+15 бонус

ЭРИТРОМИЦИН 250 мг №10 таб

316 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Эритромицин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Российская Федерация
  • Өндіруші: Биосинтез ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – эритромицин (100 % затқа шаққанда), 250,00 мг; қосымша заттар: желатин, кальций стеараты, полисорбат-80 (твин-80), лактоза моногидраты (сүтті қант), натрий карбоксиметилкрахмалы (примогель), А типі, картоп крахмалы; қабықтың құрамы: метакрил қышқылы және этилакрилат сополимері (1:1) (колликут МАЕ 100Р), тальк, полисорбат-80 (твин-80), повидон К-30, титанның қостотығы Е171.
Қолданылуы
Препарат ересектер мен 8 жастан асқан балаларда қолдануға көрсетілген. Эритромицинге сезімтал микроорганизмдер туындататын инфекциялық-қабыну ауруларының профилактикасы және емдеу: - жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары: тонзиллит, паратонзиллярлық абсцесс, фарингит, ларингит, синусит, тұмау мен суық тию кезінде салдарлы инфекциялар - төменгі тыныс алу жолдарының инфекциялары: трахеит, жедел және созылмалы бронхит, пневмония (үлестік пневмония, бронхопневмония, бастапқы атипті пневмония), бронхоэктаз, легионеллез (легионерлер ауруы) - көру мүшелерінің инфекциясы: блефарит - ЛОР-мүшелерінің инфекциясы: сыртқы отит, ортаңғы отит, мастоидит - ауыз қуысының инфекциясы: гингивит, Венсан ангинасы - тері мен жұмсақ тіндердің инфекциясы: фурункулдар мен карбункулдар, паронихия, абсцесс, пустулезды безеулер, импетиго, целлюлит, тілме -асқазан-ішек жолдарының инфекциясы: холецистит, стафилококкты энтероколит - инфекциялардың профилактикасы: операцияға дейінгі және кейінгі кезеңдерде, күйіктерде, ревматизмдік қызбада - басқа инфекциялар: остеомиелит, уретрит, соз, мерез, венерологиялық лимфогранулема, дифтерия, простатит, скарлатина
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - симвастатин, толтеродин, мизоластин, амисульприд, астемизол, терфенадин, домперидон, цизаприд және пимозидті бір мезгілде қабылдау - тамырды тарылтатын алкалоид қастауыштарын, әсіресе эрготамин мен дигидроэрготаминді бір мезгілде қабылдау - тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактозаның мальабсорбциясы - эритромицинді анамнезінде QT аралығының ұзаруы (QT аралығының туа біткен немесе белгіленген жүре пайда болған ұзаруы) немесе «пируэт» типті қарыншалық тахикардияны (torsades de pointes) қоса, жүректің қарыншалық аритмиясы бар пациенттерге тағайындамаған жөн - эритромицинді QT аралығының ұзару қаупіне байланысты электролиттік теңгерімі (гипокалиемия, гипомагниемия) бар пациенттерге тағайындамаған жөн - ломитапидті бір мезгілде қабылдау - 8 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Ересектер мен 8 жастан асқан балалар Ауырлығы жеңіл және орташа инфекциялық-қабыну ауруларын емдеу - тең дозаларға бөлінген күн сайын 1-2 г; ауыр инфекциялық – қабыну ауруларын емдеу - күн сайын 4 г дейін. Балалар Кіші жастағы балаларға, сәбилерге және нәрестелерге әдетте эритромицин этилсукцинатының суспензиясын ұсынады. Ауырлығы жеңіл және орташа инфекциялық-қабыну аурулары кезінде 2-ден 8 жасқа дейінгі балаларға ұсынылатын доза тең дозаларға бөлінген күніне 1 г құрайды. Ауырлығы жеңіл және орташа инфекциялық-қабыну аурулары кезінде нәрестелер мен еметін балалар үшін ұсынылатын доза тең дозаларға бөлінген күніне 500 мг құрайды. Егде жастағы пациенттер Дозалау бойынша арнайы ұсыныстар жоқ. Енгізу әдісі және жолы Ішке. Сарысудағы эритромициннің оңтайлы концентрациясына таблеткаларды тамақтанудан бір сағат бұрын қабылдау арқылы қол жеткізіледі. Емдеу ұзақтығы Емдеу курсының ұзақтығын ауру сипатына және емдеу тиімділігіне байланысты, оны дәрігер белгілейді.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.