ЭРЕКТО-ФАСТ-20 20 мг №4 пленки дисперг

8140 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Өндіруші: Zim Laboratories Limited
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір үлбірдің құрамында: белсенді зат - 20 мг тадалафил, қосымша заттар: гипромеллоза (5 cps), гипромеллоза (15 cps), пропиленгликоль, глицерин, полисорбат 80, сукралоза, жалбыз майы (дементолданған жалбыз майы), темірдің (ІІІ) сары тотығы (Е172).
Қолданылуы
- ересек еркек пациенттерде эректильді дисфункцияны емдеу үшін. Тадалафилдің әсері білінуі үшін сексуалдық стимуляция қажет. Эректо-Фаст әйел адамдардың қолдануына арналмаған.
Қарсы көрсетілімдер
- тадалафилге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - құрамында органикалық нитраттардың кез келген түрі бар препараттарды қабылдау - сексуалды белсенділік ұсынылмаған, жүрек аурулары бар еркектерге. Дәрігерлер анамнезінде жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары бар пациенттерде сексуалды белсенділіктің жүрекке потенциалды қаупін ескеруі тиіс Келесі жүрек-қантамыр ауруларында тадалафилді пайдалануға болмайды: - соңғы 90 күн ішіндегі миокард инфактісінде - тұрақсыз стенокардияда немесе жыныстық қатынас кезінде туындайтын стенокардияда - Нью-Йорк кардиологиялық қауымдастығының (NYHA) жіктеуі бойынша соңғы 6 ай ішінде анықталған II және одан жоғары класты жүрек жеткіліксіздігінде - бақыланбайтын аритмия, гипотензия (АҚ <90/50 сын. бағ. мм) немесе бақыланбайтын гипертензияда - соңғы 6 ай ішіндегі бастан өткерген инсультте - көру жүйкесінің артериялық емес ишемиялық оптикалық нейропатиясы салдарынан бір көз көрмей қалғанда, осы көріністің мұның алдындағы 5 типті фосфодиэстераза (ФДЭ5) тежегіштерінің әсер етуімен байланысты және байланысты еместігіне қарамайды, - тадалафилді қоса алғанда, ФДЭ-5 тежегіштерін риоцигуат сияқты гуанилатциклаза стимуляторларымен бір мезгілге қабылдағанда, себебі симптоматикалық гипотензияның дамуына ықтималды түрде әкелуі мүмкін - тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы, сукраза-изомальтаза ферментінің тапшылығы бар адамдарға
Дозасы
Ересек ерлер Әдетте ұсынылатын доза тамақтануға қарамастан, болжамды сексуалды белсенділікке дейін қабылданған 10 мг құрайды. Тадалафил 10 мг дозада адекватты әсер бермейтін пациенттерге сексуалды белсенділікке дейін кемінде 30 минут бұрын 20 мг дозаны қабылдауға болады. Қабылдаудың ең жоғары жиілігі тәулігіне бір рет. Тадалафил 20 мг болжамды сексуалдық белсенділік алдында қолдануға арналған және үздіксіз қолдану үшін ұсынылмайды. Тадалафилді аптасына кемінде екі рет қолдануды жоспарлаған пациенттерге пациенттің таңдауы мен емдеуші дәрігердің ұсынысы негізінде күн сайын тәулігіне бір рет тадалафилдің ең төменгі дозасын қабылдау ұсынылады. Мұндай пациенттерге күнделікті қолдану үшін ұсынылатын дозасы, шамамен күнде бір уақытта, тәулігіне 1 рет 5 мг құрайды. Дозасын жекелей көтерімділігіне байланысты, күніне бір рет 2,5 мг дейін төмендетуге болады. Препаратты ұзақ күн сайын қабылдау орындылығын жүйелі түрде бағалап отыру қажет. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Эректо-Фаст балаларда эректильді дисфункцияны емдеу үшін қолданылмайды. Егде жастағы ерлер Дозаны түзету қажет емес. Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар ерлер Эректильді дисфункцияны емдеу үшін, болжанған сексуалды белсенділікке дейін, Эректо-Фасттың ұсынылған дозасы тамақтануға байланыссыз 10 мг құрайды. Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі (Чайлд-Пью шкаласы бойынша С класы) бар пациенттерде тадалафилді қолданудың қауіпсіздігі туралы клиникалық деректер шектеулі; дәрігер препаратты тағайындағанда, пайда/қауіп арақатынасына мұқият баға беруі керек. Бауыр жеткіліксіздігі бар науқастарда тадалафилдің 10 мг-нан жоғары дозада қолданылуы туралы деректер жоқ. Тадалафилді тәулігіне бір рет қабылдау режимі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде зерттелмеген, сондықтан осы препаратты тағайындау үшін емдеуші дәрігер пайда мен қауіп арақатынасын мұқият жеке бағалауды негізге алуы тиіс. Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар еркектер Ауырлығы жеңіл немесе орташа дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін ұсынылатын ең жоғары доза 10 мг құрайды. Тадалафилді тәулігіне бір рет қабылдау режимі бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге ұсынылмайды. Қант диабеті бар еркектер Диабетпен зардап шегетін пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес. Енгізу әдісі және жолы Пероральді. 1) Пакетті көрсетілген жерінен ғана, баяу жырта отырып, ашады. Пакетті кесуге болмайды. 2) Пакеттен үлбірді, оны бүлдіріп алмай, ақырын шығарып алады. 3) Пайдаланар алдында үлбірдің бүлінбегенін тексеру керек. Тек бүлінбеген үлбірді ғана пайдаланған жөн. 4) Үлбірді пациенттің аузына құрғақ қолмен салады. 5) Үлбір тілде сусыз бірнеше секунд ішінде (сілекейде, ақырында ол жұтылады) еруі тиіс.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.