+284 бонус

ЭРМЕСТО 100мг №4 таб

5690 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Силденафил
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Испания
  • Өндіруші: ЛАБОРАТОРИОС НОРМОН, С.А.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында белсенді зат - силденафил цитраты 142 мг (100 мг силденафилге баламалы), қосымша заттар – кальций гидрофосфат дигидраты, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты, коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий кроскармеллозасы, гипромеллоза, титанның қостотығы (Е-171), макрогол 6000, тальк, индигокармин лагы (Е-132)
Қолданылуы
- қанағаттанарлық сексуалдық белсенділік үшін жеткілікті эрекцияны алу немесе сақтау мүмкін емес себепті ересек еркектердегі эректильді дисфункцияны емдеу үшін. ЭРМЕСТО әсер етуі үшін сексуалдық стимуляция қажет.
Қарсы көрсетілімдер
- силденафилге немесе препарат құрамына кіретін қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; - азот тотығының донорларымен (амилнитрит сияқты) немесе кез келген түрдегі нитраттармен бір мезгілде қабылдау; - сексуалдық белсенділікке кеңес берілмейтін еркектер (мысалы, тұрақсыз стенокардия сияқты ауыр жүрек-қантамыр дисфункциясы немесе жүректің ауыр жеткіліксіздігі бар пацинеттер); - артериялық емес алдыңғы ишемиялық көру нейропатиясының (NAIA-NA) салдарынан бір көзі көрмей қалған пациенттерге, бұл осы эпизодтың PDE5 тежегішінің алдыңғы әсерімен байланысына тәуелді емес (4.4 бөлімді қараңыз); - бауырдың ауыр жеткіліксіздігі; - гипотония (артериялық қысым < 90/50 мм с.б.); - жақында бастан өткерген инсульт немесе миокард инфарктісі; - пигментті ретинит сияқты торқабықтың белгілі тұқым қуалайтын дегенеративті аурулары (мұндай пациенттердің азшылығында торқабық фосфодиэстеразасының генетикалық бұзылыстары бар). - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер; - әйелдер
Дозасы
Эрместо препаратын әрдайым тура дәрігер тағайындағандай қабылдаңыз. Егер күмән туындаса, емдеуші дәрігеріңізбен немесе фармацевтпен кеңесіңіз. Ұсынылатын доза сексуалдық белсенділіктен шамамен бір сағат бұрын 50 мг құрайды. Тиімділігін және жағымдылығын ескере отырып, доза 100 мг-ге дейін арттырылуы немесе 25 мг-ге дейін азайтылуы мүмкін. Ұсынылатын ең жоғары доза 100 мг құрайды. Ұсынылатын ең жоғары дозалау режимі – тәулігіне бір рет.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.