+17 бонус

ЕРАДИКОМ 150 мг №1 капс

340 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Флуконазол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Protech Biopharma Pvt. Ltd.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында белсенді зат - 150.0 мг флуконазол қосымша заттар: лактоза моногидраты, крахмал, тазартылған тальк.  Капсула қабығының құрамы: титанның қостотығы (Е 171), желатин.
Қолданылуы
Ерадиком келесі зеңдік инфекцияларда қолданылады. Ерадиком ересектердегі келесі ауруларды емдеуге қолданылады: криптококктық менингит кокцидиоидомикоз инвазиялық кандидоз шырышты қабықтардың кандидозы, соның ішінде орофарингеальді кандидоз, өңеш кандидозы, кандидурия мен тері-шырышты қабықтың созылмалы кандидозы ауыз қуысының созылмалы атрофиялық кандидозы (тіс протездерін қолданумен байланысты), ауыз қуысының гигиенасын сақтау немесе жергілікті емдеу жеткіліксіз болғанда қынаптық кандидоз, жедел немесе қайталанған (жергілікті ем қолданылмайтын кезде) кандидоздық баланит (жергілікті ем қолданылмайтын кезде) дерматомикоздар, соның ішінде табан дерматофитиясы, дене дерматофитиясы, шап дерматофитиясы, түрлі-түсті теміреткі мен терінің кандидоздық инфекциялары (жүйелі емдеу көрсетілсе) тырнақтардың дерматофитиясында (онихомикозда) (басқа препараттармен емдеу қолайлы болмаса) Ерадиком ересектердегі келесі аурулардың профилактикасы үшін қолданылады: қайталанулар қаупі жоғары пациенттердегі криптококтық менингиттің қайталануларында АИТВ инфекциясы бар, қайталанулар қаупі жоғары пациенттердегі орофарингеальді кандидоз бен өңеш кандидозының қайталануларында қынаптық кандидоздың қайталануларының жиілігін (жылына 4 немесе одан көп көрінісі) азайту үшін ұзаққа созылған нейтропениясы бар пациенттердегі (мысалы, гематологиялық қатерлі жаңа түзілімдері бар, химиялық ем қабылдап жүрген пациенттерде, немесе, гемопоэздік дің жасушаларының трансплантациясы жүргізіліп жатқан пациенттер) кандидоздық инфекциялардың профилактикасы.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа, тектес азолдық қосылыстарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық, флуконазолды тәулігіне 400 мг және одан жоғары дозада бірнеше рет қолданған кезде бір мезгілде терфенадинді қабылдау, препаратты бірнеше рет қолданған кездегі дәрілер арасындағы өзара әрекеттесуді зерттеу нәтижелеріне сәйкес QT аралығын ұзартатын және Р - 450 CYP3A4 цитохромы арқылы метаболизденетін цизаприд, астемизол, пимозид, хинидин және эритромицин сияқты дәрілік препараттарды бір мезгілде қабылдау тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға 12 жасқа дейінгі балаларға
Дозасы
Дозасын таңдау зең инфекциясының типі мен ауырлығына байланысты жүзеге асырылады. Бірнеше реттік дозаларын қолдануды қажет ететін инфекциялардың түрлерін емдеуді, клиникалық көрсеткіштері немесе зертханалық тестілер  белсенді зеңдік инфекцияның толық жойылғанын көрсеткенше жалғастыру керек.      Емдеу курсының жеткіліксіздігі белсенді инфекцияның қайталануына алып келуі мүмкін. Ересектерде қолдану Криптококкоз: 1.Криптококтық менингитті емдеу: қанықтыратын дозасы алғашқы күні 400 мг, келесі дозасы – 6-дан 8 аптаға дейін тәулігіне бір рет 200 - 400 мг құрайды. Өмірге қауіп төндіретін инфекцияларды емдеген жағдайда тәуліктік дозасын 800 мг дейін арттыруға болады. 2. Қайталанулар қаупі жоғары пациенттердегі криптококтық менингиттің қайталануларын болдырмауға арналған демеуші ем: емдеуші дәрігер белгілеп берген уақыт бойына тәулігіне бір рет 200 мг. Кокцидиоидомикоз: пациенттің жағдайына байланысты 11 - 24 ай немесе одан да ұзағырақ уақыт бойы тәулігіне бір рет 200 - 400 мг. Кейбір, әсіресе ми қабықтарының зақымдануымен жүретін инфекциялар үшін тәулігіне 800 мг дозасы қарастырылуы мүмкін. Инвазиялық кандидоз: қанықтыратын дозасы алғашқы күні 800 мг, келесі дозасы – тәулігіне бір рет 400 мг құрайды. Кандидемияны емдеу ұзақтығына байланысты жалпы нұсқау - пациент қанында кандидемияның бар екендігіне алғашқы теріс нәтиже алынғаннан және кандидемия белгілері мен симптомдары  толық жойылғаннан кейін 2 апта. Шырышты қабықтың кандидозын емдеу: 1. Орофарингеальді кандидоз: қанықтыратын дозасы алғашқы күні 200–400 мг, келесі дозасы - 7 – 21 күн бойы (орофарингеальді кандидоздың ремиссиясына жеткенше) тәулігіне бір рет 100 - 200 мг құрайды. Иммундық жүйе функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде ұзағырақ емдеу кезеңін қолдануға болады. 