ЭРБИНОЛ 250 мг №14 таб

5630 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Тербинафин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 250 мг тербинафин (281.30 мг тербинафин гидрохлориді түрінде). қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (PH 101), жүгері крахмалы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, гипромеллоза, тальк, магний стеараты.
Қолданылуы
- Trichophyton spp. (мысалы, T. rubrum, T. mentagrophytes, T. verrucosum, T. tonsurans, T. violaceum), Microsporum canis және Epidermophyton floccosum сияқты дерматофиттерден туындаған тері мен шаштың зеңді инфекциясы. Эрбинол кең таралған, ауыр мицелиальді зеңді ауруларын (дененің дерматофитиялары, дерматомикоз, табан дерматомикозы және бас дерматомикозы) және Candida тұқымдасының ашытқы тері инфекцияларын (мысалы, Candida albicans) емдеу үшін пайдаланылады, егер инфекцияның орналасуына, ауырлығына және таралуына байланысты пероральді ем қажет деп саналса ғана көрсетіледі - дерматофиттерден (жіп тәрізді зеңдерден) туындаған онихомикоздарды (тырнақ микозын) емдеуде Пероральді тербинафин қынап кандидозы мен кебектәрізді теміреткі кезінде тиімсіз.
Қарсы көрсетілімдер
- тербинафинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - бауырдың жедел және созылмалы аурулары - 6 жасқа дейінгі балаларға.
Дозасы
Дозалану режимі Ересектер Препаратты тәулігіне 1 рет 250 мг-ден ішке тағайындайды. Балалар Салмағы 40 кг-нан асатын балалар (әдетте 12 жастан асқан) Препаратты тәулігіне 1 рет 250 мг-ден ішке тағайындайды. Салмағы 20-40 кг балалар (6-12 жас) Препарат тәулігіне 1 рет 125 мг-ден ішке тағайындайды (дозалау үшін тиісті дәрілік пішінді пайдаланыңыз). Салмағы 20 кг-ден аз балалар (6 жасқа дейін) Осы топтағы балаларда тербинафинді пайдаланудың клиникалық бақыланатын зерттеулерінің деректері шектеулі, сондықтан Эрбинолдың емдік балама болмаған кезде және ықтимал пайдасы ықтимал қауіптерінен асып кеткен жағдайда ғана қолдану керек. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы зеңдік инфекцияның сипаты мен ауырлығына байланысты. Терінің зеңдік инфекциялары: - тегіс терінің және шап аймағының: 2-4 апта; - аяқтың (саусақаралық, өкшелік немесе шұлық типі бойынша): 2-6 апта; - бас терісі: 4 апта; - тері кандидозы: 2-4 апта. Ауру симптомдарының толық кетуі емді тоқтатқаннан кейін бірнеше аптадан соң байқалуы мүмкін. Онихомикоздар Емдеу ұзақтығы әдетте 6-12 аптаны құрайды: - саусақ тырнақтарының зақымдануы: 6 апта (көп жағдайда). - башпай тырнақтарының зақымдануы: 12 апта (көп жағдайда). Кейбір жағдайларда тырнаққа зақым келген кезде, әсіресе бас башпайдың тырнағына зақым келген кезде, ұзағырақ ем курсын тағайындауға болады. Тырнақтары баяу өскенде кейбір пациенттерге ұзақ емдеу қажет болуы мүмкін. Толық клиникалық жазылу көбінесе микологиялық зерттеулердің теріс нәтижелерінен бірнеше ай өткен соң байқалады, өйткені сау тырнақтардың өсуіне уақыт қажет. Қысқамерзімді емдеу және/немесе дәрілік препаратты жүйесіз пайдалану аурудың қайталануын туындатуы мүмкін. Қайта жұқтырудың алдын алу мақсатында (ішкиім, шұлық, аяқкиім және т.б. арқылы) Эрбинол препаратымен емдеу кезінде пациент жеке гигиена ережелерін мұқият сақтауы қажет. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Препаратты 6 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды. Ересек пациенттер арасында байқалғандардан гөрі жаңа, ерекше немесе ауыр реакциялардың пайда болуының дәлелі жоқ. Бүгінгі күні препаратты қолдану жөніндегі деректер балаларда шектеулі, сондықтан пациенттердің осы жас санатында оны қолдану ұсынылмайды. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерге препаратты дозалау режимін өзгерту қажет болатындығы немесе оларда жастау пациенттердегі осындайлардан өзгеше жағымсыз реакциялар байқалады деп шамалауға негіз жоқ. Осы жас тобында препаратты таблетка түрінде қолданған жағдайда бауыр немесе бүйрек функциясының бұзылу ықтималдығын ескеру керек Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауырдың жедел және созылмалы аурулары бар пациенттерде таблеткалар түріндегі тербинафинді қолдану ұсынылмайды. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде таблеткалар түріндегі тербинафинді қолдану тиісінше зерттелмеген, сондықтан пациенттердің осы тобына ұсынылмайды. Енгізу әдісі мен жолы Таблетканы көп мөлшердегі сумен іше отырып, тұтастай жұту керек; Эрбинолды күн сайын бір уақытта қабылдаған дұрыс. Тербинафиннің биожетімділігі тамақтануға байланысты емес, сондықтан Эрбинолды тамақтанар алдында да, одан кейін де қабылдауға болады. Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған жағдайда қабылданатын шаралар Егер Эрбинолдың кезекті дозасы өткізіп алынса, пациент оны есіне түсіргеннен кейін бірден, бірақ келесі дозаны қабылдағанға дейін 4 сағаттан кешіктірмей қабылдауы керек. Олай болмаған жағдайда, келесі дозаны қабылдауды күтіп, оны кесте бойынша қабылдау керек. Өткізіп алған қабылдаудың орнын толтыру үшін дозаны еселеп қабылдауға болмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.