+110 бонус

ЭРЛИС 20 мг №1 таб

9:00-ден кейін қолжетімді
2200 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Тадалафил
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: АО Химфарм
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – тадалафил 2,5 мг, 5 мг, 10 мг немесе 20 мг, қосымша заттар: таблетка ядросы: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, повидон К-30, полоксамер 188, натрий лаурилсульфаты, натрий кроскармеллозасы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, қабық: поливинил спирті, макрогол, тальк, титанның қостотығы (E171); 5 мг, 10 мг және 20 мг таблеткаларда темірдің сары тотығы (E172) да, темірдің қызыл тотығы (E172) да бар.
Қолданылуы
Ересек еркек пациенттерде эректильді дисфункцияны емдеу. Эректильді дисфункцияны емдеуде тадалафилдің әсері білінуі үшін сексуалдық стимуляция қажет, Ересек еркектерде қуықасты безі қатерсіз гиперплазиясының белгілері мен симптомдары (тек Эрлис 5 мг). Эрлис әйел адамдарға қолдануға арналмаған.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық құрамында органикалық нитраттардың кез келген түрі бар препараттарды қабылдау жүрек-қантамыр жүйесі аурулары бар пациенттерде жыныстық белсенділікке қарсы көрсетілімдердің болуы: соңғы 90 күн ішінде миокард инфарктісі, тұрақсыз стенокардия, жыныстық қатынас кезінде стенокардия ұстамасының пайда болуы, соңғы 6 айда анықталған Нью-Йорк кардиологиялық қауымдастығының (NYHA) жіктемесі бойынша II және одан жоғары кластағы жүрек жеткіліксіздігі жүрек ырғағының бақыланбайтын бұзылуы, гипотония (АҚ 90/50 мм сын. бағ.), бақыланбайтын артериялық гипертензия, соңғы 6 ай ішінде инсультты басынан өткеру. ФДЭ5 тежегішінің алдыңғы әсеріне байланысты болды ма, оған қарамастан артериитпен байланысты емес алдыңғы ишемиялық оптикалық нейропатия (АИОН) салдарынан бір көздің көрмей қалуы тадалафилді қоса, ФДЭ-5 тежегіштерін риоцигуат сияқты гуанилатциклаза стимуляторларымен бірге қабылдауға болмайды, себебі бұл симптоматикалық гипотонияның дамуына әкелуі әбден мүмкін тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға.
Дозасы
Ересек еркектердегі эректильді дисфункция (ЭД) Әдеттегі ұсынылатын дозасы болжамды сексуалдық белсенділіктің алдында ас ішуге байланыссыз 10 мг болады. 10 мг тадалафилді қабылдау жеткілікті әсер етпейтін пациенттерге препараттың 20 мг дозасын қолдануға тырысуға болады. Препаратты болжамды сексуалдық белсенділікке дейін кемінде 30 минут бұрын қабылдау керек. Препаратты қабылдаудың ең жоғарғы жиілігі ұсынылған дозада – тәулігіне бір рет. Тадалафил 10 мг және 20 мг дозада болжамды сексуалдық белсенділіктің алдында қабылдауға арналған және күнделікті тұрақты түрде қолдануға ұсынылмайды. Эрлис препаратын жиі (яғни, кемінде аптасына екі рет) қабылдау күтілетін пациенттерге ең аз дозада тәулігіне бір рет, пациенттің таңдауы мен емдеуші дәрігердің шешіміне сәйкес қабылдаудың қолайлы сызбасын жасауға болады. Ондай пациенттер үшін шамамен белгілі бір уақытта тәулігіне бір рет 5 мг доза ұсынылады. Жекелей жағымдылығын ескере отырып, дозасын тәулігіне бір рет 2,5 мг дейін төмендетуге болады. Препаратты күнделікті ұзақ уақыт қолданудың орындылығын үнемі бағалау қажет. Ересек еркектердегі қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы (ҚБҚГ) Ұсынылған доза тәулігіне 1 рет 5 мг құрайды, тамақтануға қарамастан күн сайын шамамен бір уақытта қолданылады. Емдеу ұзақтығын дәрігер жеке-жеке белгілейді. Эректильді дисфункциямен қатар жүретін қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы бар ересек еркектерде ұсынылатын доза тәулігіне 1 рет шамамен күн сайын 5 мг құрайды. Қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы бар пациенттер 5 мг дозада тадалафилге көтере алмаған жағдайда балама терапияны қарастырған жөн. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы еркектер Егде жастағы пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігі бар еркектер Бүйректің жеңіл және орташа жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін ұсынылатын ең жоғары доза препараттың 10 мг-ын құрайды. Эректильді дисфункцияны немесе қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясын емдеу үшін тәулігіне бір рет 5 мг тадалафил режимі бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге ұсынылмайды. Бауыр жеткіліксіздігі бар еркектер Эректильді дисфункцияны емдеу үшін Эрлис препаратының ұсынылған дозасы, қажеттілікке қарай, тамақтануға қарамастан, болжамды сексуалдық белсенділікке дейін 10 мг құрайды. Бауыр функциясы ауыр бұзылған (Чайлд-Пью шкаласы бойынша С класы) пациенттерде Эрлис препаратын қолдану қауіпсіздігі бойынша шектеулі клиникалық деректер бар. Осы препаратты тағайындаған жағдайда емдеуші дәрігер пайда мен қауіп арақатынасын мұқият жеке бағалауға негізделуі керек. Бауыр жеткіліксіздігі бар науқастарда тадалафилді 10 мг-нан асатын дозада қабылдау туралы деректер жоқ. Эректильді дисфункцияны немесе қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясын емдеу үшін күніне бір рет Эрлис препаратын қабылдау режимі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде зерттелмеген, сондықтан осы препаратты тағайындаған жағдайда емдеуші дәрігер пайда мен қауіп арақатынасын мұқият жеке бағалауға негізделуі керек. Қант диабетінен зардап шегетін еркектер Қант диабетінен зардап шегетін пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес. Балалар Эрлис балаларға қолданылмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.