2. Өңеш кандидозы: қанықтыратын дозасы алғашқы күні 200–400 мг, келесі дозасы - 14 - 30 күн бойы (өңеш кандидозының ремиссиясына жеткенше) тәулігіне бір рет 100 - 200 мг құрады. Иммундық жүйе функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде ұзағырақ емдеу кезеңін қолдануға болады. 3. Кандидурия: 7 - 21 күн бойы тәулігіне бір рет 200–400 мг. Иммундық жүйе функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде ұзағырақ емдеу кезеңін қолдануға болады. 4.Созылмалы атрофиялық кандидоз: 14 күн бойы тәулігіне бір рет 50 мг. 5.Тері - шырышты қабықтың созылмалы кандидозы: 28 күнге дейін тәулігіне бір рет 50–100 мг. Инфекцияның ауырлық дәрежесіне немесе иммундық функция бұзылуы мен инфекцияның қатарлас болуына байланысты ұзағырақ емдеу кезеңін пайдалануға болады. Қайталанулар қаупі жоғары, АИТВ инфекциясын жұқтырған пациенттерде шырышты қабық кандидозы қайталануларының профилактикасы Орофарингеальді кандидоз: созылмалы иммуносупрессиясы бар пациенттерде емдеуші дәрігер белгілеп берген уақыт бойына тәулігіне бір рет 100 –200 мг немесе аптасына 3 рет 200 мг. Өңеш кандидозы: созылмалы иммуносупрессиясы бар пациенттерде емдеуші дәрігер белгілеп берген уақыт бойына тәулігіне бір рет 100 –200 мг немесе аптасына 3 рет 200 мг. Гениталий кандидозы 1. Жедел қынаптық кандидоз: бір рет 150 мг. 2.Кандидоздық баланит: бір рет 150 мг. 3.Қынап кандидозының қайталануларын (жылына 4 немесе одан да көп көрініс беретін) емдеу және профилактикасы: әр үш күн сайын 150 мг - 3 дозасының жиынтығы (1 - ші, 4 - ші және 7 - ші күндері), содан соң демеуші дозасы 6 ай бойы аптасына бір рет 150 мг. Дерматомикоз 1.Табан дерматофитиясы, дене дерматофитиясы, шап дерматофитиясы, кандидоздар: аптасына бір рет 150 мг немесе 2–4 апта бойы күніне бір рет 50 мг, бірақ табан дерматофитиясын емдеу үшін 6 аптаға дейін созылатын ем қажет болуы мүмкін. 2.Түрлі-түсті теміреткі: 1-ден 3 аптаға дейін созылатын аптасына бір рет 300 – 400 мг немесе 2 - 4 апта бойына күніне бір рет 50 мг. 3.Тырнақтардың дерматофитиясы (онихомикоз): аптасына бір рет 150 мг. Емдеуді инфекциясы бар тырнақ жаңарғанша (инфекциясыз тырнақ өсіп шыққанша) жалғастыру керек. Қол мен аяқтың тырнақтарын қалпына келтіру үшін әдетте 3-тен 6 айға дейін және сәйкесінше 6-дан 12 айға дейін уақыт қажет болуы мүмкін. Дегенмен, өсу жылдамдығы жас шамасына байланысты және әртүрлі адамдарда айтарлықтай өзгешеліктері болуы мүмкін. Кей жағдайларда тырнақтың ұзаққа созылған созылмалы инфекциясын емдеу сәтті аяқталғаннан кейін тырнақтар деформацияланған күйі қалып қояды. Ұзаққа созылған нейтропениясы бар пациенттердегі кандидоздық инфекциялардың профилактикасы: 200–400 мг тәулігіне бір рет Емдеуді нейтропенияның туындауы күтілген күнге дейін бірнеше күн бұрын бастау және, нейтрофилдер саны 1000 мм3 жасушадан асқаннан кейін 7 күн бойы жалғастыру керек. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Дозасын бүйрек функциясының жағдайына қарай түзету керек («Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер» қосалқы бөлімін қараңыз).  Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер Флуконазол өзгермеген әсер етуші зат түрінде негізінен несеппен бірге шығады. Бір рет қабылдағанда дозасын өзгерту қажет емес. Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерге препаратты бірнеше рет қолданғанда 50 мг-ден 400 мг дейінгі бастапқы дозасын (көрсетіліміне сәйкес, ұсынылған тәуліктік дозасының негізінде) енгізу керек, содан кейін бастапқы жүктеме дозасынан соң қабылданатын тәуліктік дозасын (көрсетіліміне байланысты) келесі кестеге сәйкес белгілейді:

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.