаратты тамақтануға қарамастан ішке қабылдайды. Шәрбатты дозалау үшін қаптамадағы өлшеуіш стақанды пайдаланады. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.